жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтын күз ертеңгілік
«Алтын күз» .
Топ мерекеге сай безендірілген . Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп,орындықтарға жайғасады.
Балалардың қолдарында жапырақтар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,балалар! Бүгінгі «Күншуақ» тобының балалары дайындаған «Алтын күз, әсем айналам,
Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар халайық!
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық!
Тәрбиеші: -Қараңдаршы, бүгін біздің балабақшамыз қандай әдемі болып кеткен
-қолымызға не үстап келдік?
-Жапырақтар
-Осы жапырақтардың түсі қандай?
-Сары
- Неге жапырақтың түсі сары?
-Себебі күз мезгілі, жапырақтар сарғаятын уақыт.
- Күз мезгілінде болатын тағы қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?
- Күн суытады, жапырақтар сарғайып, жерге түседі, суыққа төзбейтін құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жауын жауады, жеміс-жидек, көкеністер піседі.
-Дұрыс айтасыңдар балалар.
Тәрбиеші: «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілерінің орындауындағы «Кап Кап» әнін қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Балалар барлығымыз күз мерекесін тойлап жатырмыз. Қонақтарымызда келіп отыр. Қараңдаршы біздің мерекемізде кім жетіспи тұр?
- Күз.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Ендеше балалар барлығымыз Күз ханшайымын шақырайық.
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы:-Сәлеметсіздер ме ,балалар!
Балалар:-Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:-Уа,халайық, дархан далам армысың
Табиғатым жаны жайсан тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр
Алмақ болып бар халқымның алғысын
-Мен Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар мен сендердің өнерлеріңді көргім келеді.
Тәрбиеші: -Әрине,қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар күз туралы өлең,тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып,балалардың өнерін тамашалаңыз.
Балалардың тақпақтары.
Би: «Қолшаты».
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: -Иә,балалардың бәрі өнерлі екен.
Тәрбиеші: Кане,балалар,осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.Ол ойын « Кім жылдам» деп аталады.Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды,ал қыздар жемістер жинайды
(Ойын: Кім жылдам? )
Тәрбиеші:-Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар,балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар.
Күз ханшайымы: Рахмет балалар!Өнершіл-өрендерім!.Сендерге денсаулық.шаттық және байлық тілеймін.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы саған мың алғыс! Тілегіңе рахмет! Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз
Күз ханшайымы: Берекелі бақ даулет
Артта түссін тойланып
Сау болыңдар ,балалар
Келгенше жыл айланып
(Әуен ойналады.Күз ханшайымы қоштасып кетеді)
Тәрбиеші: Қош бол күз ханшайымы. Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға,көкөністерге,жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Міне балалар осымен «жомарт күз» атты ертеңілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймыз,әр отбасыларыңызға бақыт,береке тілейміз.
Құрметті қонақтар бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып,
Сау болыңдар қонақтар, келгенше күз айналып.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген