Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің
«Ертіс ауылының сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
«Алтын күз»
«Балдырған» тобы
Өткізген тәрбиеші: Жусупбаева Д.К
Ертіс ауылы
«Алтын күз»
Күз мерекесіне арналған әсем әуен орындалады, балалар әдемі киінген күйі залға кіреді.
Жүргізуші . Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері,балалар,сіздерді «Балдырған»-тобының күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз .Қош келдіңіздер!
Тоңазып отырып
Көп жеміс піседі,
Сарғайып жапырақ
Судырап түседі.
Үстінде егін жай
Салқын жел соғады,
Гүл жапырақ шөптерде
Қурап, қурап салады
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай мезгіл болады.
Балалар: Күз мезгілі ,(Балалар орындарынан тұрып ән айтады.)
Ән. «Күзге сәлем»
Балалар орындарына жайғасады,жақсы музыка әуені орындалады, осы кезде «Күз ханшайымы» кіреді.Балалармен амандасады.
«Күз ханшайымы» Амансыңдарма балалар,
Ерінбестен еңбек етіп келетін
Еңбекшіл бар жемісін беретін,
Мен Күз ханшайымымын
Ынтымақты елімнің,
Берекелі ырыс болып келетін ,мен сендерге құр келген жоқпын, өзіммен бірге піскен жеміс ала келдім, сондықтан алдымен сендермен ойын ойнайын, солайма балалар:
Ойын .
Шарты:Балалардың көздерін байлап, қандай нәрсе екенін, сипау арқылы немесе иіскеу,дөңгелекпе, сопақпа ,қандай жеміс екенін сұрау.(3-4 балаға ажыратқан баланы мақтап мадақтау.)
Жүргізуші.Күз ханшайымы біздің балалардың, сізге дайындап келген жақсы тақпақтары бар соны тыңдағыңыз келмейме?
«Күз ханшайымы» Жарайды, жақсы демалып қалатын болдым.
Арайлым. Шиемін мен шиемін
Піскен тонды киемін
Бала келсе қасыма
Басымды мен иемін.
Фатима. Мен жүзіммін жүзіммін
Моншақ болып тізілдім
Сары күзде үзіліп
Себетке кеп тізілдім.
Роман. Алақай, алақай
Шаттанады балақай.
Аслан. Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.
Мансур. Асханадан шықпайтын
Атым пияз бұқпайтын
Көзден жасты шығарып
Тұмауданда сақтаймын.
Жансая. Алтын сары, қызыл көк
Алуан алуан жапырақ
Дамир. Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.
Милана. Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.
Күз ханшайымы: (Балаларды мақтап мадақтайды, орындарына жайғастырып отырғызады, осы мезгілде есік қағылады,)
Жүргізуші. Балалар біздің топқа біреу қонаққа келе жатқан сияқты кім болды екен, осы кезде қолында үлкен сәбізі бар қоян кіріп келеді.
Қоян. Балалар сәлематсыздарма мен сендерге қонаққа келдім, сендерге Күз ханшайымы келіпті ғой –қандай тамаша , олай болса мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр ойнаймызба? Алдымен шартын тыңдаңдар.
Шарты: Менің қолымдағы себетте жемістермен көкөністер бар оларды жерге шашып тастаймын , ал менің жейтінім тек сәбіз ғана .Сондықтан осылардың арасынан тек сәбізді жинап, менің себетіме салып берсеңдер , мен қуанып қалар едім.Кәне балалар ойынды бастайық.(ойын 3-4 рет қайталанады.)
Ән. «Жау –жаңбыр»
«Күз ханшайымы мен Қоян» :Балаларға риза болып рахметтерін айтып «Күз ханшайымы қолындағы жемістерді балаларға таратып бередіде қоян екеуі қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші. Жел тұрады жалықпайды
Күн жылытып жарытпайды,
Жапырықтар жерге қарай
Қалықтайды, қалықтайды—дегендей біздің тобымыздың дайындаған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.
Қош сау болыңыздар!!!
Қарттарын қадірлеген ел ардақты» мерекелік іс-шара
Мақсаты: Көпті көрген дана
қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат
боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет
ете білетін инабатты, ақылды, ата – баба аманатына адал, ұлттық
тәлім – тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді,
төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кеңін арқалаған айбынды аталар «Балдаурен» бөбектер бақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «1 қазан – Қарттар күніне» орай ұйымдастырылған «Қарттарын қадірлеген-ел ардақты» атты мерекелік іс- шарамызға қош келдіңіздер!
Ата-әже ауылымның
асылдары,
Жйнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке шашулары деп біздің сіздерге арналған
мерекелік іс-шарамызды ашық деп
жариялаймыз.
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісіне және де ауыл әкіміне берсек.
Егеменді ел болып
қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
Ән: «Әжем»
Жүргізуші: Ата – әже
мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын
Балаларымыздың сіздерге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар!
Дамир: Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
Милана: Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Арайлым: Мен атамның жалғасымын
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Ағзам: Ата отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз
Айдина: Менің атам-дана
Айтқан тілін алам
Бата беріп өскенде,
Менде атамдай болам
Жансая: Жақсы көрем атамды,
Жақсы көрем әжемді,
Ақыл сөзі мақалды
Екеуі де әдемі.
Жүргізуші: Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Би: «Қазақ биі»
Жүргізуші: Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар.
Көрініс: «Атасы мен немересі»
Осы көріністен шығатын қортынды: аталар мен әжелер сіздердің осындай ақыл, кеңестеріңіз өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымызға үлгі-өнеге және де біз үшін ауадай қажет. Әрқашан ақыл, кеңестеріңіз таусылмасын.
Ән: «Қошақаным»
Саша: Әже деген көп шығар,
Әжедей адам жоқ шығар,
Мейірімді бұл кісі
Қандай әсем күлкісі.
Мансур: Менің әжем ақ әжем
Алтын әжем күн әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Аслан:Әжетай, әжетай,
Сізді жақсы көремін.
Көп ертегі тақпақтар,
Сізге айтып беремін.
Мария:Пожилой — не значит старый
Очень мудрый — это точно
За людей таких с гитарой
Да поздравить надо срочно!
Ойын: «Кім жылдам?»
Ойын шарты: екі әжеміз ортаға шығып дәмді салат дайындауы керек.
Ән: Ерболат Абдуллаевичтің орындауында
Ән: «Асыл әжем» Ерболат Абдуллаевич пен тәрбиешінің орындауында
Жүргізуші: Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін – деп тілек тілеп бүгінгі
кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп
рахмет. Енді, сіздерден осы тәрбиеленушілерімізге бата
берулеріңізді сұраймыз. Балаларымыздың сіздерге арнап жасаған
кішігірім сыйлықтарын қабыл алыңыздар!
Қарттар мерекесі.
Құрметті ата - ана балабақша ұжымы 1 - қазан қарттар мерекесімен
құттықтаймыз.
Мемлекетімізде осыдан 24 жыл бұрын 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 -
қазан қарттар
күні деп есептеуге қаулы шығарды.
Қарттарға қамқорлық - біздің халқымыздың саңасына терең сінген
қасиет.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сабырлы саясатының арқасында
елімізде
қарттарға қамқорлық жасауда ауқымды шаралар көп деп жасалып жатыр.
« Қарттары бар
ел - бақытты ел» дей отырып « Атадан балаға өнеге» атты кешімізді
ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі балабақшамыздың өнегелі, өнерлі үлгілі отбасының аталарын
ортаға шақырамыз.
1. Усаханова
.А.Д
2. Хайдарова .М.Ж
3.Амренов .П.Л
Бүгінгі 1 - қазан қарттар мерекесімен құттықтау сөз балабақша
меңгерушісі Сыздыкова Г.С беріледі.
«Атадан балаға өнеге» атты тақырып бойынша аталарымызға 4 - түрлі
тапсырма берілген болатын
1 Таныстыру
2 Шебер қол
3 Өнер Ән, ертегі,
4 Бәйге Сұрақ - жауап.
Аталарымызға кезек береміз
1. Таныстыру.
Құзы терең, тең құлашты шалқардай
Ғасырларда сырлар шертіп айтардай
Отырады үй төрінде қомданып,
Аман болшы, аман болшы қарттарым - дей отырып бүгінгі мерекемен
құттықтау сөз кезегі балабақшамыздың 2013 жылғы
түлектеріміздің құрметті атасы Аманғали атаға береміз.
Кен даланың қоңыр лебі - үнінде
Дархан елдің даналығы - тілінде.
Тамылжыған табиғаттай табиғи
Ақ батасы атаның немереге -
Дей отырып.
2 - тапсырма
Шебер қол. Үй тапсырмасы.
Ән « Балдырған»
Сезім, Аида.
Не деген атам қазақ ойшыл адам,
Бұлбұлдай құйқылжытып күй шығарған,
Ауылдың алты ауызын өзі шырқап
Мейманнан дүние емес ән сұраған.
Дей отырып
3 - тапсырма
Өнер. Ән, ертегі
Тақпақ
Мәңгі өшпейтін атақ-даңқ
Жүрегімнің лаулап отын жақты.
Ерлігіңді жалғастырар бақытымын
Сендер ғой маған берген осы бақты - деп
4 - тапсырмаға кезек береміз
Бәйге. Сұрақ - жауап.
1. Тәуелсіздік алған күн қашан? «1991 жыл»
2. Ел рәміздері бекіген жыл? «1992 жыл»
3. Қай жылы төл теңгелер айналымға шықты «1993 жыл»
Бүгінгі берілген 4 - тапсырманы аталарымыз үлкен дайындықпен үздік
орындап шықты,
аталарымызға алғыс білдіріп, мадақтау үшін ортаға балабақша
меңгерушісін шақырамыз.
Бүгінгі кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз «Тәрбие тал - бесіктен»
дегендей жас ұрпақты
үлкенді құрметтеуге, ата салтымызды білуге, бүгінгі аталарымыздың
өнерін бағалауға үйрету.
Осымен «Атадан балаға өнеге» атты бағдарламамыз аяқталды.
Сіздерге ең бірінші денсаулық, бала-шағаларыңыздың қызықтарына
тоймай ортасында
Өмір кешулеріңізге тілектеспіз
Сау болыңыздар!
|
Наурыз - жыл басы! Мақсаты: «Наурыз» мейрамы
туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету
және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. 2-жүргізуші: 2-жүргізуші: 1-жүргізуші: 2-жүргізуші: 1-жүргізуші: Балалардың тақпақтары: Наурыз келді, жайраң қақты таң
күліп,
Хор: «Наурыз той» Доңыз жылы кел төрлет, Құтты болсын Наурыз той! Қыс
өтіп , қар кетіп, Ұлыс бақыт әкелсін, Көктем жетті көл-көсір шуақ болып, Ән. «Наурыз думан» Бақта құстар сайрайды, Күн
мен түн теңелді, Көгерсін деп халқымыз, Малдар төлдеп, қой қоздап, Ән: «Шақырады көктем» Наурыз қыз: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне
тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді
астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық,
молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Тапсырмалар: 1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ,
не жетім? 2. Қандай ырым мен тыйым
сөздерді білесіңдер? 3. Жеті атаңды ата. 4. Сүттен жасалатын тағамдарды
ата. 6. Ұлттық ойындарды ата. Би: «Түркістан» Құт- береке Наурыз айым келді деп, Аспанымда ақша бұлттар аунайды, Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім, Бата беру Ұлыс оң болсын, |
Ана-өмірдің шуағы
Тақырыбы: « Ана-өмірдің шуағы.»
Мақсаты:Балаларға аналар мейрамы туралы түсінік беру.Барлық аналарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Балалардың ой өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: ана туралы мақал-мәтелдер, гүлдер, ленталар, шарлар, үнтаспа.
Сабақ барысы:
(үнтаспадан «Анашым» әні баяу ойнап тұрады.)
Жүргізуші: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын бастайық.
Балалар хормен аналарды құттықтайды:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың,
Аман-сау бол,ақ мамам.
Жүргізуші:Құлпырған күн келді
Жылу тартып бойына
Ұстаз, ана кемеңгерді
Құттықтау тұр ойында.
Ал, балалар, халайық,
Бәрің,бәрі қараңдар,
Тіршіліктің бастауы
Көктемді қарсалайық.
Көктем (музыка ойналғанда кіреді):
Сәлем, достар аман ба?
Мыңау бейбіт заманда
Мен көктемнің жаршысы,
Қуантамын бәріңді.
Балалар көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар:(күн жылынады, қар ериді, құстар сайрайды, ағаштар бұршік атады, бәйшешек гүлдейді).
Көктем:Дұрыс айтасындар, ал көктем айының алғашқы нұрлы мерекесі қалай аталады?
Балалар: Аналар мерекесі.
Көктем: Сендерге қарасам бүгін аналарды мерекесімен құттықтауға келген сияқтысындар.
Балалар: Иә.
Көктем: Ал, сендердің өңерлерінді тамашалайық.
Балалар дайындаған тақпақтарын кезекпен айтады.
1.
Фатима
Мәпелепменіөсірген
Ризамын мен өзіңе.
Анадегенкеремет,
Сыйлапөтемөмірде.
2.Дамир
Мамочка любимая,
С праздником тебя!
От души подарок,
Только для
тебя!
3.Қайсар
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
4.Жазира
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
5.Айсана
Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
6.Жансая
Ақ сүт берген балаңа
Күш – жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған
7.Аслан
Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.
8.Мансур
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
9.Арайлым
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.
10.Айдина
Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
11.Али
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
12.Милана
С 8 Марта,мамочка
Счастья и любви
Лучше нету на земле
Мамочка чем ты!
13.Александр
Маму,бабушку сестренок
И конечновсех девчонок,,
От души я поздравляю
Счастья радости желаю!
14.Роман
Мамочка
красивая
Добрая и
милая.
С 8 Марта,
мамочка
Самая
любимая!
15.София
Поздравляем с днём весны
Наших милых женщин!
И желаем счастья мы
И забот поменьше!
Пусть подарки круглый год
Добрый ангел раздаёт!
16.Анель
Свою мамочку
люблю,
Крепко
обнимаю
И поздравить в
этот день
Раньше всех
желаю.
17.Ансар
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
17.Таныберген
Мен анамды сүйемін
Сөзің ойға түйемін
Анашымды ардақтап
Басымды оған иемін
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір – бірден
Анамызға сыйлаймыз.
Балалар аналарға дайындаған сыйлықтарын табыс етеді.
Осымен біздің шағын тәңертеңгілігіміз аяқталды аналарға бақыт, денсаулық, бірлік тілейміз.( Анашым әнін хормен айтып аяқтаймыз).
Жаңа жыл
Тақырыбы: Жаңа жыл
Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке, әсемділікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, аялауға, еңбек етуге үйрету, тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян.
Жүргізуші: Армысындар, ағайын!
Бармысыздар,ағайын!
Сіздерді жаңа 2013 жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін!
Ақ көңілмен айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады.
Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады. Артынан түлкі қуа жөнеледі.
Бауырсақ: Тимеші мені,
Жемеші мені.
Жаңа жылды тойлауға барамын.
Асыр салып, би билеп,
Қошаметке мен қаламын.
Түлкі: Жоқ, жоқ. Мен сені жеп қоямын, бауырсақ.
Жүргізуші: Қой, түлкі, тиме бауырсаққа. Оданда бізбен бірге шырша мерекесін тойлауға қал да, қызықты тамашала.
