400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын күз" Жас ұлан ұйымы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепішілік "Алтын күз" мерекесі. Жоғары сыныптар үшін жұптық сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Күз – мерекем, күз-берекем»

жұптық сайыс

Мақсаты: 1. «Аяулы күз, Алтын күз» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау. 2. Күз туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. 3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер:

Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

 Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.


І  жүргізуші 

Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз

Мол өнімді ісімен

Таңнандырып халқын күз

Армысыздар ағайын!

Сәлеметсіздер ме, қадірлі балалар!

Бүгінгі 5-9 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Күз – мерекем, күз-берекем» атты жұптық сайысқа, мол ырысты алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер!

Сахна төріне сайысқа қатысқалы тұрған өнерлі де тапқыр, шебер де ойы ұшқыр талантты да өз сыныптастарының ортасынан суырылып шыққан, өздеріне сенімді жұптарымызды қошеметпен ортамызға шақырамыз.

1.Жайлыбаев Бекзат пен Иманбаева Ақжүніс

2. Амангелді Әділет пен Жұбанова Жамал

3.Қаратаев Әділет пен Құланбаева Дилназ

4 Бөлекбаев Жандарбек пен Жақып Айшат

5 Кенжеғали Темірлан пен Касьянова Айнұр

6.Хасенов Рамазан мен Тюлеубаева Зарина
Сайыс шарттары:

1. Таныстыру

2.Көңілді күз ( өз өнерлерін көрсету)

3. «Салаттар әлемі» (ер балалар жасайды)

4. Күзгі сән үлгісі (қолдан жасалған киім үлгісі)

5 «Күзгі табиғат» (постер қорғау)

6. Кім жылдам? (жапырақты қию)

7. Марапаттау.


Жүргізуші:

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз ханзадалар.


Жүргізуші:

Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім. 

І этап

«Кел, танысайық!»

Жүргізуші:

Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. 
«Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер екен.


ІІ этап

«Көңілді күз»

Жүргізуші:

Сайысымыздың екінші кезегінде Көңілді күз» ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыз

өз өнерлерін көрсетеді. «Көңілді күз» бөліміне бағасын берсеңіздер.



ІІІ этап

«Салаттар әлемі»


Жүргізуші:


Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік күзгі сыйды жасапты,

Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп

«Салаттар әлемі» бөлімінде ханзадаларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша түрлі салаттар немесе көкөністерден, жемістерден әрлендіру жұмыстарын жасайды.



ІV этап

«Күзгі сән»

Жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған күз ханшайымын (күзгі сән үлгілерін көрсету) сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек. 



V этап

«Күзгі табиғат»


Жүргізуші:

Қатысуларды ортаға шақырамыз. Сіздерге 1 мин уақыт беріледі алдын ала дайындап келген түрлі түсті қағаздарыңыз бойынша күзгі табиғатты бейнелеп салып, постер қорғайсыздар.



V этап

«Кім жылдам?»


Жүргізуші:

30 секунд уакыт беріледі. Сол аралықта берілген жапырақты бір қолмен қиып болуларыңыз керек.




Жүргізуші:

Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз, Білім мен тәрбие егіз неге дейміз, Әдемі мен тәлімі үндесетін, Жастарды болашаққа жетелейміз. Жеңістер мен жеңілістен тұратын Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын. Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің, Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын. Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар, Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Күз – мерекем, күз-берекем» жұптық сайысының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз. Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті күндерде кездескенше!!!!!!























«Облыстық туберкулез санаториясы мектеп-интернаты»КММ-сі








Shape1

(жұптық сайыс)












Дайындаған: Г.М.Медина


















2018-2019 оқу жылы





















Shape2



Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Сіздерді 19 қазан күні сағат 16.00-де 5-9 сыныптар арасында ұйымдастырылған

«Күз – мерекем, күз-берекем» атты дәстүрлі мерекелік кешімізге шақырамыз.

Кеш жұптық сайыс түрінде өткізіледі.

Келіңіздер! Байқауға қатысушыларға қолдау көрсетіңіздер!





Сайыс шарттары:

1. «Кел, танысайық» (байқауға қатысушылар өздерін таныстыру)

2. «Көңілді күз» ( өз өнерлерін көрсету)

3. «Салаттар әлемі» (ер балалар жасайды)

4. Күзгі сән үлгісі (қолдан жасалған киім үлгісі)

5 «Күзгі табиғат» (постер қорғау)

6. Кім жылдам? (бір қолмен 30 секунд ішінде жапырақты қию)

7. Марапаттау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.01.2019
642
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі