Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз" мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге музыка жетекшесіне кажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші: Қараңдаршы балалар, бүгін музыка залдың іші қандай әдемі.

Біз бүгін Күз ханшаймын қонаққа шақырдық.

Күзді қарсы алуға бәрі дайын, тек Күз ханшайымы әлі келген жоқ.

Мүмкін бізді таба алмай жүрген шығар?

Қане өлеңімізді қатты айтып берейік, күзді қонаққа шақырайық. 


Ән: «Күзгі вальсі» 


Жүргізуші: Ал біздің балалар өз лебіздерін айтуға шығады

Тақпақтар

1 Інкар,.

Жеміс мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Айда,

2.Апорт деген алма бар

Жер жаратын атағы,

Ондай алма қайда бар.

Алматы оның Отаны

Мадина,

3.Мен моншақты шиемін

Құмарсындар білемін,

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегім.

Нұрали

4.Нан атасы бидаймын,

Нанды елге сыйлаймыз

Піскенімде мен қырда

Қауызыма сыймаймын

Нұрайым

5.Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрғанол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып

Самира

Жапырақ ұшты

Суықта түсті

Сондадад бізге

Қызық коп күзде




Желдің әуені естіледі, залға жел кіреді.

Жел: Мен - Күзгі желмін. Бұлттарды көшіріп, жапырақтарды алысқа ұшырамын. Жүргізуші: Жел, жел, сен асықпа. Бұлттарды көшіресің, орманда жүріп, жапырақтарды алысқа ұшырасың. Сен Күз ханшаймын көрдің бе?

Жел: Жоқ! Мен Күз Ханшайымыны көрген жоқпын,

Сізбен айналасуға уақытым жоқ, басқа да іс-шараларым бар. (Жел тағы да бір айналып)

Жүргізуші: Жаңбыржан, сен орманға барып Күзді іздеп көрші, Мүмкін ол адасып та қалған болар.

(Жел тағы да бір айналып залдан шығады).

жаңбырдың әуені естіледі, музыка залына Жаңбыр кіріп билейді, айналады)

Жаңбыр:

Мен Жаңбырмын, Жаңбырмын

Жазда болдым әлсіз мен.

Күз менің жыл мезгілім,

Көп күттім ғой оны мен!

Қыркүйекте бар жерді,

Әр ауланы, әр үйді,

Жаңбырмен батырам!

Қазан айы – дауыл - шаң,

Суық желмен ұласқан.

Қарашада суытар,

Суық күндер басталар!

Жаңбыр: Аха, Күз ханшайымын таппайсыңдар. Мен оны жаңбырмен сулап, жапырақтармен жауып тастадым

Жүргізуші: Жаңбыр, сен асықпа, бізбен бірге мерекені тойла, балалар сенімен билегісі келеді

Би «Виноватая тучка» (ер балалар)


Жаңбыр: Жарайды, сендер менің көңілім кішкене көтердіңдер. Бірақ мен Күз ханшайымды жіберменмін. Менің бір шартым бар, менің сендермен ойын ойнағым келіп отыр, егер де сол ойында мені жеңсеңдер, онда мен күзді қайтарып беремін. Менімен келісесіңдер ме балалар? (балалар бәрі бірге «Ия, келісеміз» деп жауап береді).

Жүргізуші: Жарайды, Жаңбыр, балалар сенімен «шалшықтан секіріп ойын ойнағысы келеді

«Шалшықтан секіру» ойыны


(бала бір аяғына галош киіп, шалшықтан секіреді, жанбыр галошты киіне алмай уақытына секіріп алмайды)

Жаңбыр: Бұл шайқастан жеңілдім. Бірақ сөзімде тұру керек, Күзді қайтарайын. Күз ханшайымы балабақшаға мерекеге жеткізейін, жолын ашайын.

(Жаңбыр шығып кетеді залдан)


Әуенмен музыка залына жалқау қыз кіріп келеді.