Түлкі: Ендеше мен орманға кетемін (шығып кетеді).
Артынан жүгіріп қоян кіреді, шыршаны айнала «Құтқарыңдар, құтқарыңдар!» деп жүгіреді.
Жүргізуші: Қоян-ау, саған не болды?
Қоян: Қасқыр қуып келді. Біз Аяз атаны қарсы алуға шығып едік. Жолда түлкі мен қасқыр бізді қуды. Әне қасқыр келді. Құтқарыңдар! (қасқыр кіре қоянға ұмтылады, жүргізуші оны тығады).
Жүргізуші: Батырым-ау, бұл қай басынғаның! Тоқтат енді. Көк жалды, айбарлы, қулағаның «қасқыр» деген даңқына сай емес қой. Ал айт жөніңді мына қоян саған неге қажет болды?
Қасқыр: Түлкі ғой, ұста деген.
Жүргізуші: Неге? Өзі қайда?
Қасқыр: Өзі Аяз атаны балабақшаға келтірмей адастыруға кетті. Ал мен қояндарды жегім кеп, осы жерге жеттім.
Жүргізуші: О, қу түлкі, жүрген жері айқай шу, түлкі! Бауырсақ бір қуып, қояндарды үркітіп, бір шатақты ұйымдастырмаса жүре алмайды-ау. Қасқыр сен қазір балаларға қонақ болып осында қаласың. Ал қоян мына жедел хатты ормандағы Аяз атаға жеткізсін. (Қояндар хатты алып шығып кетеді).
Би: «Балапандар».
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата жоқ қой әлі. Мүмкін бір дауыспен Аяз атаны шақырамыз?
- Аяз Ата, Аяз Ата!
Есік ашылып Ақшақарын ертіп аяз ата кіреді.
- Сәлеметсіндерме балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Алыс жолдан келіп қалдым, Ақшақарымды ертіп алып, қандай өнерлерін бар екенін тамашалауға. Кімнің өлен тақпағы бар, мен соны тамашалауға келдім.
Жүргізуші: Әсем ән де, би де бар.
Отыр, Ата, сәл демал!
Ақшақар: Көрікті шыршамыз,
Шамдары самсаған.
Көңілді ұлпамыз.
Көп билеп бұралған.
Жүргізуші: Аяз ата, біздің балаларымыздың әнін қабыл ал.
Ән: «Тауда туып».
Жүргізуші: Аяз ата әнмен қатар біздің балалардын жаңа жылға, сізге, Ақшақарға арнап дайындаған тапақтар бар соларды қабыл алыңыздар.
Даниял: Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны.
Кімнің әні, күйі бар?
Кімнің әсем биі бар?
Кімде жақсы тақпақ бар?
Жаңа жылды мақтап қал!
Той-маскарад басталды,
Жанэлия: Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Аралап қайтайық,
Ақ күміс қарларды.
Жүргізуші: Өте жақсы балалар. Аяз ата осы неге біздің шыршамыздың шамдары неге жанбайды? Барлығымыз бірге аязатаға көмектесейікші.
Қуант бізді, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Жүргізуші: Біздің балалардың тапақтарын тамашалаңыз.
Балерке: О, алақай, Аяз ата!
Келе жатыр алыстан.
Кел,билейік, үйренейік.
Ол келгенше жаңа асыр!
Әділжан: Құтты болсын, құтты болсын.
Құтты болсын жаңа жыл!
- Бәрекелді балалар. Барлығыңда мерекеге жақсы дайындалыпсыңдар: Ал, құрметті Аяз ата, осындай ақылды балаларға сіздің сыйлықтарыңыз бар ма?
Аяз ата: Әрине бар ғой. Бағана түлкі алып қалып еді көмектесемін деп. Түлкі, әй түлкі қайдасың өзің?
Ортаға қобдишамен түлкі келеді.
- Ха,ха,ха! Алдап қойдым, алдап қойдым.
Аяз ата: Түлкі жылдам айт, сыйлықты қайда жібердің?
Осы кезде шананы сүретіп бауырсақ пен қоян кіреді.
Бауырсақ: Аяз ата, ренжеме, түлкі мен қасқырдан құтқардыңдар. Рахмет! Міне сендердің силықтарың! - дегенде, қасқыр кіріп келеді:
- Сендер менсіз балаларға силық таратып отырсындар ма? - деп, бірге Аяз атамен силықтарды таратады, соған қызыға қарап, барлығы достасып силық таратады.
Аяз ата: Рахмет сендерге балалар, біз енді қайтайық, басқа топтарды аралап, дос болуға тәрбиелейік.
Артынан Қоян, Қасқыр, Түлкі, Бауырсақ рахметтерін айтып қол ұстасып шығып кетеді.
Жүргізуші: Әкелді жыл тыныштық,
Жарқын өмір жаңаша!
Жаңа жыл тамаша!
Осымен біздің жаңа жыл мерекесіне арналған концертік бағдарламамыз аяқталды. Назарларынызға рахмет.
Отбасындағы бала тәрбиесі
Бала тәрбиесінде — отбасы ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені ата-ана — басты ұстаз. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ананың ақ сүтімен, абзал тәрбиесінің жемісі. Отбасы – десе әр адам өзіне қатысы бар деп ойлайтыны анық жағдай. Отбасын ата – ана және бала құрайды. Оның кез – келген мүшесі бақытты да төрт құбыласы тең болуды қалайды. Бірақ сондай жағдайды жасауға біреу әрекет қылса, біреу құдай берер деп көктен күтумен уақыт оздырары белгілі жағдай. Әрбір ананың ойлайтыны баласының бақыты екеніне менің күмәнім жоқ. Ал, бақытты бала қандай болуы керек? деген сұрақтың жауабын кім – кім де болса іздейді. «Кемшілік хан қызында да болады» демей ме халықта, сол айтқандай бейбіт өмірде де қиындық жоқ деуге болмайды. Тек сол қиындықты басынан өткізу арқылы оның соңындағы қызықты да көре білген жөн. Басқа түскен әрбір күйзеліс кезеңінде өз – өзіне сенімді, белсенді адам ғана өмірдің сол қараңғы түнегінен жарықтың саңылауын көре біледі. Тірлік қылмай өмірге өкпелеп өтетін де адамдар жоқ емес. Баладағы тәрбиенің іргетасын қалайтын ол — отбасы. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөз бекер айтылмаса керек. Неліктен көп жағдайда бала ата – анадан асып кете алмайды? Осы сауал мені көптен мазалап жүрген сауалдардың бірі. Бала – періште. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ол ана сүтін еміп, ананың әрбір шығарған демін сезініп өседі. Ең қарапайымы, баланы емізген ана қандай сезімде отырса, бала соны сезінеді, әр демнен ананың көңіл күйіндегі өзгерісті де баланың сезінетінін түсіндім. Бала есі кіре бастағаннан – ақ «Анам, менің анам. Анам бәрінен де күшті, ол бәрін біледі» деген оймен өседі. Сәбидің ойынша, өз ата – анасынан асқан білгір, данышпан, оған қорған болар адам жоқ. Осы бала санасындағы ойлар біртіндеп өз күшін жоя бастайды. Оған себепші біздер, яғни ата – аналар. Бала ата-анадан нендей себептермен асып кете алмайды деген сауалыма менің тапқан жауабым: «Балада әсіресе мектеп жасына жеткеннен кейін сұрақтар көбейетіні анық, сол сұрақтың бәріне бірдей біз жауап беріп жатуды өзімізге міндет санамаймыз. «Білмеймін» деген жауап қайтаруды жиілетеміз. Ал, күні бүгінге дейін ең білгір, ең ақылды адам деген ата – анасы білмеймін деп жауап бергенде, бала не ойлауы мүмкін. Әрине «олар білмегенді мен қайдан білемін» немесе «осыны білмеген менің ата –анамда ел қатарлы күн көріп жатыр ғой, маған да соны білудің қажеті бола қоймас» деп ойлайды. Осы «Білмейміннен» кейін баланың да даму қарқынына нүкте қойылары хақ.
Бала тәрбиесі ол — үлкен бір ғылым. Бір отбасында жалғыз бала болса да, 6-7 бала болса да балаға берілген тәрбиеде кемшілік болып жатады. Дана халқымыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген, қазіргі уақытта ол күндердің әдебін көру көп жағдайда мүмкін болмай отыр. Ең әуелі олар баланың алдындағы өз міндетін біліп, сол міндетті жеткілікті дәрежеде орындауы тиіс. Ол дегеніміз, байлық пен барлық қана емес, балаға рухани байлық керек. Жақсы мен жаманды ажырата білгені жөн. Өмірдің мәні тек ақша мен байлық деген ойдан баланы аулақ салу қажет. Адами қасиетті бала бойына дарыта білу кез – келгеніміздің қолымыздан келе бермейді. Тіршілік қамымен жүріп балаға мүлдем көңіл бөлмейтін де, өз машақатымен айналысып балаға тәрбиенің керек екенін ұғынбайтын да, тәрбиеде ең бастысы тәртіп деп балаға тым қатал қарайтын да, қазіргі балаға қатты айтуға болмайды деп баланың ыңғайымен жүретін де, менің жиған – тергенім балама жетеді деп қалтаға сенетін де, басқа жұрт не десе о десін менің балам ең тәуір бала деп баланы жақтап отыратын ата – ана да жоқ емес. Мен өз өмірімдегі осындай жағдайларды ескере жүріп, балаға қойылатын талаптың да, оған берілетін еріктің де өз шегі болуы керек екеніне көз жеткіздім. Демек, бала мен ата – ана арасында өте тығыз байланыс жүру керек. «Баланы жастан» деген, бала тәрбиесі бесікте жатқаннан басталу керек. Бала жылады деп көп көтерсе ол соған дағдыланады. Мезгілсіз мекенсіз тамақ берсе соған да үйренеді. Бесікке байласа жылай береді деп бесіктен жиі босата берсе, нәресте бесіктен мүдем шығып алады. Осылайша бала бесіктен белі шықпай жатып өз дегенін жасатуға дағдыланады. Бала үшке толғанда «болады» мен «болмайдыны» білуі тиіс. Бала тәрбиесін бес жастан бастаймын дейтіндер де бар. Бес жастан қазір мектепке барады. Сонда мектепке келгенде бала өзіне рұқсат етілетін мен етілмейтінді ажырата алмаса одан не үміт, не қайыр. Мұғалім оған қалам ұстап жазуды үйрете ме, әлде болатын мен болмайтынды ажыратуды үйрете ме. «Қызым үйде, қылығы түзде» деп бекер айтылмаса керек. Бұл сөз тек қыздарға ғана қатысты деуге болмайды. Кез – келген бала өз отбасында, ата – ананың көз алдында жүріп көрсете алмайтын мінез — құлықтарын басқа қоғамда көрсетеді. Өзге біреуге әлім – жеттік көрсету, үлкенге қарсы келіп сөз қайтару сияқты үйде көрсетпейтін мінездерді далаға шыққанда көрсетіп жатады. Мұның бірін де ата – ана үйретеді деуге болмайды. Бірақ бұл да тәрбиеден кеткен қателік деуге болады. Ата – ана балабақшамен, мектеппен тығыз байланыста болуы керек. Бірақ сол нәрсеге уақыт тауып, менің балам басқа жерде қандай, оның сабағы қалай, өз тобында немесе сыныбында оның ролі қандай деп көңіл қоятын ата – ана жоқтың қасы. «Уақыт жоқ, мектептегі баланы қарасам үйдегі шаруам қалады немесе жұмыстан қолым тимейді» деген сияқты біздің тарапымыздан сылтау көп болып жатады. Сол сылтауларымыз сиресе, ата – ана үшін бала өзінің орнының бөлек екенін, оның болашағы олардың назарында жүргенін сезінер еді деп ойлаймын. Бала тәрбиесі мәселелерін әрбір ана не әке өмірлік тәжірибеден көріп үйрену керек. Балаға жылы қабақ қандай мөлшерде болса, қатал көзқараста сондай мөлшерде болуы тиіс. Балаға ата – ана тарапынан талап үнемі қойылу керек және оның орындалуы қадағалануы тиіс. «Балаға жаның ашыса, оны аяма» деген де сөз бар. Сол айтылған сөздің мағынасына тоқтап кеткім келіп отыр. Әр балада тәуліктің 2-3 сағаты ғана бос уақытқа бөлінуі тиіс, одан басқасында бала сабақта, үй тапсырмасын орындауда немесе ата –анамен бірге үй шаруасында болуы керек. Бос уақыты көп бала түрлі жаман әдеттерге үйірсектенеді, ең қарапайымы теледидардан мүлдем қарауға тұрмайтын жат нәрселерді қарап, өзіне қажет емес ақпараттарды алары анық жағдай. 12 жастан асқан бала отбасында ата – ананың оң қолы ретінде барлық шаруаға дерлік қабілетті болғаны жөн. Қазіргі уақытта ата – ана емес бала талап қоюға бейімделген. Ал, ата – ана сол мүмкіндікті балаға неге беретінін түсінбеймін. Ата – ана баланың алдындағы өз міндетін жоғары деңгейде атқарып отырса, әр нәрсені өз орнымен орындап, содан соң балаға талап қойса, ешбір бала қойылған талаптан бұлтармайды. Егер бала талап қояр болса, онда бұл талап тек баланың қажеттілігін қанағаттандыратын деңгейде ғана орындалуы тиіс. Бала талабын жеткілікті деңгейде орындау дұрыс емес. Есін білетін баланың бәрі тұрмыс жағдайында адам баласына қажет болатын әрбір нәрсенің қайдан, қалай, қанша еңбектің, қаржының арқасында келіп жатқанын оның құнының өтелуі тиіс екенін ұғынып өсу керек. Үлкендер кішілерге, аяқ астында тегін жатқан нәрсенің жоқтығын, оның бәрі тек еңбек арқылы келетінін, бала санасына жеткізіп отыруға міндетті.
Біз ата - аналар баланың ойлағанынан да жоғары деңгейде ойлауға тырысуымыз керек. Сонда ғана бала қиялындағы ғажайып, данышпан ата-ана бола аламыз. Бала тәрбиесіне көбірек назар аударайық құрметті ата – аналар! Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Білімді, саналы, қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ол біздің қолымызда. Бала бақыты ол — өміршең ата – ана. Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында.
Баланың отбасындағы тәрбиесі
Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. «Отан отбасынан басталады» демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.
Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз – адамгершіліктің асқар шыңы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады. Адамгершілік негізі – имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық, кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңірумен болған. Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдіетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді. Бүгінгі ұрпақ – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз – қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру.
Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады.
Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, мұғаліміне, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.
Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге-өсиетін сабақта ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын.
Әке-шешесі жақсы болса, балалары да жақсы тәрбие алып өседі. Бұл сөздерді біз өте жиі естісек те, соншалықты жиі «жақсы әке-шеше» деген сөз қандай мағына беретінін түсіндіре алмаймыз. Әке-шеше болатын адамдар жақсы ата-ана болу үшін арнайы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің ерекше тәсілдерін үйрену керек деп ойлайды. Әрине педагогикалық және психологиялық білім керек, бірақ бұл әдетте жеткіліксіз болып табылады. Адамның қандай да бір іс-әрекетін бағалағанда көбінесе біз белгілі бір нормалар мен идеалдарға сүйенеміз, тәрбие іс-әрекетінде мұндай нормалар жоқ. Әйел болуды, күйеу болуды үйренген тәрізді немесе қандай да бір жұмыста шеберлікке үйренген тәрізді әке-шеше болуды да үйренеміз. Жақсы әке-шеше болуда қандай да бір әрекет түрінде қателіктер, сенімсіздіктер, сәтсіздіктер, жеңілістер сонымен қатар жеңістер де болуы да мүмкін. Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады. Және де біздің жүріс-тұрысымыз, тіпті біздің балаға деген сеніміміздің өзі де күрделі, біз қалыпсыз, кейде қарама-қайшылықта болып келеді. Балалар бір-біріне қаншалықты ұқсамайтын болса, әке мен шеше де бір-біріне соншалықты ұқсас емес. Баламен қарым-қатынаста терең индивидуалды және бір-біріне ұқсамайтын болып келеді. Әке-шешенің көбісі балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды. Олардың ойынша баланы тым жақсы көру олардың ерке болуына, өзімшіл болуына әкеп соғады деп ойлайды. Бұл ойды жоққа шығару керек. Осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер керісінше, осы балаға деген махаббаттың жетіспеушілігінен пайда болады.
Баламен үнемі тереңпсихологиялық байланыс орнату – тәрбиенің әмбебап шарты болып табылады. Бұндай байланыс балаға қай жаста болса да керек. Ата-анасымен байланысты білу, сезіну – балаға әке-шеше махаббатын, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді. Осыған баланы сендіру керек. Тәрбие диалогын қалай құру керек. Оның психологиялық сипаты қандай болу керек. Ондағы басты мақсат – ортақ мақсатқа бірге талпыну, әр түрлі ситуацияларда әке-шеше мен баланың біржақты бағыт ұстануы болып табылады. Бұл көзқарастар мен бағалаудың міндетті түрде бірдей болуы керек деген сөз емес. Көбінесе әке-шеше мен баланың көзқарастары сәкес келе бермейді. Дегенмен мәселелерді шешуде екі жақ бір бағыт ұстанатын бала әрқашан білуі, түсінуі керек. Бала әке-шешенің тәрбиелеу объектісі емес, ортақ отбасылық өмірдің одақтасы болу керек. Сондықтан отбасылық өмірге, мақсаттар мен жоспарларға ортақтас болғанда ғана біржақты тәрбие жойылып, маңызды диалог құрыла бастайды.
Диалогтық тәрбиелік қарым-қатынастың ең басты сипаты – бала мен ересектің позицияларын тең деңгейде қоюы болып табылады.
Тәрбие диалогтан басқа өте бір маңызды ереже бар. Әке-шеше мен бала қатынасының бұл жағы психологиялық тілде – баланы қабылдау деп аталады. Қабылдау сөзінің мағынасы – баланың индивидуалды болуына, басқаға және әке-шешесіне ұқсаматйын болуына деген құқығын қабылдау. Баланы қабылдау – баланың өзіне сай ерекшеліктерін, тұлғалық қасиеттерінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын бірдей қабылдай білу. Ең алдымен әке-шешенің баламен қарым-қатынасын бағалауына назар аудару керек. Өкінішке орай көптеген әке-шешелерде «Өй, миғұла қолыңнан түк келмейді, басқа балаларға қарашы қандай, а?», «Неге ғана сені өмірге әкелдім екен?» сияқты сөздер әдетке айналып кетті. Ал, бала мінезінің ерекшеліктері мен тұлғалық қасиетіне жағымсыз баға беруден міндетті түрде бас тарту керек.
Қорытындылай келе, тәрбиедегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегім келеді.
-
Отбасында баланың жеке тұлға ретінде қарау;
-
Баланың өзін-өзі басқару (финанс, іс-әрекет, т.б.);
-
Баланың табиғатына сәкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт-бағдар беру;
Сонымен жаңа ғасырда, қоғам мүддесіне сай лайықты жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру отбасының, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.
Балаңыз мектепке дайын ба?
Ата-аналар! Бала мектепке барғысы келе ме? Қызығушылығы бар ма?
Осы сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру арқылы баланың білімі қандай деңгейде және мектепке барғанда нені білу керек екені анықталады.
1. Алфавит бойынша барлық әріптерді тану, білу;
2. Буындап қосып оқи алу;
3. Әріптердің баспа түрін жаза білу;
4. 1-ден 20-ға дейін тура және кері санай білу;
5. Өз аты-жөнін, мекен-жайын, туған күнін толық білу;
6. Ата-анасының аты-жөнін толық білу;
7. Жұмыс орнын, қызметін білу;
8. Мамандық түрлерін білу;
9. Адамның суретін салу, әр мүшесін атап беру (бас, аяқ, қол, көз, т.б.)
10. Жыл мезгілдерін білу;
11. Қазақша ай аттарын, апта күндерін білу;
12. Геометриялық пішіндерді атау, суретін салуды білу;
13. Сурет бойынша әңгімелей білу;
14. Құстардың аттарын білуі;
15. Балалар өз ойын толық жеткізе білу;
16. Оң, сол қолын ажырата білу;
17. ҚР рәміздерін білу;
18. Сөздерге сөйлем құрай білу;
19. Ұлттық ойындарды атай білу;
20. Үй және жабайы жануарларды ажырату;
21. Өлең, мақал-мәтел, жаңылтпаш айта білу;
22. Көлік түрлерін ажырата білу /суда, әуеде, жерде/
23. Ертегілерді атай білу және мазмұнын айту;
Жауап бергеніңізге рахмет! Аты-жөніңіз:
Баланың аты-жөні:
Анкета для родителей
«Подготовка ребенка к обучению в школе»
Совсем скоро
ваш ребенок пойдет в школу. И уже сейчас важно понять,
насколько он готов к этому, какие меры для его подготовки к
школе следует принять.
Просим вас ответить на вопросы данной анкеты.
1. Каким вы желали бы видеть вашего ребенка на пороге школы?
2. Как вы думаете, какие навыки и умения должен приобрести ваш ребенок в детском саду перед поступлением в школу?
3. Готов ли ваш ребенок к обучению в школе?
4. Какие характеристики говорят о его готовности к обучению в школе :
ребенок знает буквы и цифры ;
знает много стихотворений;
ребенок хорошо развит физически;
умеет находить контакт со сверстниками;
достаточно легко вступает в общение со взрослым;
способен выполнять задания, требующие проявления волевых усилий;
проявляет активный интерес к школе и школьной жизни;
много говорит о предстоящей учебе в школе;
проявляет желание скорее пойти в школу.
5. Готовите ли вы своего ребенка к обучению в школе и как?
6. Чему вы больше уделяете внимание и почему :
покупке школьных принадлежностей;
обучению ребенка иностранным языкам;
развитию памяти, воображения, внимания, речи;
развитию волевых качеств личности (умения управлять своим поведением, быть организованным, понимать и выполнять требования учителя и т. д.)
развитию умения общаться с окружающими людьми (сверстниками, учителями) ;
развитию мелкой моторики рук, координации движения руки и глаз;
умению элементарно рассуждать, делать выводы и умозаключения;
ориентироваться в пространстве.
7. Как часто вы разговариваете с ребенком о школе?
8. Как часто он задает вопросы о школе?
9. Чем интересуется ваш ребенок больше всего?
10. Отражает ли он полученные впечатления, знания о школе в разных видах деятельности? Приведите примеры.
11. Вы определились, в какую школу пойдет ваш ребенок?
12. Есть ли у вас опасения в отношении того, как пройдет период адаптации ребенка к школе?
13. Что вас больше всего беспокоит по вопросу подготовки ребенка к школе?
Ф.И.О родителя
Ф.И ребенка
Ата – аналарға арналған сауалнама
Баланың аты-жөні_________________________________, жасы_______
1. Балаға Сіз кім боласыз? Керектісін сыз немесе жаз: ана, әке, әже, ата____________________________
2. Сіздің балаңыз балабақшаны өз еркімен барғысы келеді деп ойласыз?
- ия
- жоқ
- көңіл күйіне байланысты
3. Сіздің пікіріңіз бойынша балабақшаға бала не үшін бару керек?
- мектепке дайындау үшін;
- қабілеттерін дамыту үшін;
- өзінің құрбыларымен қарым-қатынасу үшін;
- баланы қалдыратын ешкім болмаған жағдайда;
- әр түрлі__________________________________________;
4. Балабақшада Сізді не қызықтырады? 3-4 жауабын таңдаңыз.
- тамақтандыруды жақсы үйымдастырады, жақсы күн тәртібі, балалардың денсаулығын нығайту үшін әртүрлі жұмыстар жүргізеді;
- баланың тілін дамыту үшін нәтижелік жұмыстар жүргізіледі, мектепке дайындау;
- қызметкерлердің лауазымдық сапасы жоғары, баланың тәрбиешіге жақсы қарым-қатынасты;
- топ балаларының бір-біріне жақсы қарым-қатынасы, жоғары деңгейде материалдық-техникалық жабдықтандыру;
- серуенге арналған ойын аланың жақсы жағдайда болуы;
- ата-аналарға арналған психолого-педагогикалық кеңестіріледі;
- балабақшаның өміріне қатысуға мүмкіндік беру;
- балабақша үйдің (жұмыстың) қасында;
- әр түрлі____________________________________________
5. Бала тәрбиелеуге Сізде қандай қиындықтар кездеседі? Керектісін алыңыз.
- дұрыс жаза қолданылатын кездесетін қиындықтары;
- баланың достарының жоқтығы;
- баланың тәртібі бір қалыпқа салатындағы қиыншылықтар;
- баланың бос уақытын ұйымдастыруда кездесетін қиыншылықтар;
- басқалар
6. Ата-аналарға арналған тақырыптық кештеріне қатыстыңыз ба? Қатысқан кештерінің тақырыбын жазып көрсетіңіз:____________________________________________________
7. Барлық тақырыптық кештеріне қатыса алмадыңыз, қандай себептер болды? Толық жауаптарды жазыңыз:_____________________________
8. Бұл тақырыптық кештер Сізге несімен ұнайды?______________________________________________________
9. Осындай кездесулер бұдан да жақсырақ болу үшін тағы да нелер қосуға болады?_______________________________________________
10. Баланың балабақшадағы және қызметкерлермен қарым-қатынасын 1-ден 10 дейінгі шкаладағы белгілеңіз.
11. Сіз қандай мамандармен кездескіңіз келеді? Керектісін сыз: педагог-психолог, тәрбиеші, әдіскер, ән-саз жетекші, дене шынықтыру маманы, медбике, ешкіммен, барлығымен; басқалары:_______________________________________
Қандай ақпарат түрлерін алу Сізге
1. ыңғайлы? Керектісін сыз: топ жиналыстар; тәрбиешімен жеке әңгімелесуі; тәрбиешілермен жазбаша жұмыс жұргізу; ақпараттық стендттер шығару; басқалар: ________________________________________
2. Сіз мектепке дейінгі тәрбиенін педаготарына қандай тілек жолдайсыз?___________________________________________________

АНКЕТА «ДЕТСКИЙ САД ГЛАЗАМИ РОДИТЕЛЕЙ»
Коллектив детского сада проводит самоанализ работы нашего учреждения. Вы, являясь нашими коллегами в воспитании своего ребенка, можете оказать нам значительную помощь в объективной оценке работы дошкольного учреждения, что будет способствовать дальнейшему совершенствованию работы с вашими детьми.
Цель анкеты – адаптировать работу учреждения к потребностям Вашего ребёнка.
Мы будем очень Вам признательны если, Вы заполните тест.
1.Ваш ребенок идет в детский сад с желанием и хорошим настроением?
- всегда
- часто
- иногда
- редко
2. Доверяете ли вы воспитателю вашей группы?
- Да
- Не со всем
- Нет
3.Рассказывает ли Ваш ребенок о жизни детского сада?
- всегда
-часто
-иногда
-не рассказывает
4. Что бы Вы хотели получить от детского сада?
- Максимально полную информацию о ребёнке
- Педагогические советы по общению с ним
- Психологические консультации
- Рекомендации, какую литературу о воспитании ребёнка вашего возраста лучше прочитать
- Возможность большего общения с родителями других детей
- Участвовать в самодеятельности д\с
- Другое…
5.Информацию о детском саде Вы получаете:
-со слов других родителей
-от воспитателей
-не получаю
6.Устраивает ли Вас работа педагогов в группе?
-устраивает полностью
-устраивает частично
-не устраивает
7.Спокойно ли Вы уходите на работу,оставив ребёнка в детском саду?
-да
-нет
-не совсем
8. Как складываются ваши отношения с педагогами (группы)?
Постоянно деловое сотрудничество
Постоянно посещаем родительские собрания
С отдельными педагогами в конфликте
Теплые дружеские взаимоотношения
Хороших контактов наладить не удалось
Педагоги чаще информируют нас о плохих поступках детей
Другое___
9.Считаете ли Вы,что в детском саду дети:
-получают интересные знания и навыки культурного поведения
-получают,но недостаточно
-не получают ничего нового
-затрудняюсь ответить
10. Трудности, которые Вы испытываете при воспитании детей дошкольного возраста
- Ребёнок плохо ест
- Не слушается родителей
- Вы проявляете неуверенность в себе, испытываете страхи в воспитании ребёнка
- Не знаете чем занять ребёнка дома
- Другое…
11. Обращались ли вы за помощью к педагогам, специалистам детского сада с этими трудностями?
12. Если нет, то почему не обращались
- Не придаёте особого значения этим трудностям
- Считаете это неудобным, так как подобного рода консультации не входят в обязанность педагога
- Испытываете затруднения в общении с сотрудниками детского сада
- Считаете, что справитесь сами
- Другое…
13.Обижается ли Ваш ребенок на воспитателей?
- нет
- чаще нет, чем да
- чаще да, чем нет
- да
14.Чем вы удовлетворены в работе группы?
-Качество образования
- Отношений воспитателей к детям
- Порядок, требования, дисциплина
- Оформление интерьера группы
-Комфортная психологическая обстановка
-Условия для развития способностей (система дополнительного образования: кружки, клубы)
15. С удовольствием ли ваш ребенок посещает детский сад?
Да
Нет (почему)
16.При возможности выбора, что бы вы предпочли?
- чтобы ребенок посещал данный детский сад
- оставаться дома с ребенком
- перевести в другой детский сад
- найти няню для ребенка
17.Считаете ли Вы необходимым ,чтобы в нашем детском саду:
-повысилась этика быта
-изменилось отошение к детям
-изменилось отношение к родителям
-повысилось качество воспитательной работы
-улучшилась работа с родителями
-улучшилась материальная база
СПАСИБО ЗА СОТРУДНИЧЕСТВО!
Қош бол, балабақша!
Жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Сол ұшып отырған балапандарымызды қол соғып қошеметпен ортаға шақырайық.
Балалар «Мектебім» әнімен әем безендірілген залға кіреді.
Сөзге пысық, ісі ширақ, мінезі ашық, алғыр, зерек, ақылды қыз- Болатбек Мақпал Ермек қызы
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін өнегелі жігіт- Нұрболат
Жан-жақты, білімді,әдемі, сұлу қыз- Альфия Ұлықбекқызы
Мінезі салмақты, өзі сүйкімді, тәрбиелі жігіт - Диас
Ақылына көркі сай өнегелі қыз- Сағындық Ақмарал Алмас қызы
Сөзі салмақты, ісі тиянақты, сымбатты жігіт -Димаш
Кішіпейіл,сыпайы, ұқыпты, топтың улгілі қызы - Досмағұл Аяулым Мейзхан қызы
Әдепті, өнерлі, білімді жігіт –С.Алинур
Көрікті, нәзік, биші, әдепті қыз- Лида
Мақтау сөзге жаны құмар ақ көңіл, ақылды жігіт - У. Алинур
Сөзі сыпайы, өзі сүйкімді жігіт-Ильяс
Көпшілікпен тез тіл табысатын, қабілетті, биші қыз-Инаят
«Оқуда озат боламын» әніне қимыл-қозғалыс арқылы билейді.
Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді бастайық
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
-Балалар, сендердің естеріңде ме, бізге хаттар келгені.
-Ол хаттарды бізге кімдер жазып еді?
-Оларға біз жауап жазып бүгінгі болатын мерекеге шақырған болатынбыз. Осы мерекеде оларға б/б-дан алған білімімізді үйретейік, өнерімізді көрсетейік. Жазылған хаттарды естеріңе салып оқып берейін: «Сәлеметсіңдер ме, «Балдәурен» б/б-ның ересек тобының балалары. Сіздерге хат жолдап отырған Миша, яғни өздеріңнің сүйіп қөретін Маша мен аю мультфильміндегі. Мен сендерден көмек сұрап отырмын. Менің Маша досымды мектепке дайындау керек. Әйтпесе, ол тентектігін тастай алмайды. Әр күні бір оқиғасы дайын тұрады. Мүмкін сендерді көріп ойланып мектепке барғысы келетін шығар деп ойлаймын. Өзі тентек болғанымен сүйкімді-ақ. Өтінемін, маған көмектесіңдерші. Жауаптарыңды асыға күтемін. С/н Миша
Міне, балалар бүгін осы мерекеге аю мен Маша келу керек еді.
-Олай болса, балалар, біз қонақтарымыз келгенше мерекемізді «Балдәурен» әнімен бастайық.
«Балдәурен» әні балалардың орындауында
Топқа Маша мен аю кіреді. Балалармен, қонақтармен сәлемдеседі.
Маша: Балалар, сендер бүгін балабақшамен қоштасып, мектепке барасыңдар ма, маған Миша солай деді ғой. Сендерді көріп менің де мектепке барғым келеді.
Миша: Балалар, сендердің хаттарыңды алып қуанып қалдым. Сендердің қонаққа шақырғандарыңды Машаға айтып едім, ол да қуанып осы бүгінгі күнді асыға күттік.
Машамен бірге сендерден өзімде көп нәрсе үйренейін деп келдім.
Жүргізуші: Маша, Миша біз сендерге мектепте отыратындай парта дайындап қойдық. Енді біздің мерекелік ертеңгілігімізді тамашалап отырыңдар.
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды. Балалардың тақпақтары:
Жүргізуші: Ұл, қыздарды көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін шаттана
«Қуыршақтар» биі
Жүргізуші: Миша, Маша, біздің балалармен бірге ойын ойнайық.«Кім жылдам?» ойынын екі топқа бөлініп мектепке қажетті құралдарды сөмкеге салып жарысамыз.Миша сен бір топта,Маша екінші топта болып ойын ойнап көңілімізді көтерейік. Ойын: «Кім жылдам?»
Жүргізуші: Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
«Оқуда озат боламын» әні
Маша мен аю балаларға алғыс айтып қоштасып кетеді
Жүргізуші: Балалар, біздің шақырған қонақтарымыз бүгінгі мерекеге келіп жатыр. Келесі хатты оқып берейін. «Сәлеметсіңдер ме, «Балдәурен» б/б-ның балалары. Сіздерге хат жолдап отырған Гена қолтырауынмын. Сіздерге хат жазып отырған себебім: менің досым Чебурашканың жақында туылған күні болады. Ал, оның көңіл күйі болмай жүр. Мен досымның көңілін көтерейін десем, ол ешнәрсеге қызықпайды. Сіздерден өтінерім менің досым Чебурашкаға арнап бір мереке ұйымдастырсақ оның көңілі бәлкім көтеріліп қалар еді. Маған көмектесіңдерші. Мен оған тосын сый жасағым келеді. Жауаптарыңды күтемін. С/н Қолтырауын Гена
-Балалар, Чебурашканың туылған күніне мынандай сыйлық жасадық. Мұның ішінде мектепке қажетті оқу құралдары салынған. Мүмкін Чебурашка да биыл мектепке барып қалар. Чебурашка келіп қалса бар өнерімізді аямай оның көңілін көтерейік
Топқа Қолтырауын Гена мен Чебурашка кіреді
Чебурашка: Ой, қандай тамаша. Балалар, қонақтар сәлеметсіңдер ме! Гена біз қайда келдік. Мұнда мереке болып жатыр. Мерекелерің құтты болсын!
Гена: Балалар, сәлеметсіңдер ме, сендердің жазған хаттарыңды алдым. Сендер бүгінгі мерекеге шақырғанда қуанып қалдым және бүгін біздің Чебурашканың да туылған күні осы күнге дәл келіпті. Сендерге үлкен алғыс айтамын.
Жүргізуші: Чебурашка, Қолтырауын Гена біз бүгін балабақшамен қоштасу мерекелік ертеңгілігімізді тойлап жатырмыз. Чебурашка туылған күнің құтты болсын! Бүгін біз сенің де, қонақтардың да көңілін көтеріп өнерімізді көрсетеміз.
Қане, балалар орнымыздан тұрып Чебурашка мен Генаның көңілін көтеріп би билейік, әрі денемізді сергітіп алайық.
«Туылған күн» әніне балалар би билеп денелерін сергітеді
Жүргізуші: Сендердің де мектепке барғыларың келеді ме? Олай болса мына партада отырып балалардың өнерін тамашалаңдар.
Балалардың тақпақтары
Жүргізуші: Чебурашка, Гена қолтырауын біздің балалармен бірге ойын ойнап көңіл көтерейік. Бұл ойынның аты «Валейбол» ойынның шарты екі топқа бөлініп шарларды жерге түсірмей осы бөгет арқылы бір-бірімізге лақтырып отырамыз.
Ойын: «Валейбол»
Жүргізуші: Бойда
өскен, ойда өскен шат бәрі,
Барлығыда бақшамыздың мақтаны.
Еркелеген кешегі бал балдырған,
Ұл-қыз болды талап отын жандырған.
«Күншуақ» тобы «Балапандар» биі
Чебурашка мен Қолтырауын Гена қоштасып шығып кетеді
Жүргізуші: Балалар, біздің шақырған қонақтарымыз бүгінгі күнді ұмытпай барлығы да келіп жатыр. Ендігі қонағымыз кімдер екен хатты оқып көрейікші. «Сәлеметсіңдер ме, «Балдәурен» б/б-ның ересек тобының балалары. Мен сендерден көмек сұрап отырмын. Мен досым қасқырға санамақты қалай үйретсем екен. Ол санауды мүлдем білмейді. Маған көмектесіңдерші. Мен досым қасқырға қалайда санауды үйретуім керек, өйткені ол қазір тәртіпті, қой, тауықтарға тиіспейді. Жайылып жүрген жерінен үйлеріне айдап апарады, бірақ санағанды білмейді. Сендер оған санағанды үйретсеңдер екен. С/н Түлкі»
-Балалар, біз жыл бойы б/б-да 10-ға дейін санап үйрендік. Енді сол санамақты қасқырға үйретейік.
Топқа түлкі қасқырды сүйрелеп кіреді.
Қасқыр: Балалар, мына түлкіге айтыңдаршы, маған сол санамақтың қажеті қанша. Мені айтқаныма көнбей осында алып келді. Сендерде қандай мереке болып жатыр. Қандай керемет.
Түлкі: Айттым ғой достым б/б-ғы мерекелер өте қызықты өтеді. Өйткені балалар шеттерінен өнерлі. Мен бұл б/б-да талай мерекелерде болғанмын. Сенде бүгін санамақты үйреніп аласың, сонда тауық, қойларыңның санынан қателеспейсің. Мен балалар санамақты білемін, сендер мына қасқырға үйретіңдерші. Бізді осы мерекеге шақырғандарыңа рахмет.
Жүргізуші: Балалар, сендер қорықпаңдар. Бұл тауық, қойларды жемей жүрсе мейірімді қасқыр екен.
-Қасқыр, түлкі біздің мерекеге қош келдіңдер. Жоғары төрлетіңдер. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар. Ал, сізге қасеке санамақты үйретеміз.
Жүргізуші: Өсті міне бойларың, өсті ақыл ойларың,
Қуанышқа ортақпыз, құтты болсын тойларың!
«Күншуақ» тобының балаларының тақпақтары.
Жүргізуші: Ал, қасаке сізге біздің балалар санамақты ойын арқылы үйретеді. Ойын «Көршісін тап». Мына сандардың көршілерін табу керек. Сізде бірге ойнап санамақты санауды үйреніп алыңыз.
Ойын: «Көршісін тап»
Жүргізуші: Ал, санамақты санауды үйрендіңіз бе? Ендеше мен ортаға тентек саңырауқұлақтарды шақырамын. Солардың санын бізге санап бересіз.
Би: «Тентек саңырауқұлақтар»
Қасқыр мен түлкі қоштасып шығып кетеді. Сыйлыққа кітап,санамақ береді.
Жүргізуші: Міне, балалар біздің мерекеге шақырған қонақтарымыз да келіп кетті. Жарайсыңдар, олардан бар көмегімізді аямадық. Енді өнерімізді ата-аналарға, б/б қызметкерлеріне арнайық. Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу, әсем бимен, түрлі өнер
Бүгінгі кеш сіздерге де арналады
Ән: «Біз тәртіпті баламыз»
Жүргізуші: Ал, балалар енді сендердің мектепке дайындықтарыңды тексеріп көрейін. Ойын: «Ия, жоқ» ойыны қане дайынбыз ба? Ойынның шарты берілген сұраққа жылдам ия немесе жоқ деп жауап береміз.
Ойын: «Ия, жоқ» балалармен ж/е ата-аналармен ойналады.
Жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарқататын баршаға.
Шын пейілмен құрмет сізге көрсетер,
Түлектерді шақырамыз ортаға.
Балалар б/б қызметкерлеріне арнап тақпақ айтады, гүл сыйлайды.
Жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары бұл
Тәрбиеші баулыған құстары бұл
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
«Балдәурен» б/б-ның түлектері ұшқалы тұр.-дей отырып балаларды соңғы вальс биін билеуге ортаға шақырамыз.
Би: «Вальс»
Жүргізуші: Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді
Біліміңмен қуантсаңдар біздерді,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
Осымен балабақшамен қоштасу ертеңгілігіміз өз соңына жетті.
Балаларға суреттері, портфолиосы тапсырылады.
![]()

Еліміздің ертеңгі болашағы- бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ.
Сол жас ұрпақты тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы- балабақша.
Мектепке дейінгі жаста балалар қоршаған орта жайлы көптеген мағлұмат алады. Олардың ой-өрісі кеңейе түседі. Әр түрлі ойындар, табиғатқа серуенге шығару мектеп жасына дейінгі балалар үшін өзінше сабақ болады. Бұл жұмыстар балалар бақшасында белгілі бағдарлама бойынша жүргізіледі. Және балаларды әрі қарай мектепке оқуға дайындайды.
Бүгінгі таңда халыққа білім беру саласындағы қаралып жатқан көптеген мәселелер ауқымы мектеп жасына дейінгі мекемелерді де қамтып, ондағы тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұнын жаңарту талабы қойылуда. Жеткіншектерімізді мектепке дайындауда олардың денсаулығын нығайту, адамгершілік қасиетін, эстетикалық талғамын дамыту, қоршаған ортаны тану, математиканың қарапайым түсінігін, тіл байлығы мен ойлау қабілеттерін жетілдіру көзделіп отыр.
Баланы мектепке дайындау мәселелері бойынша 5 жастағы балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке дайындау- мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті.
Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап білім алуға ден қоюы- оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі.Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды.
Балаларды мектепке дайындаудың нәтижесі мектептегі оқу кезеңінде айқын байқалады. Көбінесе балабақшадан емес, үйден тәрбиеленіп келген балалардың дайындығының кем екендігі айқын аңғарылатын себебі де осында болса керек. Балалардың мектепке дайындығының сапасына келетін болсақ, мектепке дейінгі жаста адам өміріне қажетті психикалық және дене тәрбиесінің сапалары қалыптасады. Осы шақта қоршаған ортаны қабылдау, өзіне деген қарым-қатынастары, атап айтқанда, 3-7 жас аралығында эмоциялық, танымдық, ерік сезімдері нығаяды. Психологтар мен педагогтар осы кезеңдегі дайындықты жалпы және арнаулы деп екіге бөледі, соған байланысты балабақшада жалпы және арнаулы дайындықтар жүргізіледі...
Жалпы дайындық- ол психологиялық, адамгершілік және дене дайындығы. Адамгершілік дайындық және ерік дайындығы бір- бірімен тығыз байланысты. Әр баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты балалар істеген ісің, қылығын басқарып үйренуге тиісті екенін айтып өткен жөн. Сонда ғана мектепке барғанда тез тіл табысып кетеді.
Психологиялық дайындық- ол таным процестерінің дамуымен байланысты. Балалар өз еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез шаршайды. Мектепке барғанда мұғалім барлық ерекшеліктерін ескеріп, дайындық кезеңіндегі әдіс-тәсілді жалғастыра отырып, осындай процесінде дамытады.
Дене дайындығы-мықты денсаулық, шыдымдылық қасиеттері балаларда болу үшін дербестік, еңбексүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін ата-аналардың көмегімен жұмысты бекіту керек.
Баланы мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс-тәсілдері ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік, реттілік, ойын әдістерін пайдалану, өз кезегімен бір-бірден жауап беру сияқты талаптар бірдей болуға тиісті екенін ұмытпауымыз керек. Мектепке баратын балалар санауды, әріптерді танып, біліп қана қоймай, қоршаған орта туралы да толық түсініктері болу керек. Сонымен бірге таным процестерін (ес,зейін,ой-қиял, қабылдау) да дамып отыру қажет. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән бергеніміз жөн.
Мектепке балаларды дайындау барысында «Қатынас» білім беру саласы бойынша балалардың қарым- қатынаста кездесетін қиыншылықтарды балалардың граматикалық дұрыс сөйлеуді, дыбыстарды дұрыс айтуда сауат ашу негіздерімен дұрыс және жеке жұмыс жасау барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін балалардың ата-аналары балабақшамен бірлесе отырып,жұмыс жасау қажет.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде белсенділігі төмен,тұйық,өз бетінше жұмыс жасауға қорқатын,өздеріне сенімсіз, өкпелегіш,ұялшақ балалар, оқу іс-әрекетде қиыншылықтар тудырады.
Балалардың мінез-құлқына да көңіл аудара отыра, туындамайтын қиыншылықтар ды табандылықпен, алға қойылған мақсатқа жету үшін ерік-жігермен кездесетін қиыншылықтарды жеңе отыра,балаларды мектепке оқуға ынтасын қалыптастыруымыз қажет деп ойлаймын.
Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, тәрбиешінің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді.
Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Бес жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті деп түсіндім.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтын күз мерекесіне арналған сценарий

шағым қалдыра аласыз