Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз мектеп алды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға күз мезгілі туралы түсінік қалыптастыру,сезіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

https://www.youtube.com/watch?v=iOClEPWg8hwМузыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.  Кузгі вальс
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                     Жасымыз бен кәріміз.
                     Қырдан кепті қыдырып,
                     Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.


Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз,» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

Ән «Күзгі жапырақтар» Айзере


1 Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.    

Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген. 


2.   Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң    

Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.


3. Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,     
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.




4.  Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды    

Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.




5. Көк майсалы көрікті, 
Алқаптағы көпегін. 
Бұл күндері киіпті, 
Сары жібек көйлегін. 
Ағаштардан жамырап, 

Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ! 

Б Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.    
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз.


7 Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз,
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.   
Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып.

8  Тоңазып атырап, 
Көп жеміс піседі.
 
Сарғайып жапырақ,
 
Саудырап түседі.
 
Аспанды сұрғылт бұлт,
 
Жан-жақтан жабады.
 
Күнбірте суытып,
 

Жауын көп жауады. 


9  Кездескен соң күзімен,
  Бұтағынан үзілді.
  Ай жапырақ-сары алтын
  Айналаның бәрі алтын.






10 Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
      Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді    
       Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
    Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.


 

11 Ой, балалар,балалар,

Қоңырқай күз болыпты,

Құлап жапырақтар солыпты.

Ел егінін орыпты,

Ой,балалар,балалар.

Ойнайық та күлейік,

Мәз боп бірге жүрейік



12  Сарғайды тоғай, сап-сары манай
      Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып     
       Жапырақ ұшты, суық та түсті
        Сонда да бізге,қызық көп күзде.   



Би «қолшатыр биін» тамашалайық

Ән «Жау –жау Жаңбыр»

Жүргізуші: 

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)

Жүргізу балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдерді білесіңдер?  

1.Екпей егін шықпас,  2. Жердің сәні егін

Үйренбей білім жұқпас. Ердің сәні білім


3. Егіндікті күз суар. 4. Арпа, бидай ас екен

Күз суарсаң, жүз суар Алтын күміс тас екен

 5. Не ексен соны орасың  6. Жері байдың – елі бай.


 Жүргізуші: Балалар біз сендерге ойын алып келдік, ойынның шарты жемістер мен кокеністерді ажырату

Ұлдарымыздың биін тамашалайық.

Би: «жемістер мен кокеністер биі»
Келесі кезекте ақыйық акындарымыздың олеңдерін тыңдайық

1 Абай Құнанбаев (Күз)

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

.
2 Ғабиден Қожахмет (Күз әуені)

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

Жұлдыз туып таң алды,

Әнге орап ғаламды,

Сазды әуен шаттыққа

Бөледі бар адамды.

Әуенге еріп сиқырлы,

Айтылды ән боп сыр қилы.

Күзгі әуен жастардың

Жүрегіне нұр құйды.

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді


Хор «Алтын күз»

.


Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз,» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
733
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12