жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтын күз ертеңгілігі " Алтын күз" № 12 " Нұр бөбек" ортаңғы тобы
«Алтын күзде молшылық»
(ертеңгілігі)
Жаксылыкова К.С
Даутбаева А.А
Музыка жетекшісі:
Калиева А.У
Хореография жетекшісі:
Авдеева М.Ю
Күз ханшайымы: Наурызбаева Н.С
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшіліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой – қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата – аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Барысы: Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
1-жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз
Жасымыз бен кәріміз
Қырдан кетіп қыдырып
Алтын күзде нұр төгіп.
2-жүргізуші: Балалар, қараңдаршы айналамыз әдемі екен. Қазір жылдың қай мезгілі, айтыңдаршы? Сендермен біз қандай мерекені тойлауға келді?
Балалардың жауаптары.
Ендеше ертеңгілігімізді көңілді әннен бастайық.
Ән: «Алтын күзде молшылық»
1-жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көңілді әңімізді айттық, енді күз мезгіліне арнап тақпақтарымызды айтайық.
Балалардың тақпақтары:
Амина: Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз!
Мадияр: Қуандырып біздерді,
Кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді
Кемелденсің халқымыз!
Малика: Әң салыңдар, күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайық!
Айбар: Жемісті мол беретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Ұлан: Қарашы күз келді, күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді.
Нұрислам: Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Амирлан: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
2-жүргізуші: Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?
(ортаға Күз ханшайымы кіреді)
Күз
ханшайымы: Сәлем менің
достарым,
Өмірге көп
қосқаным,
Күз сыйлығын
алыңдар
Сыйлығына
қаныңдар.
Молшылыққа
кенеліп,
Шаттық әнге
салыңдар.
1-жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
3. Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.(Бидай)
4. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Менің жұмбақтарымның шешімін таптыңдар!
2-жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың сізге арнаған тақпақтар бар екен, тыңдайық.
Балалардың тақпақтары:
Анара: Берекелі, мерекелі
Келді жомарт алтын күз.
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын жарқын күз.
Нұрсұлтан: Жатыр дала жалтылдап
Жаз шуағы мол құйды
Күн астында алтын дән
Тербеледі толқиды.
Дархан: Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан
Қаздар қайтып барады
Қайтқан елдей жайлаудан.
Тамерлан: Алып келді мереке
Астық жеміс береке
Батырлыққа жараса
Көбейді той тамаша.
Асылжан: Тырна көкте тыраулап
Қош, қош айтып кеттім деп
Шөптің басын қыраулап
Күзде келді жеттім деп.
Алим: Сау, сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атырап
Көкте құстар тізілді.
Алинур:
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр
ойнап.
Күз
ханшайымы: рахмет
балалар!
1-жүргізуші: Ендігі кезекте сұлу қыздарымыздың биін тамашалйық.
Би: «Күзгі жапырақ» қыздардың орындауында
1-жүргізуші: Балалардың орындауында «Күз мезгілі тамаша» әні
- Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.
Күз ханшайымы: Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік.
Ол ойын «Бүрілер мен алмаларды себетке жинап ал!?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша: Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Ұлдар бір себетке жаңғақтарды жинайды, ал қыздар екінші себетке алмаларды жинайды. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Алмалар мен жаңғақтарды дұрыс жинадыңдар.
2-жүргізуші: Ендігі кезекте балалардың әнін тамашалайық.
Ән: «Күз»
2-жүргізуші: Мен мына отырған жемістер мен дақылдарды көріп отырмын. Олардың да Күз ханшайыма дайындаған тақпақтары бар екен.
Ортаға жемістер мен дақылдар шығады.
Балалардың тақпақтары:
Айзере: Мен өріктен ірімін
Алма, алмұртқа інімін
Тәттілердің бірімін
Дастарханның гүлімін
Сусынымды қандырар
Салқын самал шырынмын.
Темерлан: «Апорт» деген алма бар
Жер жаратын атағы
Ондай алма қайда бар
Алматы оның Отаны.
Аруна: Мен моншақты шиемін,
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағына сүйегім.
Айқын: Нан атасы – бидаймын
Елге астық сйлаймын
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.
Сезім: Ақ қарамын, сарымын
Мен өнімді тарымын
Халқым еңбек сіңірсе
Қайтарамын қарымын
Аңсар: Мен сұлымын, ұланның
Тұлпарына ұнадым
Бастаған әр диқанға
Басымды иіп тұрамын.
Алдияр: Күміс мұртты арпамын
Ырыс құтты арпамын
Еңбек етіп бастаған
Еліме сый тартамын.
Таир: Күнді сүйген күрішпін
Күлі жұртқа ырыспын
Алсын деп ел мол өнім
Ала жаздай су іштім.
Қимылды ойын: «Кім шапшаң?» ата –аналармен ойын
1-жүргізуші: Ендігі кезегімізді әнге берейік.
Жеңіс Айзеренің орындауында «Жау – жау жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар!
Би: «Көңілді бақалар» ұлдардың орындауында.
2-жүргізуші: Балалар мен қонақтар біздің осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп, тамашалағаңдарыңыз үшін рахмет! Күз мерекесі құтты болсың! Отбасылырыңызға молшылық, бақыт, береке тілейміз! Сау болыңыздар!!!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген