Алтын күз
2024
Мақсаты
: Күз мезгілінің
өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән
салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Зал мерекеге сай
безендірілген .Әдемі ән ойналып тұрады
. Бүлдіршіндер, тәрбиешімен бірге кіріп
орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында
жапырақтар.
Жүргізуші:
Қарсы алайык бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп
Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар және «
Күншуақ» тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі
ең тамаша «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер. Ел байлығын арттырған, сары алтындай сары
күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады .
Ендеше
« Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Алтын күз ,жаңбырлы күз,
Жомарт күз,суығына шыдайтын,
Сұлулығына көз тоймайтын ,
Алтын күздің тойында.
Балалар хормен
:
Шаршауды білмейміз
Көңілді би билейміз
Әсем сазды ән салып
Би билеуге дайынбыз
Жүргізуші
:
Қызыл жасыл,сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ән салайык ,би билейік
Күз әніне қосыла – деп сіздердің
құрметтеріңізге
«Күз,күз» әнін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші:
Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумактарына кезек
береміз.
Әлімхан:
Күздің казан айында
Алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр,сыбдыр түседі
Аяжан
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Жүргізуші : Балалар мен
сендерге жұмбак жасырғым келіп тұр , сендер бұл жұмбақтың
шешуін тапсаңдар біздің көптен күткен қонағымыз келеді.
Ендеше сендер дайынсыңдар ма?
Балалар:
Әрине
дайынбыз.
Жүргізуші:
Көк майсалы
көрікті
Алқап тола көп
егін
Бұл күндері
киіпті
Сары жібек
көйлегін (Күз
)
Жапқандай жапырағымен
айналаны
Қуантып байлығымен халқымды
Бір
қуантып қайту үшін біздерді
Сабырлы ,сары алтын күз келді.
Балалар
хормен: Біз сізді күтудеміз
алтын куз
Күз ханшайымы келеді
.
Сәлеметсіңдерме балалар,
сендер бүгін қандай әдемі болып
кеткенсіңдер.
Мен сендердің өнерлеріңді
тамашалауға келдім.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе күз
ханшайымы келіңіз, төрлетіңіз біздің өнерлі балаларымыздың
өнерлерін тамашалаңыз.
Ал балалар өнерімізді
көрсетуге дайынбыз ба ?
Күз ханшайымы
: Рахмет
балалар
Қандай тамаша ән
балалар сендерге ұнады ма ?
Балалар : Ұнады керемет
ән.
Ойын ата-аналармен
«Дәмін
ажырат»
Жүргізуші
:
Ән салыңдар
күліңдер
Жайнап гүлдей
жүріңдер
Күздің тойын
тойлайық
Би билейік
ойнайык-деп Айжан мен Еркеназ қыздарымыздың
« Алтын күз» әні мен биші қыздарымыздың «күз»
биін қарсы алыныздар.
Бейбарыс –
Бибінұр
Ақтөре
Аяжан
Абу –
Фатима
Самирхан –
Айлин
Адина
-Шәкір
Жансұлу -
Айдай
Жургізуші: Қызыға біз
қараймыз
Бүлдіршіндерге
бүгінгі
Көрейікші
көрермендер
«Жұп» биін тамашалап-деп «
Жұп» биіне кезек береміз
Жүргізуші: Ал
балалар тұрмайық
Би билейік
бәріміз
Алтын күзде
бүгінгі
Шырқап әнге салайық-деп
«Балабақша» әнін тыңдаңыздар.
Күз ханшайымы: Балалар
мен сендердің өнерлеріне риза болдым, қош сау
болыңдар .
Қорытынды: Құрметті ата-аналар ,ұстаздар.
Берекелі мерекелі жомарт күздің
сыйлаған сыйы,әрбір отбасының
ақ дастарханынан арылмасын еліміз аман
заманымыз тыныш болсын.
Бүгінгі « Алтын күз» ертеңгілігімізді көңіл қойып
тыңдағандарыңызға, алтын уақыттарынызды бөліп
келгендеріңізге
көп –көп рахмет. Қош сау
болыңыздар.

«Нұр – Зере» бөбекжай
балабақшасы
Алтын күз –
2024
Тобы
: Мектепалды
«Күншуақ»
Тәрбиеші
: Әлиакпарова
Шахноза
2024 оқу
жылы





