Материалдар / Алтын күз

Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз байқауы арқылы оқушыларды құндылықтарға үйрету
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады





Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Арайлы алтын күз»атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!

Мақсаты: Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу:

Беркелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

Қош келдіңіздер көрермен,

«Күзгі балдың» кешіне

Отырыңыз қол соғып

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт – береке

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке.

« Алтын күзді» тойлаймыз.

Ендеше, бүгіңгі алтын күзге қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық.

«Белла Донна» тобы «Алтын күз» тобы «Тек қана қыздар» тобы

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқасымен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңа

Бүгіңгі сайысымыздың сарапшылары:

Мектебіміздің директоры: Қуатбаева Жаннат Бүркітбайқызы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Жұмашбаева Маншүк Абсалыққызы

Кәсіподақ төрайымы: Сақтағанова Бибігүл Әділханқызы

Мектеп мұғалімі: Макашова Жаннат Жәукенқызы



Табылсыншы ақыл, білім ұл мен қыздан

Өнерімен, білімімен аты озған

Әдеп ғұрпын жоғалтпай ауылымыздың

  1. «Ұл мен қызы» деген атқа ие болған деп сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін.

Әділқазылар бағасын білейік

«Алтын домбыра» дәстүрлі әншілер ансамблі

Жетекшісі: Еркінбаева Гүлсінай

2 .Шығады деп дарынды

Халық айтса, қалып айтпас

Әрқашанда нанымды.

Сол шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық

Тілекші боп көңілден

Бұл бөліміміз « Өнер сайысы» деп аталады

Сайыскерлерімізді өнерлерімен қарсы алайық.

Әділқазылардың бағасын білейік

«Балауса» би тобы Робот биімен қарсы алыңыздар

3. Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп

Ақыл ойға кел дейді

Білім- ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге

Қол соғамыз бәріміз!

Бұл бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады

  1. Сольфеджиода неше аккорд бар. ( 3 аккорд)

  2. Күз мезгілі туралы бір шумақ өлең.

  3. Домбырада неше перне бар?

  4. Нота ұзақтығын атап айту

  5. Күз мезгілін сипаттап беру.

  6. Күзде пісетін бес жеміс жидек

  7. Қандай күйшілерді білесің?

  8. Альтерация белгілері қандай?

  9. Күз туралы мақал мәтел.

  10. Домбыра құрылысы неше бөліктен тұрады?

Сұрақтарға жауап бересіздер

Әділқазылар бағасын білейік

Қуанышкерей Жандос «Крылатые качели»

4. Келесі сайысымыз әр топ « Күзгі көрініс» яғни күздік бейнеклип

Әр топ өзінің бейнеклипімен таныстырады.

Әр топтың бағасын білейік

5. Берілген заттардан күзге қатысты бір күздік күзгі қолөнер жасап шығару . Уақыт беріледі



Әділқазылар бағасын білейік

«Хеу уо» әнімен Келдіханова Аяулы

Қымбатты көрермендер!

Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешіміз













Маңғыстау аудандық Балалар өнер мектебі













«Берекелі алтын күз»

( тәрбие сағаты)









Ұйымдастырушылар: Еркінбаева Г

Саймова А

Омарова А

Келдіханова А

Бекмурзина Ә





2023 ж

20 Қаңтар 2025
128
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі