жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтын күз ертеңгілігі ортаңғы топ
Алтын күз
Мақсаты: 1. Алтын күз мерекесін өткізу.
2.Күз туралы түсінігін кеңейту.
3.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жапырақ, жемістер мен көкеністер, шар, пішіндер
Кейіпкерлер: Күз ханшайымы, Жел, Жаңбыр.
Жүргізу барысы: Балалар музыка әуенімен қолдарына жапырақ ұстап, жоғары көтеріп шығады. Залдың іші әсем безендірілген. Орындарына отырмас бұрын, ортаға келіп әртүрлі қимылдар жасайды.
1-жүргізуші: Армысыздар ата-аналармен, қадірлі қонақтар, бүлдіршіндер. Бүгін «Балапан» орта тобының берекелі де ырысты «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: Келді міне алтын күз
Сары шашты жарқын жүз
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Осы кезде музыка әуенімен Алтын күз ханшайымы кіреді
Алтын күз: Балалар, мені танисыңдар ма?
Балалар. Жоқ
Алтын күз: Танымасаңдар, мен сендерге өзім туралы бір жұмбақ жасырайын: Өрік, алма, шие, алша, жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз, дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп, қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күзде!
Алтын күз: Дұрыс айтасыңдар. Мен – Алтын күзбін. Бүгін сендерге неше түрлі жұмбақтармен, сиқырларымды көрсетемін.
1-жүргізуші: Алтын күз біздің ертеңгілігімізге қош келдің. Ортаға Айбек пен
С Аяла шақырайық
Айбек
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Күзгі тойда жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.
Аяла С
Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Гаухар
Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шарықтап
Тамшы жерге секірді.
Алтын күз: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақ:
Көзге көрінбейді, қолға ілінбейді.
Кейде сипап өтер, кейде ұйпап кетер. Бұл не?
Балалар: Жел
Алтын күз: Дұрыс айтасыңдар. Енді желді қонаққа шақыру үшін, мынау әдемі қорабшаға үрлейік, (деп, балаларға үрлеткізеді де қорабшаны ашады.)
Музыка ырғағымен залға Жел «ұшып» кіреді.
Алтын күз: Көрдіңдер ме, балалар, Жел ұшып келді. Сәлеметсің бе, Жел.
Жел: Сәлеметсіңдер ме! балалар, Алтын күз және келген қонақтар. Мені шақырдың дар ма? Қандай көмегім қажет?
2-жүргізуші: Жел біздің ертеңгілігімізге қош келдің.
Алтын күз: Жел, қарағым, маған сенің көмегің қажет. Балаларға күзгі жұмбақ жасырып, балалардың көңілін көтере аласың ба?
Жел: Әрине көмектесемін. Олай болса балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Жұмбағымды тындаңдар, балалар:
Көтеріліп теңізден, аспанға биік барады.
Биіктен қайта түскенде, өңі кірер даланың. Бұл не?
Балалар: Жаңбыр!
Жел: Дұрыс айтасыңдар, балалар, жаңбыр.
Залға музыка әуенімен Жаңбыр билеп кіреді.
Жаңбыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Жаңбыр: Қанеки,балалар, айтыңдаршы, жаңбыр жауған соң күзде не піседі?
Балалар: жауап береді.
1-жүргізуші: Жаңбыр бүгінгі біздің ертеңгілігімізге келгеніңе өте қуаныштымыз. Ортамызға қош келдің. Енді біздің бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашала.
2-жүргізуші: Біздің бүлдіршіндеріміздің келген қонақтарымызға және ата-аналарымызға, барлық көрермендерімізге арнаған өлеңдері бар. «Күз жомарт» әнін қабыл алыңыздар.
Күз жомарт
1. Тоңазып атырап ,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі .
Қайырмасы:
Күз жомарт дейміз біз,
Жемісін жейміз біз.
2 .Үстінде егін жай,
Салқын жел соғады,
Гүл шөбі белдің сай
Қуарып солады.
1-жүргізуші: Күзде өздері пісетін, асымызға түсетін мақтанбақшы сіздерге, көкөністер мен жемістер.
2-жүргізуші: Олай болса ортаға Айзере А, Алдияр, Бегайым, Әлиді шақырайық.
Айзере А:
(сәбіз) Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Алдияр:
(жүзім) Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Бегайым:
(қызанақ) Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімін
Барма адам сүйсінбей,
Ішпеген томат шырынын?
Абзал:
(өрік) Мен өрікпін,өрікпін
Бау бақшаға көрікпін.
Әли:
(қияр) Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
Жел: Балалар біз сендермен бір ойын ойнайық деп тұрмыз. Ойнаймыз ба?
Балалар: Ия
Жаңбыр: Ойынның аты: «Жапырақ жинау» деп аталады.
Ойынның мақсаты: балаларды жылдамдыққа, ептілікке баулу.
Ойын шарты: екі топтан бір-бір бала шығады. Жерде шашылып жатқан жапырақтарды мына екі жерде тұрған себетке жинаймыз. Кім көп жапырақ жинаса сол жеңіске жетеді.
Жел: Өте жақсы балалар. Сендер ойынды керемет ойнайды екенсіңдер. Рахмет.
Жаңбыр: Қарсы болмасаңыздар менің билегім келіп тұр.
1-жүргізуші: Ой, Жаңбыр несіне қарсы болайық. Біздің кішкентай ұлдарымыздың дәл осы ертеңгілігімізге арналған «Саңырауқұлақтар» деген биі бар. Ұлдарымызбен бірге билесеңіз болады.
Жаңбыр: Оооо! Қандай керемет!
2-жүргізуші: Ортаға Алинұр, Алдияр, Ретжан, Абзал, Мадияр, Бектөре, Айсұлтан, Ерен, Мұхаммеддті шақырайық
Би: «Саңырауқұлақ»
-
Ұлдар ортаға шығып, екі қатарда бірінің артында бірі тізелерін құшақтап отырады.
-
Бастарын екі жаққа кезек-кезек бұлғаңдатады.
-
Аяқтары мен қолдарын жандарына керіп, қайта жинайды.
-
Төрт аятап алдыға келіп, тізерлеп тұрып қолдарын шапалақтайды және төрт аяқтап артқа жүреді.
-
Шеңбермен жүру.
-
Қолдары белде, алдыға келіп қолдарын шапалақтайды.
-
Бір-біріне қарама-қарсы жүреді.
-
Бір-біріне теріс қарап, арқаларын тигізіп отырады, бастарын кезек-кезек екі жаққа бұрады.
-
Төрт аяқтап бір-біріне және артқа жүреді.
-
Шеңбермен айналып жүреді. Екі қатарға тұрып қолдарын шапалақтайды да бастарын келіп иеді.
Жел мен жаңбыр: Балалар! Сендер өте қонақжай, білімді балалар екенсіңдер. Біз енді қайтайық. Қош сау болыңдар.
Балалар: Сау болыңыздар.
Алтын күз: Өте жақсы балалар,енді мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін. Мен сендерге әртүрлі пішіндер көрсетемін, сендер ол қандай пішін және түсі қандай екенін айтып бересіңдер. Түсінікті ме!
Балалар: жауап береді.
Алтын күз: Жарайсыңдар балалар,мен сендерге таң қалып тұрмын. Сендер бәрін білесіңдер екен.
1-жүргізуші: Ал ары қарай басқада балалардың өнерін тамашалайық. Ортаға: Айзере Ә, Алинұр, Ақбаян, Ретжан, Айбынды шақырайық.
Айзере Ә
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жауады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Алинұр:
(алмұрт) Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттын.
Ретжан:
(қарбыз) Теңбіл,теңбіл қарбызды,
Тентек Серік жарғызды.
Ақбаян:
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Айбын:
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді.
2-жүргізуші: Келесі кезекте бүлдіршіндеріміздің әнін қабыл алыңыздар
Ән: «Куз келгенде»
1.Күз келіпті көңілсіз
Десекте, десекте
Күздің берер жемісін
Есепте, есепте.
Қайырмасы:
Түрлі түсті бояуын,
Жер бетіне кестелеп.
Күз келгенде егінші
Егін жинар дестелеп.
2.Күз келіпті көңілсіз
Десекте, десекте
Бай –бақшаның пісерін
Есепте, есепте.
Қайырмасы:
2- рет
Түрлі түсті бояуын,
Жер бетіне кестелеп.
Күз келгенде егінші
Егін жинар дестелеп.
1-жүргізуші: ортаға Аяла Ж, Өмірлі, Құлпынай, Мадиярды шақырамыз.
Мадияр:
Жеміс-жидек пісті
Қамбаға астық түсті.
Аяла Ж: (көк алма)
Мен алмамын,алмамын
Көк пен қызыл түсім бар,
Мендей тәтті жемісті
Кім біледі, айтыңдар?
Өмірлі: (бұршақ)
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдармен,мен
Сый жасаймын бәріне.
Құлпынай:
Алтын сары,қызыл көк...
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлім деп,
Көз тартады атырап.
Алтын күз: Балалар! Сендер қарсы болмасаңдар мен сендердің ата-аналарыңмен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ортаға екі ата-ана шықсын.
Ойын шартты:Екі ата-ананы ортаға шығарып бір-бір шардан беріп,оларды үрлей жапырақтың суретін салу,бояу бір минут уақытта.
2-жүргізуші: келесі кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына берейік. Ортаға Айша, Ақкербез, Бектөре, Мұхаммед шыға қойыңдар.
Айша: (құлпынай)
Тамылжыған құлпынай,
Тәтті екен ау шіркін ай.
Жасайын деп ,бал шырын
Қабығынан аршыдым
Бектөре: (қызылша)
Қызылша деген атым бар,
Қант берер затым бар.
Адам қанын көбейтем
Ал сендер,соны біліңдер.
Мұхаммед:
Қамба толы астыққа,
Алғыс саған алтын күз!
Бір уыс дән шаштымда,
Қап-қап қауын алдық біз.
Ақкербез: ( шие)
Мен шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Басымды мен иемін.
Алтын күз: Балалар сендер өте тапқыр, білімді екенсіңдер. Ал енді мен мына отырған кішкентай қыздарымызбен билегім келіп тұр.
1-жүргізуші: Өте жақсы Алтын күз. Ортаға: Ақбаян, Бегайым, Құлпынай, Айша, Інжу, Айзере А, Гаухар шақырайық.
Би: «Қолшатыр»
-
Балалар бір қатарда тұрып, қолшатырларын жоғары ұстап тұрып айналдырады.
-
Алдыға шығады. Аяқтарын қозғалтып, қолшатырларын екі жақ қолдарына кезек-кезек айырбастайды.
-
Шеңбер бойымен жүгіріп келіп, сол шеңберде тұрады.
-
Бір орнында тұрып секіреді
-
Шеңбермен айналып келіп бір қатарға келіп тұрады. Зонтитарын екі жақ жандарына кезек-кезек апарады.
-
Осы қимылдарды тағы бір қайталайды.
-
Ортаға келіп бастарын иеді.
2-жүргізуші: Маржан, Інжу, Айсұлтан, Ерен, Нұрисламды ортаға шақырайық.
Маржан
Ой,алақай,тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтын іші алаша,
Аунар ма едім жатып ап!
Нұрислам:
Берекелі, мерекелі
Келді жомарт Алтын күз.
Қалада да, далада да,
Жаннның бәрі жарқын күз.
Інжу:
Сап-сары маңай,
Сап-сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Ерен:
Жеміс мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Айсұлтан:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Алтын күз: Керемет!Қандай тамаша!Балалар менің басқа да,бүлдіршіндерге баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін,сау болып тұрындар балалар! Келесі кездескенше!
Балалар: Сау бол Алтын күз!
1-жүргізуші: Келесі кезекте бүлдіршіндеріміздің биімен әрленген сахналық қойылымын тамашалаңыздар.
Көрініс: Нұрислам, Әли, Айбек, Айбын, Өмірлі, Айзере Ә, Маржан, Аяла С, Аяла Ж, Ақкербез.
Балалар қолдарына жастықтары мен астыларына кішкене көрпешелерін алып келеді. Екі жаққа қарама-қарсы жатады. Өасына тәрбиеші апайлары кеіп, балаларды ұйықтатуға тырысады. Балалар әр нәрсені бір айтып жатады. Тәрбиеші тыныштандырын ұйықтады. Баю-бай музыкасы қосылады. Балалар өтірік ұйықтағандай болады. Осы кезде тәрбиеші «ой қандай керемет! Балалар ұйықтады. Ендеше мен бағана бастықтар бір документ сұрап еді, соны барып ыңғайлай қояйыншы»,-деп шығып кетеді. Осы кезде балалар орнынан тұрып урааа апай шығып кетті деп мәз болады. Осы кезде музыка қосылып, балалар орындарынан тұрып билей жөнеледі. Балалар арқаларымен жатып аяқтарын жоғары-төмен көтереді. Ортаға келіп әртүрлі қимыл жасап билейді. Қайтадан баю-бай музыкасы қосылады. Балалар үндемей барып орындарына жата қалады. Сәлден уақыттын кейін келген тәрбиеші балалардың ұйықтап жатқанын көріп, балаларға сүйсініп қарап тұрады. Біраздан кейін балаларды оятады. Осымен көрініс аяқталады.
2-жүргізуші: Бүгінгі «Алтын күзге» арналған «Балапан» орта тобының мерекелік ертеңгілігі осымен аяқталды. Сіздерге күздей молшылық, Алтындай денсаулық тілейміз. Ендігі құттықтау сөз кезегі мектеп әкімшілігіне және ата-аналар комитетіне беріледі.
«Алтын күз»
«Балапан» орта тобы
Тәрбиешілер: Кужкаева Г О
2018-2019 оқу жылы
Қарабұлақ ауылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген