Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын Орда тарихының кейбір мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал еліміздің жас тарихшылары мен саясаткерлеріне болашақта өз елінің патриоты боламын деушілер біліп жүргенін қалар едім
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақ тарихының бүтіндей бір бөлігі «Алтын орда» дәуірін осы күні әркімдер ие болып жүргендігі жасырын емес. (оған дәлел, Оксфордтағы конференция, Тартария фильмі) 1992 жылы жарық көрген профессор Аманжол Күзембайұлы «История дореволюционного Казах-стана»-деп аталатын жоғары оқу орындарының студенттері үшін Оқу министірлігінің рұқсатымен жарық көрген оқулығында Алтын Орда мемлекетін “Первое в истории централизованное кыпчакское (древне-казахское) государ-тво” [1,143 бет]деп ашық көрсетіп еді. Өкініштісі кейбір тарихшылар бұл концепцияны сынға алады[2].

Елбасымыздың Ұлытаудағы кездесуінде Алтын Орданың қазақ тариғына тікелей қатнасы бар екендігі баса айтылды. 2014 жылдың желтоқсан айында Н.Ә.Назарбаев Қазақ хандығының Алтын Орданың ізбасары екендігін қайталап айтты. Сонымен қатар Қырғыстан президенті болған Атамбаевтің сөзі

Алтын Орда мемлекетінің тарихына белді тарихшылар бұған дейінде қалам тартқан болатын. