Материалдар / "Алтын күз" мерекелік бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын күз" мерекелік бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
718
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күз мерекесіне арналған ертеңгілік: «Қош келдің алтын күз»
Музыка залы күз мерекесіне орай әдемі безендірілген. Балалар
музыка ырғағымен залға кіріп, жарты шеңбер құрып тұрады.



1.Жүргізуші:                        
Тоңазып отырып
Көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ
Судырап түседі.
Үстінде егінжай
Салқын жел соғады.
Гүл,жапырақ шөптер де
Қурап солады.
Айтындаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы. /Күзде/
Балалар орындарына отырады.
Тақпақтар:

Ән: « Күз жомарт» 
(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі) 
Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты. 
(Жаңбырдың дауысымен залға бұлт кіреді) 
Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
Балалар: Сәлеметсіз бе! 
Бұлт: 
Күзгі көк бұлт мен болам, 
Көтеріліп теңізден, 
Аспанға биік барамын, 
Қаласам қазір сендерге, 
Жаңбыр болып жауамын. 
(Балаларға жаңбыр шашады) 
Жүргізуші: 
Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр, 
Дабылыңды соқпай тұр, 
Саяғынды түгендеп, 
Үйіріңді соқпай тұр! 
- Біз сіз жайлы ән білеміз және осы әнді сізге сыйлаймыз. 
Ән: «Жаңбыр,жаңбыр жауады» (тық-тық)
Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма? 
Балалар: Жоқ! (Жүргізуші білдірмей қол шатырды алады) 
Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма? 
Балалар: Жоқ! 
Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар? 
Жүргізуші: Міне, біз қандай батылмыз! 
(қолшатырды жазып, балаларды астына тығылуға шақырады) 
Бұлт: Сендердің ойнағыларың келеді ғой, мен сендерді тез ұстап аламын. 
Ойын: «Қолшатыр» немесе «Жаңбырдан қорықпаймыз» 
(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, Бұлт орындықта отырып ұйықтайды. Бұлт балалардың дауысынан оянып, оларға су шашады, сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін орындарына отырады). 
Бұлт: Балалар , сендер барлығын жылдам және шапшаң екенсіңдер, мен сендерді ұстай алмадым. 
Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әліде біреу жетіспейтін сияқты. Бізде күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамымызға күнді қонаққа шақырайық ( балалар орындарына отырып, қолдарын шапалақтап, аяқтарын тыпырлатып, күнді шақырады). 

Балалар: Күн, күн. кел, кел!!
Күн келеді. 
Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым? 
Балалар: Иә! 
Күн: 
Мен жарқырап төбеде, 
Нұрын төгіп тұрамын . 
Шуақ шашып бәріне 
Бала жанын ұғамын. 
Бұлт: 
Күн, күн тоқтай тұр! 
Сөзіме менің құлақ тұр. 
Ішім толы суға, 
Сусыз өмір бола ма? 
- Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын! 
Күн: Жоқ, мен мықтымын! 
(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды) 
Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпаңдар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін Күзді қонаққа шақырайық. Қолымызға жапырақтарды алып билесек, күз бізді байқап, өзіде келіп қалар. 
Би: «Күзгі жапырақтар» 
Күз келеді. 
Күз: 
Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
Ырысқа толы қоймалар , 
Сабан тойы тойланар. 
Берекелі күз болам, 
Байлыққа мұртың майланар. 
- Сендер мені шақырдыңдар ма? 
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын Күз! Сені шақырған біздің балалар. Алтын Күз, сіз бізге көмектесіңізші. Бұлт пен Күн екеуі кім мықты?, кім бірінші? Деп дауласып жатыр. 
Күз: Олар неге олай дауласады? Қане, балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық. Ол үшін ойын ойнайық. 
Жүргізуші: 
Күн менен су бар жерде, 
Бау – бақшад гүлденер. 
Ортаға шық , балалар, 
Кім көп теріп үлгерер..... 
Ойын: «Тамшылар мен жапырақтар» 
(кілем үстінде тамшылармен жапырақтар шашылып жатады.2-4 бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды). 
Күз: 
Жарайсыңдар , балалар! 
Күн менен Бұлт тату болса 
Бәріде көңілді. 
Орманда да әр жерден 
Саңырауқұлақтар көрінді. 
Би: «Саңырауқұлақтар» Picture 3

Күз: Міне балалар Күн мен Бұлтты татуластырдық.

Бұлт. Иа, рахмет сендерге балалар. Біз енді ренжіспейміз.

Күн: Біз екумізде керек екенбіз. Ренжісуге болмайды екен.

Жақсы балалар сау болыңдар, біз қайтайық.(екеуі шығып кетеді)
Жүргізуші:    Күзім-ау, күзім-ау!

                         Мінезің бұзық-ау  

                         Жаңбырың сіркіреп,

                          Келгенің қызық-ау!  

Picture 1 Би: «Қолшатыр биі»



Күз: Қандай керемет! Балалар мені де қайтатын уақытым келіп қалды

                             Берекелі бақ-дәулет,

                             Арта түссін тойланып.

                             Сау болындар, балалар,

                             Келгенше жыл айналып

(Күз шығып кетеді)

Жүргізуші: Мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз.

Тақпақтар:


Ән: «Бұл Алтын күз»

Жүргізуші: Ал енді көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады)
Би: «Жемістер»

Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!















Picture 3





Picture 1




Picture 4















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!