Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын күз" мейрамы Даярлық тобы О "А" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алтын күз" мейрамы туралы мұғалім өз жоспары бойынша құрастырған.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты:А)Білімділігі: Күз мезгілінің қыр-сырын жете меңгере білу. Күзгі еңбек және табиғатты сүюге,қорғауға баулу.Күз мезгілінің қандай мезгіл екенін,қандай құбылыстар болатынын түсіндіру.

Ә) Дамытушылығы: Тақырыпты түсіндіре отырып,ары қарай білімдерін жетілдіру.

В) Тәрбиелік: Күз туралы өлеңдер айту,әңгімелесу арқылы тілдік қорларын молайту.

Түрі: ертеңгілік

Әдісі: Әңгімелесу,сұрақ-жауап,жарыс.

Көрнекілігі: «Алтын күз», күз бейнесі, жеміс-жидектер,көкөністер,А. Құнанбаевтің «Күз» өлеңі, жапырақтар.

Барысы:

-Құрметті ұстаздар, ата-аналар бүгінгі мектепалды даярлық тобының «Алтын күз» атты күзгі мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

-Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күзде күн суытып,барлық жан-жануарлар жиналады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Құстар топ-топ болып жылы жаққа ұшып кетеді.Адамдар да жылы киіне бастайды.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, күз мезгілін тамаша сипаттап бердіңдер.

-Ал күз мезгілінде неше ай бар?

-Балалар, қазір күздің қай айы?

-Балалар,енді осы күз мезгілі туралы тақпақ білемізбе?

- Тақ3(Аяқтарын тарсылдатады)

Айтамыз біз не?(тақпақ)

Хормен тақпақ айтады. «Күз сыйы»

Гүлдана: Қош келдіңіз, көрермен,

Алтын күздің кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене

Ерхан: Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Қанат: Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

К:Нурсултан: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Шахнияз: Күздің қазан айында

Алма,алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Алиер: Берекесін жинауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Асылхан: Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ

Ой, алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Амир: Таудан салқын жел соқса,

Сыбдырлайды қалтырап.

Жақын қалды желтоқсан,

Жабырқайды жапырақ.

-Жарайсыңдар, балалар, күз туралы тақпақтарыңды тамаша айттыңдар.

- Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық.Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіңдер ме, ол кім?
Балалар (хормен): - Ол – күз.

-Келістіріп бар сәнін,

Берген өзі табиғат.

Алтын күзді ал,қане,

Қарсы алайық, жамағат! – дей отырып алтын күзді қарсы алайық. Қош келдің алтын күз ортамызға.

Балалар (хормен): - Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз:- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: - Сәлеметсіз бе, Алтын күз! Жоқ, кешіккен жоқсыз!
Күз: - Иә, балалар, мен - Алтын күзбін. Мені неліктен алтын күз деп айтасыңдар?
Балалар:- Өйткені, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түсіп, шөптер де сарғайып,
айналаның барлығы сап - сары түске енген. Алыстан қарасаң, сары алтын сияқты.
Сондықтан да күзді сары алтынға теңейді.
Күз:- Менің жемістерім мен көкөністерім де осында жүр екен ғой...

Алтын күз:Жаксылыкова Айганым

Толтырып дәнге қырманды,

Бастадым қырда думанды.

Мәуемді терген бағбанның

Жанарында нұр жанды.

Ырысқа толып қоймалар,

Сабан тойы тойланар.

Берекелі күз болам,

Байлыққа мұртың майланар.

-Жарайсың, алтын күз, «Алтын күз» өзінің әсемдігімен бүгін біздің ортамызда. Балалар Алтын кузге арнап ән айтып беремізбе?

Ән:Алтын күз

- Тамаша айттыңдар, жарайсыңдар балалар. Қазір балалар екі топқа бөлініп өз өнерлерін көрсетеді, тамашалап отырыңыз.

-Қазір біз екі топқа бөлінеміз,сондықтан әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Әділ қазылармен таныстыру. 1.

2.

3.

-Енді балалар,өзіміздің ата-анамызбен бірге 2 топқа бөліне қояйық. Бізге қонаққа келген «Алтын күзге» 2 топ болып жарысып өнерімізді көрсетейік.

2 топқа бөлініп ,топ аттарын қою. 1.Жемістер. 2.Көкөністер.

Балалардың «жеміс», «көкөніс» сөздерінің мағынасын түсініп, есте сақтауы үшін балалардың өздері осы сөздерге мысал келтіреді.

-Ал енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыс жоспарымен таныстырып өтейін.

1.топтарын таныстыру.

2. «Кім жылдам» ойыны.

3. «Жеміс» пен «көкөніс» ойыны.

4.А. Құнанбаев «Күз» өлеңінен жасырын сөзді табу.

5.Сән үлгісін көрсету.

6.Бұл не? Жұмбақ сайысы.

7. Күзгі тағамды таныстыру.

8.Ата-аналарға метограмма

9. «Жемістер» мен «көкөністерге» арналған тақпақтарын айту.

1. Топтарын таныстырады.

