жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Алтын күз келді бақшама"
Өтілетін күні:27.10.2015
Өткізілетін орны: Музыка залы
Тобы: «Қошақан»
«Алтын күз келді бақшама»
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл- күй сыйлау; күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту; Туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу..Күз мезгілі көріністері,оның кереметтері жайлы мәлімет беру. «Алтын күз» ертеңгілігіне қатыса отырып,балалардың көркем сөйлеу қабілеттерін арттыру,шығармашылық шеберліктерін шыңдау.Көпшілік ортада өзін дұрыс ұстауға,әдептілікке тәрбиелеу.
Зал іші әсем безендірілген.
Музыка әуенімен залға тәрбиеші келеді.
Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштардың селбіретіп,
Тойға бөлеп елімізді күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Тілеймін аман болсын еліргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз ырыс-бірлік ала келді.
Жүргізуші:Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі.Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі.Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді. Құрметті ата-аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Бүгінгі «Қошақан» тобының «Алтын күз келді бақшама» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар,бүгінгі көніл-күйіміз өте жақсы болғандықтан менің сіздерге жұмбақ жасырғым келіп тұр!
Бойын жерге жасырған
Бұрымы бар жасылдан (сәбіз)
Ұзын мұртты сарылар
Қойнында дәні бар (бидай)
Бақшадан келген ала доп (қарбыз)
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады (пияз)
Шықса көк,
Түссе сары (Жапырақ)
Көкпеңбек едім көктемде,
Қызардым күзге жеткенде (Алма).
Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін,
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін. (Қырыққабат)
Ондай болса, құрметті қонақтар біздің кішкентай балапандар күз мезгілінің ерекшеліктері туралы не айтар екен!
Музыка әуенімен залға балалар кіреді.
Тәрбиеші: Балалар, біз қандай мерекені тойлағалы жатырмыз?
Балалар: Күз мерекесін тойлағалы жатырмыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бізге бүгін қонаққа ата-аналарымыз, тәрбиеші апайларымыз келіп отыр екен, оларға өз өнерімізді көрсетеміз бе?
Тәрбиеші: Қане,күз туралы жыр шумақтарын айтуға ортаға кішкене бүлдіршіндерімізді шақырайық.
Нұрдәулет:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді .
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Әмірхан:
Жапырақтар сылдырлай,
Алтын күз міне келіпті.
Туған жерін қия алмай,
Құстар ұшып кетіпті.
Махаббат:
Жапырақтар жамырыап
Сайға барып бекінді
Анасынан ажырап
Қалған бала секілді
Мансұр:
Күзім-ау,күзім-ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау
Бекасыл:
Алтын,сары,қызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Музыка әуенімен күз ханшайымы кіріп келеді.
Жүргізуші: Желді желдетіп,
Күнді күркіретіп
Жаңбырды жауғызып келе жатқан,
Күз сен бе едің?
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар, иә, мен Алтын күзбін. Қараңдаршы, айналаның бәрін алтын түске бояп та қойды
Күннің күркіреуі
Тәрбиеші: (Басын шалқайтып, қолымен көзін қалқалап) Балалар, күз ханшайы келгеннен кейін күз мезгілінің бір белгісі күн бұлттанып, жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты, жаңбырмен бірге нұр келер, қане олай болса «Жау жаңбыр» әнін айтып берейік.
Ән: «Жау, жау жаңбыр»
Күз
ханшайымы:Менің жемістерім,
көкөністерім, дән - дақылдарым мұнда жүр ғой.
Ал енді маған кім күз туралы тақпақтар айтып
береді.
Тәрбиеші:Қане,ортаға жыр шумақтарын айтуға Сәуле,Нұрлыхан,Райымбек, Балжан,Айбын келеғойыңдар!
Сәуле:
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар сезгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Нұрлыхан:
Айнала сары ала,
Қырманға дән тола.
Жемістер пісіпті,
Қырманға түсіпті.
Райымбек:
Мен картоппын,картоппын,
Бір қарасаң доппын.
Немен жесеңде жағам,
Мені қоссаң тәтті болар тағам.
Балжан:
Алма пісіп,алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып,қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.
Айбын:
Күзде жайнап ашыла,
Күннің нұры көшкендей,
Алма ағаштың басын
Қызыл қарбыз өскендей.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы,біздің балалар керемет биде билей алады.