(Ол кәмпит жеп келе жатады, қолында сыпырғыш, ол ұқыпсыздықпен заланып күзгі жапырақтарды әрі-бері сыпырып ән салады. 
Жалқау қыз: Оңға да, солға да, жапырақ ұшады, 
Күзгі бақ біздерге қош деп айтады. 
Жапырақтар ырғалып әсем билейді, 
Күзгі жел оларға әнін айтады. (сыпырғышты әрі қарай тастайды) 
Жалықтым! Екі ай болды осы жапырақтарды сыпырып жүргеніме, олар анда-мұнда ұша береді. Сыпырғым келмейді, жалықтым! 
Жүргізуші: Қарашаш, саған не болды? Жапырақтар түскенде қандай керемет, әдемі. 
Жалқау қыз: Әдемі, әдемі! Әдемілігіңізге менің жұмысым қанша? Анам күнде сыпыр, сыпыр дейді. Ал мен ерінемін! 
Жүргізуші: Қарашаш өзің жалқау екенсін! Егер сен жапырақтарды жинауға шаршасан балалар саған көмектеседі. (ойын шарты айтады)
Ойын: «Жапырақтар жинау»  (2 түрі жапырақ ажырату)
Жалқау қыз: Балалар рахмет сендерге маған көмектескендеріне, ал сендер би билеуді білесіндер ме? 
Жүргізуші: Әріне біледі. Қазір біз саған көрсетеміз. 
Би: «Озорные ленты»  (қыздар)

Жалқау қыз: Керемет, маған өте ұнады. Бірақ-та ...... Мен, балалар да, Күз Ханшайымы келмегеніне уайындаймын.....

музыка залына Жаңбыр мен Күз кіріп келеді.
Күз: Сәлеметсіз бе достар, сендерді көргеніме қандай қуаныштымын. Мені құтқарғандарыңа көп - көп рахмет. Мен өте бақыттымын.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Алтын күз! Біз саған өте қуаныштымыз!

Күз: Жел маған «Салтанат» балабақшасының балалары мені қонаққа күтіп отыр деп жеткізді. Сендер Жаңбырдың көңілін көтергесін ол мені босатып әкелді. Балалар, барлықтарын қандай әдемі болып отырсыңдар, залды да әдемі безендіріп қойыпсыңдар. Маған өте ұнайды.

Жаңбыр: Күз Ханшайымы, сізден, балалардан кешірім сұраймын. Сіздің достарың қандай жақсы.

Күз: Жаңбыр, біз сені кешіреміз.

Жаңбыр:: Ия, кешіріңдер, енді мен осындай қылық жасамаймын.

Жүргізуші: Балалар, кешіреміз бе? (балалар: «Ия» дейді).

Ендеше Жаңбырға Өз лебіздерің білдірейік. Қабыл алаңыздар!

Тақпақтар

Айғаным

Картоп біздің атымыз

Жерастында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағаынбыз бәріміз.

Мади

Өсіретін бойынды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз.

Рамина

Асханадан шықпаймын

Атым пияз, бұқпаймын

Көзден жасты шығарам

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Айдана

Қып-қызыл боп қалғанда

Ауызына салғанда

Не жетеді шіркін ай

Қызанаққа жалғанда.

Жаңбыр: Рахмет, балалар, Ал мен енді өрістерді, ормандарды суару керекпын. Сау болыңдар, балалар!

(Жауын балаларға қолын бұлғап шығады)


Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балаларымыз Сізге арнап өз өнерлерін көрсеткісі келіп, тақпақтарын айтқысы келеді. (ортаға 3 бала шығады)



Айзере.Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Адиля Алақай! Алақай!

Шаттанды балақай!

Күз түсті, дән пісті.

Айтамыз алғысты.


Самир

жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Султанна

Сарғайады тоғай

Сап сары маңай

Соңғы әнің айтып

құс кетті қайтып
Күз: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнайсыңдарма менімен? 
Жүргізуші: Әрине, ойнаймыз. 

Күз: Қарашаш, қызым, менің себетім қайда? Әкелші. (Жалқау қыз әкеліп береді) Менің себетте көп күзгі сыйым бар

Жалқау қыз: Менің де ойнағысы келеді


Ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырату»

Би Зонтики


 Күз: Рахмет сендерге балалар, мені өте қуантындар. Қарашаш, сен балалармен қосылып ән айтып бере аласыңдар ма? 
Жүргізуші:Әрине айтып береміз. 
Ән «Алақай Алтын күз» 
Жалқау қыз:Ой балалар мен сендермен жақсы көңіл көтердім,көп-көп рахмет сендерге балалар.

Күз Ханшайымы, мен енді жалқау болмауға тырысамын, мен анама тәртіпті қызболамын деп уәде беремін
Күз: Жарайсың, Қарашаш. Сен біздің балалар сияқты еңбекқор болып тырыс бол. Ал мен сендерге күздің сыйын алып келдім, тәтті орман алмалар.

(Күз сыйлықтарын беріп кетеді, қоштасып кетеді). 

Келесі жылда келемін, Келесі кездескенше! Сауболыңыздар балалар!


Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды.

7


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
408
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12