Жемістер: Сәлем бердік көпшілік алдыңызда

Сәлем берем «Көкөністер» тобына (Топ басшысы:Дияс)

Көкөністер:Амансыңба, достарым, қарсыласым

Бізден сәлем сіздерге жемістерім (Топ басшысы:Медет)

2. «Кім жылдам» ойыны.

-Қане балалар осындай молшылык күзде бір ойын ойнап жіберейік. Ия? Ойынның шарты: Көкөністер тобы бір себетке көкөністерді,ал жемістер тобы екінші себетке жемістер толтырады.

3. «Жеміс» пен «көкөніс» Ойын шарты: 2 топтан бір-бір ата-анадан шығып 1 адым аттай отырып жемістер мен көкөністерді айтады.

-Келесі кезекті бір топ бишілерге берейік. Қане, ортаға биші бүлдіршіндерімізді қошеметпен шақырамыз.

Би: «Біз кішкентай бүлдіршін».

4.А. Құнанбаев «Күз» өлеңінің екі шумағы. Ойын шарты: Бір-бір шумақ өлеңнің арасынан сөз тастап ата-аналарға жасырын сөзді тапқызу.

А) Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Ә) Бәйшешек жоқ бұрынғыдай

Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай.

Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш-қурай.

5. «Сән үлгісін» көрсету.

-Қазір балалар, күзгі сән үлгісін тамашалаймыз. Ендеше «Алтын күз - 2018» топтамасын ортаға шақырамыз.Қарсы алыңыздар. (Музыка ырғағымен әр топ өз сән үлгілерін көрсетеді)

6. Бұл не? Жұмбақ жасыру

1. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не? жапырақ

2. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін.
Бұл не? (Орамжапырақ)

3. Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не?
(Сәбіз)

3. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Бұл не?(Пияз)

4. Асықпай піскен, қайнамай түскен.
(Жеміс)

5. Іші толған шәрбәт,
Дәмі сондай әйбат.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - ЖҮЗІМ.

6. Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты – ЖАҢҒАҚ

7. Дөп-дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты - ӨРІК.

8. Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты - ШАБДАЛЫ.

9. Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара неше,
Оның аты - ШИЕ

6. Күзгі тағаммен таныстыру.

-Алмұрты, алмасы,

Жүзімі, өрікпен:

«Біреуін таңдашы»-

Дегендей көрікпен.- дей отырып әр топтың әзірлеген «күзгі тағам» сайысын тамашалаймыз.

Музыка ырғағымен әр топтан 1 немесе 2 ата- анадан шығып өз тағамдарының атын,жасалу жолын түсіндіріп, әділқазылар алқасына тапсырады.

7.Ата-аналарға метограмма.

Қ-дан мені бастасаң Бір бауыңда кәріңмін

Шөлің басар асыңмын. Екіншіде нәріңмін

Ж-ға айырбастасаң Қосылғанда екеуі

Тамшы болып тасындым.(Қауын-жауын) Көкөніс боп табылдым.(Шал-қан)

8. Екі топтан балалар шығып, «Жемістер» мен «Көкөністерге» арналған тақпақтарын айтады.

«Жемістер» тобы:

Гүлдана: Жапырақты тасалап,

Өсетін жерім бақша – бақ

Күрең қызыл құлпынай

Менің атым құлпынай

Айдана:Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүйемін

Жанерке:Мен алмұртпын, алмұртпын.

Аузындамын бар жұрттың.

Али:Мен жүзіммін, жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім.

Рамазан:Мен өрікпін, өрікпін.

Табиғатқа көрікпін.

Диас:Мен алмамын, алмамын.

Таңдайда қалар бар дәмім.

«Көкөністер» тобы:

Асылхан:Ақ түсім бар қанталар

Қызыл түсім қанға нәр

Зияным жоқ біліп қой

Қызылшамын пайдам бар

К:Нұрсұлтан:Асханадан шықпаймын

Атым пияз, бұқпаймын

Көзден жасты шығарам,

Тұмаудан бірақ сақтаймын!

Азамат: Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар

Данил:Көжектерге дәмдеспін,

Өзбектерге сәндеспін.

Бойым өссін десеңіз,

Сәбіз жеңіз, асаңыз.

А:Нурсултан:Қып-қызыл қызанақпын,

Қарасаң көз тоймайды.

Егер мені жеп көрсең

Қызықтырмай қоймайды.

Назерке: Мен қиярмын, қиярмын,

Қызанақтың сәнімін.

Салаттардың дәмімін,

Қараңдаршы қандай сәндімін.

-Жарайсыңдар балалар.

Қорытынды:

-Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды,әділқазылар алқасы бір қорытындыға келгенше балаларымыздың әнін тамашалайық.

Ән:Жас дәуірдің түлегіміз.

Әділқазылар алқасына сөз беру. Жеңімпаз топтарды анықтау.



Ақсай қалалық №4 жалпы орта білім беретін мектебі

Коммуналдық Мемлекеттік мекеме







Тақырыбы:

«Алтын күз»

(Мектепалды даярлық тобы 0 «А» сыныбында өткізілген ертеңгілік)









Өткізген: Ахишева М. Б















2018-2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
785
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12