Қане, балалар,тұрайық
Шеңбер болып тұрайық
Шеңбер бойын айнала
Хороводты құрайық!
Би: «Хоровод»
Жүргізуші: Күз, енді сіз бізге, жемісті күз аталуыңыздың себебін айтып түсіндіріңізші?
Күз: Менің жемісті күз аталуымның себебін мынау тұрған жемістерім айтып берсін.
Диас:
Іші толған шәрбат
Дәмі сондай айбат
Үзерсің бірлеп өзің
Оның аты жүзім.
Шахмардан:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Диана:
Мен моншақты шиемін,
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.
Аяна:
Шиемін мен шиемін
Күннің көзін сүйемін
Бала келсе қасыма
Басымды мен иемін
Айша:
Пісіп тұрған алмамын
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым
Вероника:
Жапырақты тасалап
Өсетін жерім бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Менің атым Құлпынай
Тәрбиеші: Балалар,біз қонақтарғада, күз ханшайымынада өз өнерімізді көрсеттік енді оларға біз ойын онай алатынымыздыда көрсетейік. Күз ханшайымы өзімен бірге тамшыларын алып кеткісі келет оны жапырақтарадан ажыратып берейік.
Ойын: «Тамшылар мен жапырақтар»
Күз ханшайымы: Міне керемет, сендер дұрыс орындадыңдар,рахмет сендерге.
Тәрбиеші: Тырна кетті тыраулап
Тіліп өтіп аспанды
Жылы жаққа ұшады
Тырналарым тыраулап
Би: «Құстар биі»
Күз ханшайымы: Мен бүгін ерекше керемет көңіл-күйдемін бүгінгі бүлдіршіндер мені таң қалдырды енді олардың тағы қандай өнерлері бар екен?
Тәрбиеші: Біздің жыр шумақтарымыз аліде көп енді кезекті бүлдіршіндерге берейік.
Сұлу:
Алтынға бояп өңірді
Күзде келді көңілді
Бау-бақшада орманда
Сары жапырақ төгілді
Әділет:
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жейді бәрі сүйсіне
Жаңа піскен кезімде
Нұрсат:
Іші сары,сырты қатты
Дәні дәрі,дәмі тәтті
Пісіріп жесеңде тамақ
Оның аты асқабақ
Нұрас:
Болса да ащы
Дәмді етер асты
Өседі ол жерде
Тығып алып басты
Асылжан:
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпыз
Сәбіз дерміз жазықсыз
Інжу:
Менің атым қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын.
Дінмұхаммед:
Кім біледі шалқанды
Талайлар маған таң қалды
Бәріне сый боламын
Таныдыңба шалқанды.
Дарын:
Бақшаларда тізіліп
Қаперсіз мен жатамын
Қабат-қабат киініп
Қырыққабат атандым
Тәрбиеші: Күз, «Жылауық күз» деп аталуыңыздың себебін айтыңызшы?
Күз: Күз мезгілінде жаңбыр көп жауатындықтан мені жылауық күз деп те атайды. Келер жылы егін көп болуы үшін жаңбырдың жауғаны да дұрыс.
Тәрбиеші: Олай болса, сіздің жаңбырыңыздың арқасында өсіп шыққан біздің жемістер мен көкөністеріміздің өнерін тамашалаңыздар.
Би: «Жемістер мен көкөністер»
Тәрбиеші:
Сау-сау етіп жапырақ,
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.
Ақтарады мырза күз,
Уылжыған жемісін.
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін.
Барлығы: Рахмет сізге Алтын күз!
Ән: «Күз жомарт»
Күз: Балалар мен ұшуым керек, менің қайтатын уақытым болды. Жел болса жоқ. Маған көмектесіп жіберіңдер. Барлығын жел сияқты үрлесеңдер мен ұшамын. (Балалар барлығы бірдей үрлей бастайды. Күз қоштасып, ұшып кетеді.)
Тәрбиеші:Осымен біздің «Алтын күз келді бақшама» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!
«Айналайын» мектепке дейінгі балалар мекемесі
«Алтын күз келді бақшама»
Тобы: «Қошақан»
Тәрбиешілері: Әліпбаева А
Алдабергенова М
Әдіскер: Тоқсанбаева И.
2015жж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген