"Алтын күз"сценарий

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз"сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы ортаңғы топ балаларына алтын күз туралы сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы




Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген.


Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты:Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау,күз ерекшеліктерін, күз айы ұғымдарын түсіндіре отырып,балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Тәрбиеші: Қуандырып біздерді

Мерекелік күз келді

Кел жемісті «Алтын күз»

Кемелденсін халқымыз.

Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар және « Құлыншақ»тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша  «Алтын күз»   атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған,   сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . Ендеше
« Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. :  

Ал балалар тұрмайық

Би билейік бәріміз

Алтын күзде бүгінгі

Шырқап әнге салайық-деп  «Күзгі вальс»  хор қабыл алыңыздар.


Тәрбиеші

Ал, балалар,балалар,

Енді бері қараңдар

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші

Әуелі жұмбақ жасырам

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін

Қонағымды ортаға шақырамын.


-Балалар жұмбақтың жауабын тауып көремізбе?

-Я.я

Бұлттар төгіп жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады,

Шөп сарғайып,өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады,

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?


-Күз мезгілінде

-Жарайсыңдар, ендеше қонағымызды қарсы алайық.

-Күз ханшайымын ортаға шақырайық.

Күз ханшайымы

Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным,

Күз сыйлығын алыңдар

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.






Тәрбиеші:Күз ханшайымы бізбен бірге болып,балалардың өнерін тамашалаңыз.

Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумактарына кезек береміз.

Диар:

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын жүз

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз

Қанат:

Алма,алма көп алма,

Қызыл жасыл,көк алма.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық

Жібек:

Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау



Ханшайым:

Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!

Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.

Асылан:

Жеміс толы айнала,

Астық толды қамбаға,

Алтын күзге арналып.

Айтылады әнім

Асылым:

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді


Мөлдір:

 Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.

Айзере:

Күз жомарт-дейміз,

Жемісін жейміз біз.

Зарина:

Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүйемін.

Алиайдар:

Мен жүзіммін,жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім.

Ерасыл:







Ән:«Кап-кап-кап,тук-тук-тук»

Дүйсенбек Дияр мен Арыстанбек Мөлдір


Тәрбиеші:Балалар мерекеміз қызықты болсын деп бір ойын ойнап алайық

Ойын «Қолшатыр кімге тиеді?» 


Ойын шарты:

Қолшатырларды жерге қоямын. (тәрбиеші шеңберге 3 қолшатырларды қойып шығады)

( тәрбиеші 64баланың атын атап шығарады, балалар қолшатырды айналып тұрады). Музыка ойнаған кезде балалар шеңбермен қолшатырды айналып билеп жүреді, музыка тоқтағанда әр бала бір қолшатырды қолына үстап отыра қалу керек, қолшатыр жетпей қалған бала ойынның шарты бойынша , ойыннан шығады, тәрбиеші бір қолшатырды алады.


Жарайсыңдар,балалар!

Өте тамаша ойын болды.


Тәрбиеші:

Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің  тойын тойлайық

Би билейік ойнайык


-Балаларымыздың «Жапырақтар» биін тамашалайық.


Күз ханшайымы:

Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!


Ойын: « Кім жылдам?».

Ойын шарты: 2 тәрбиешіге 2шт алма беріледі.Берілген алманы тез тез жеп 1мин ішінде тауысу керек.Бірінші жеп тауысқан тәрбиеші жеңімпаз атанады.
(2 ата-ана немесе тәрбиеші шығып жемістерді жеу керек. )


Тәрбиеші:

Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

« Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып

Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»



 

 










Бекітемін:

«Жасұлан» ясли бақшасы

меңгерушісі: К.Қалдыбаева























«Алтын күз»













Тобы: «Құлыншақ»

Тәрбиеші:Нұртазақызы Эльмира














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2020
869
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі