400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
5-11 сынып оқушыларына арналған Алтын күз мерекесіне сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сценарий: «Алтын күз мерекесі»

Кіріспе (5 минут)

(Әуезді күз туралы ән ойнап тұрады. Сахна күзгі жапырақтар, жемістер, дәндермен безендірілген. Оқушылар қолдарына себет ұстап кіріп шығады.)

Жүргізуші 1:

Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін біз алтын түстес жапырақтары төгілген, береке мен молшылық сыйлаған Алтын күз мерекесіне жиналып отырмыз!

Жүргізуші 2:

Күз – табиғаттың ең көркем мезгілі. Жеміс-жидек пісіп, қоймалар толығып, дала сары жапыраққа көмкерілген шақ.

Ендеше, «Алтын күз» мерекемізді бастайық!

(Сахнаға әсем киінген «Алтын күз ханшайымы» келеді.)

Алтын күз:

Сәлем, балалар! Мен сендерге молшылық, береке, шаттық алып келдім. Бүгін өнерлеріңді тамашалап, сайыстарыңа төрелік етуге келдім.

Ендеше қазылар алқасымен таныс болайық:

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-бөлім. «Поэзия кеші» (15 минут)

Жүргізуші 2:

Ендігі кезекте күз тақырыбында өлең оқу. Өлең оқитын оқушыларды ортаға шақырамыз.

(Әр сынып: өлең оқиды. Қазылар ұпай қояды.)



2-бөлім. «Күзгі жұмбақтар» (10 минут)

Жүргізуші 2:

Енді балалардың тапқырлығы мен жылдамдығын сынап көрейік. Ол үшін жұмбақ шешеміз.

Жұмбақтар:

1. Барлығына бақтың,Сары бояу жақтым.(Күз)

2.Тәтті дәмі тіл үйірер, Қызыл, сары, жасыл түрлер. (Алма)

1.Дөңгеленген жас бала, Іші толған сары дән. (Қарбыз/қауын)

2.Жалаңаштанып білегі, Жадауланып тұр өңі.Қауырсыны бұрқырап, Сары ала қаздай түледі.(Күзгі ағаш)

1. Тіл үйірген дәмі бар,
Сары алтын түс — сәні бар.
Шақсаң егер кептіріп,
Сүйегінің дәні бар,
Баққа тұрар сән беріп,
Алқа етіп тізіп ал. (Өрік)

2. Жерге тырс-тырс тамады, сайға қарай ағады, шешуін кім табады? (Жаңбыр)

  • 1. Сырнайынан төгіп жыр, Күнге сәлем беріп тұр. (Күнбағыс)

  • 2. Түбі толған құмалақ. (Картоп)

  • 1. Сары болып төгілді, Күзгі баққа сән кірді. (Жапырақ)

  • 2. Үстіне тігіп көк шатыр,
    Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша)

  • 1. Аласа тал,
    Тамаша тал.
    Самсап тұр алмасы,
    Ол – ал қызыл,
    Ол – қан қызыл.
    Боялғанша, алмашы! (Қызанақ)

  • 2. Көлді жердің
    Үкілі аруы.
    Өткір желдің,
    Саз тартар қаруы. (Қамыс)





3-бөлім. «Күзгі сән көрсетілімі» (15 минут)

Жүргізуші 1:

Алғашқы сайысымыз – «Күзгі сән үлгісі». Әр сынып табиғи материалдардан дайындалған ерекше киім үлгісін көрсетіп, қысқаша таныстырады.

(Музыка қойылып, оқушылар сән көрсетеді. Қазылар алқасы бағалайды.)

4-бөлім. «Дәмінен тап» (10 минут)

Жүргізуші 1:

Бір оқушының көзін байлап, қолына жеміс ұстату. Ол сипап немесе иіскеп, дәмін татып қандай жеміс екенін табуы тиіс.

Ал енді барлығымызды орнымыздан тұрғызып, көңілді жарыстарға шақырамыз!

5-бөлім. «Күзгі көрме» (10 минут)

Жүргізуші 1:

Әрбір сынып күзгі өнімдерден жасаған көрмелерін таныстырады.

6-бөлім. «Күзгі дастархан» (10 минут)

Жүргізуші 1:

Әрбір сынып күзгі дастарханын дайындап әкелді. Қане, өз дастархандарыңызды таныстырыңыздар!

Қорытынды (5 минут)

Алтын күз ханшайымы:

Балалар, өнерлеріңді көріп қуандым. Әрқайсысың алтын жапырақтай жарқырап тұрсыңдар. Сендерге тек молшылық, табыс, білім мен бақыт тілеймін! (Марапаттайды)

Жүргізуші 2:

Мерекеге қатысқан барлық сыныпқа, ұстаздарға алғыс айтамыз.

Жүргізуші 1:

Осымен «Алтын күз» мерекеміз аяқталды. Көңілдеріңіз күзгі алтын күндей шуақты болсын!



1. Барлығына бақтың, Сары бояу жақтым.

2.Тәтті дәмі тіл үйірер, Қызыл, сары, жасыл түрлер.



1.Дөңгеленген жас бала, Іші толған сары дән.

2.Жалаңаштанып білегі, жадауланып тұр өңі. Қауырсыны бұрқырап, сары ала қаздай түледі.



1. Тіл үйірген дәмі бар,
Сары алтын түс — сәні бар.
Шақсаң егер кептіріп,
Сүйегінің дәні бар,
Баққа тұрар сән беріп,
Алқа етіп тізіп ал.

2. Жерге тырс-тырс тамады, сайға қарай ағады, шешуін кім табады?

  • 1. Сырнайынан төгіп жыр, Күнге сәлем беріп тұр.

  • 2. Түбі толған құмалақ.


1. Сары болып төгілді, Күзгі баққа сән кірді.

  • 2. Үстіне тігіп көк шатыр,
    Астында қызғылт дәу жатыр.





  • 1. Аласа тал, Тамаша тал.
    Самсап тұр алмасы,
    Ол – ал қызыл,
    Ол – қан қызыл.
    Боялғанша, алмашы!

  • 2. Көлді жердің,
    Үкілі аруы.
    Өткір желдің,
    Саз тартар қаруы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2025
47
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі