Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алтын күз келді, бақшаға!» ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту; күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынаста көрме ұйымдастыруды қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы КММ





















Тақырыбы: «Алтын күз келді, бақшаға!»

ертеңгілік мерекесі

Тобы: «Болашақ» ересектер

Педагог: Есекеева Камшат Жаңбырбекқызы





















2017-2018 оқу жылы











Тақырыбы: «Алтын күз келді, бақшаға!» ертеңгілік мерекесі

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту; күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынаста көрме ұйымдастыруды қалыптастыру.

Көрнекілігі : залды күз бейнесіндей безендіру, күзгі әуен, жапырақтар, күзгі өнімдерден түрлі көрме .





























Көлеңке театры: М. Төрежанов бойынша «Кішкене бағбан» әңгімесі Садықтың әкесі бағбан.Садық оған үнемі көмектесіп жүреді. Қар кетіп, жер дегдісімен әкесі мен баласы бақта құмырсқаша қыбырлап, еңбек етеді.Бір күні досы Қалел жүгіріп келеді. -Кеттік, Садық ойынға ,-дейді. -Менің жұмысы көп,-деді Садық досына. -Жұмыс деген немене тәйірі! Әкең бәрін істейді ғой.Ойнаған қызық емес пе? Қалел болса ойыншықтарының бірінен соң бітін алып, көрсете бастады. Садық ойнасы келіп кетсе де, өзін-өзі басып, жұмысын жалғастыра берді. Күз де келді. Бақта жеміс пен жидектің сан алуан түрі өсіп, жетілді. Садықтың өзі де қарық болды, ол өнімнен досына да барынша сыйға тартты. Қалел тойып алып: -Бәрінде түк қалдырмай жеп қоямыз ғой,-деді. -Қалады,- деп жауап берді Садық.-Әкем «Кім ойынға елікпей еңбек етсе, жер соны қарық қылады» деген екен.Менде еңбек етемін. Саған рақмет. Сау бол! Залға кіру: күзгі әуенмен жапырақтар Хор: Осень,осень Азамат: Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер бәріміз қарсы алайық Назым: Қарсыалайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз Қырдан кепті қыдырып Алтын күзде нұр төгіп. Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз –ырыс береке ала келді.

Азамат: Құрметті ата-аналар ,ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер! сіздерді «Болашақ» ересектер тобының «Алтын күз келді бақшаға» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз, Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін. Тәрбиеші:-балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күзде қандай табиғат құбылыстары болады? (Күн суытып, жаңбыр жауады.) Бірақ біз көңілімізді түсірмейік .Күз мезгілі тамаша. Бізге молшылық береке алып келеді.

Біз адамдар күз мезгілін неге «Алтын күз келді бақшаға »- дейміз.

(Өйткені күз бізге өзінің мол өнімін береді.) Жарайсыңдар! -Қазіржылдыңқаймезгілі?

W һat is tһe da teo ftһe year?

- Күз мезгілі Аutumn season

- Күз мезгілі неше айдан тұрады?

-Һow many montһs?does tһe Аutumn season

Жарайсың!welldone

-Үш айдан тұрады.

-tһree montһs

-great керемет

Олар: қыркүйек, қазан, қараша September,October,November

Жарайсың! welldone

Жаннұр: Қыркүйек:   Аutumnis season

Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан
                    Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен     

Бірінші қыркүйек, білімге бастады
                    Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанды.
Інжу: Қазан: Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты
                Сары даланы сәндетіп, думандатып әнде
тіп    
               
Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан айы. Жұлдыз:Қараша:  Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық
                  Қараша өрледі, қараша ән салып
                  Күн суытып барады, малдар қолға қарады
    
                  Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз.
Бағбан атай келеді.Балаларым амансыңдар ма! Қалдарың қалай жақсы ма. Атай қайдан келесіз? : Сәлеметсіз бе атай ! Мен бақшадан келемін.Бақшамда жаздай тыным таппай еңбек етіп,күзгі өнімімді жинап келемін. Биылға жомарт күз маған мол өнім сыйлапты, Күз ханшайымы қайда кеткен, мен оған мол жемістерімді жинап берген едім, балаларға берерсің,- деп.

Тәрбиеші: Жоқ біз ешкімді көрмедік. Ол жолдан адасып қалған шығар. Саңырауқұлақ келеді: Сәлеметсіздер ме балалар!барлықтарың әдемі болып кетіпсіңдер ғой. Осы балабақшада күз мерекесін тойлап жатыр дегенді есген едім. Сендерді күз мерекесімен құттықтауға келдім. Мені ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын, мен сендердің не ойлап тұрғандарыңды жақсы білемін, мен бәрін, бәрін білемін. Сендер жаз қайта келсе екен деп тұрсыңдар ғой, солай ма? ия Бағбан атай: сен қайдан шықтың саңырауқұлақ, жолдан күз ханшайымын көрмедің бе? Саңырауқұлақ : Ол сенімен бірге емеспе. Дауласып келеді. (сырттан) дауы:менің пайдам зор адамдарға.

музыка әуенімен залға Күз ханшайымы кіреді. Күз ханшайым: Ия мен мұндамын. Кешіккеніме кешіріңіздер.

Сәлеметсіздер ме ! сендер неге дауласып келесіңдер?

Назым: көкөністер Өнім биыл тамаша!

Көз тоймайды қараса:

Сәбіз,картоп, кәдіш пен

қып-қызыл піскен қызанақ , қырыққабатқа қарашы! Азамат: (көкөністер) жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?

Жұлдыз:(бұршақ) Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шығады. Кішкене түймедеймін мен , Ұнаймын мен бәріне! Дәмді тағамдарыммен Сый жасаймын бәріңе!

Жасұлан: (қызылша) Мен де бір сөз айтайын , Мақтанайын сіздерге . Менсіз борыш болмайды, Винегред те үстелде Жұбаныш: (қырыққабат) Мақтанғаннан не пайда? Менсіз дәмді ши қайда? Мені қосса самсаға, Бәрі жейді тамсана Ұлан:(қияр) Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде,

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне!

Абдулазиз:(шалқан)кім білмейді шалқанды?

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын,

Тауып көр менен дарқанды

Бекзат: (сәбіз) кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген ?

Мені жеген адамдар.

Кем болмайды күшке де!

Сезім: (қызанақ)Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Барма адам сүйсінбей,

Томат шырынын ішпеген?

Дамир:(пияз) боламын мен дәмдеуіш

Барлық-барлық тағамға

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға.

Азамат: (картоп)

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді.

Үлкендер мен балалар!

Назым: көкөністер(барлығы)

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші: Көкөністер бәрі де ,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жатқа біліңдер,

Оларды бәрің жақсы көріңдер .Жарайды! Енді дауласпаймыз. Күз ханшайым: Уа, халайық, дархан далам армысың,

табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.. Мерекелерің құтты болсын! Күз мезгілі барлық үйге молшылық ала келсін! Атай мен жолда көкөністердің дауласып жатқанын естіп кешігіп қалдым. Сіздің жинап берген жемісіңізді ала келдім. Көкөністер сендер дауласпаңдар. Барлықтарыңды да адамдар жақсы көреді. Дәрумендеріңнің пайдасы зор.

Тәрбиеші: күзханшайымымен үш тілде амандасуы Welcometo tһe Аutumn gueen Қош келдің күз ханшайымы ! Төрлет!
Күз ханшайым: - Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмаларбар. Егер де тапсырмамды орындасаңдар,

менің де сендерге деген сыйлығым бар.

1.Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы
Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ерте Күз, алтын Күз, қара Күз)
Жа
райсыңдар!

2. Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар

Қалай оны шешемін. Бұл не? (Орамжапырақ)
3 Еңбек етсең ерінбей--------------------
Менің жемістерім, көкөністерім, дән -дақылдарым барлықтарың осында екенсіңдер ғой. Балалар мен сендерге молшылық ала келдім. Атайдың еңбектеніп тапқан жемістерін жинап келемін.

Саңырауқұлақ : біз сізді күтіп тұрмыз Күз ханшайымы. Мына балалардың бізге дайындаған өнерлері бар екен,бірге көрсек қайтеді.

Күз ханшайым: Жарайсыңдар балалар! Кімнің қандай өнері бар. Тәрбиеші: сіздерге дайындаған біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар.

Жасұлан: Алтын күз

Алтын, алтын, сары алтын.

Алтын күзде нұр жатыр.

Біз мектепке баратын, Алақай –ау күн жақын.

Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі

Қандай өзі береген

Жемісі көп не деген

Жеп тауыса алмайсың!

Өрік, шие,балы бар.

Қарбыз,қауын көбейді.

Жегің келсе,бәрін ал,

Неге аласың демейді.

Жемісі мол теретін, Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген!

Ән: «Күзгі бал » орындайтын:Назым

Атай: Балаларым «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,- деп бекер айтылмаған. Ия менің үйге қайтатын уақытым болды,немерелерім күтіп отқан болар, жемістерімді балаларға таратын бересің, сау болыңдар!

Саңырауқұлақ: (күн күркіреп,жаңбыр жауады) ой мынау ненің дауысы?

Назым: жаңбырдың дауысы ғой

Саңырауқұлақ: мен жаңбырды жақсы көремін.

Назым: Singit as asmile

Bring yous omerefes

Iet`scelebrate tһe

Аutumn wedding dance let splay

Олай болса ортада «жаңбыр» ән ,биі ағылшынша Саңырауқұлақ: меніңде қайтатын уақытым болып қалыпты,өнерлеріңді тамашалап біраз

Демалып қалдым,сау болыңдар! Балалар қай уақытта (жел тұрғанда )жапырақтар ұшып , төгіледі.(желдің дауысы естіледі) Жапырақтардың барлығын жел ұшырып жерге тастады.

Ой,мынажаыақтақайданкелді.Біз жапырақтарды жинап алып өз пайдамызға жаратқан едік. Азамат,Назым ал мына жапырақтар неге шашылып жатыр. Күз ханшайым: Шашылған жапырақтың құпиясын ашып көрсек қалай қарайсыңдар.

Назым: Көрейік. Маған ол бір жұмбақ сияқты болып тұр.

Жапырақ жәй жапырақ емес екен. Мынаның ішінде мен танымайтын әріптер бар екен. Мен жапырақты анама бергім келіп тұр. Онда не бар екен.Оқып берсінші. Сұрақ? Кімнің анасы мына жапырақтарды қалай пайдаланады? Ойын: «жапырақтарды пайдаланып күз мезгілін бейнелеу қажет».

Күз ханшайым: Сендердің аналарыңмен ойын ойнағым келіп тұрғаны,

Осы ойынды аналарыңмен мен ойнасам болады ма?

Тәрбиеші: Әрине болады. Сізата-аналармен ойынды жалғастыра беріңіз

Арпа, бидай ас екен
Алтын күміс тас екен,
 демекші біздің балалар дақылдар туралы тақпақтарын айтады. 
Бидай:
 Нан атасы – бидаймын,
 Елге астық сыйлаймын.
 Дәнім толып піскенде,
 Қауызыма сыймаймын.
Арпа:
 Күміс мұртты арпамын,
 Ырыс құтты арпамын.
 Еңбек етіп баптаған, 
 Еліме сый тартамын.
Тары:
Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
 Халқым еңбек сіңірсе,
қайтарамын қарымын.
Сұлы:
Мен сұлымын ұланның,
Тұлпарына ұнадым.
Бастаған әр диқанға,
 Басымды иіп тұрамын. 
Күріш:
 Күнді сүйген күрішпін,
 Күллі жұртқа ырыспын.
 Алсын деп ел мол өнім,
 Ала жаздай су іштім.
Тәрбиеші: Ән: «Алтын күз»

Алтын сары, қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Енді бір сәт назар сап
Мақтау менен сыйға лайық
Сурет өнерін тамашалайық!
(Күз тақырыбына сурет салған ата - аналар ортаға шығып өз туындыларын қорғайды) Өнерлеріңізге ризамыз
Суретші екенсіздер нағыз
Сыйлығымыз сіздер үшін!
(Күз тақырыбына дайындалған жапсыру, картина, жұмсақ ойыншық түрінде жасалған жеміс немесе көкөніс т. б. сыйға тартылады)

Күз ханшайым:Ой керемет.Барлықтарыңызға рақмет, ойын жеңімпазын анықтау үшін дауысты қатысушылардан алайық.

Назым: күз ханшайымы біздің де ойын ойнағымыз келеді.

Күз ханшайым:ойынағыларың келсе ойнайық .

Тәрбиеші: «Ғажайып қалта» ойынына кезек берейік

Ойын шартымен түсіндіру. Балаларды ойнату.

Қуандырып біздерді,келді жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.     Жеміс мол теретін,күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін,

жомарт екен күз деген.

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң    

Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.

Мейіржан:Аutumn leaves are falling down,

Falling down, falling down,

Autumn leaves are falling down,

Yellow, red, orange and brown


The leaves are falling

One by one

Summer`s over

School`s begun

Қоян –кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.Балалар сендер қалай ойлайсыңдар бұл дұрыс па? Орманда аю құлпынай жинауға көмек сұрап жатыр көмек бере аласыздарма?

Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Аюғақұлынайжинакөмектесеміз,

Маша: Назым:сәлеметсіздерме!Ой,аюға мен көмектессем болады ма?

Барлығында өзім жинаймын, осы кезде аю шаршап ұйықтап қалады.

Мен құлпынайдан тосап пісіре аламын.

Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар аю мен машағакөмектесіп жіберді.

Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: «жаңбыр»

Кезегімізді  өлең шумақтарына берейік.

Ән: «Уражай,собирай!»

Жүргізуші:

  Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз,  аналары тіккен күздік киім үлгілерін  көрсетпекші. Ендеше «Күз ханшайымы -2017» күзгі сән үлгісін ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар! Picture 3
Күз ханшайымы:  Керемет! Қандай әдемі! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін


Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.

Күз ханшайымы: Берекелі бақ дәулет

Артта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар, Келгенше жыл айланып.
Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар! Picture 6

(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі«» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
466
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12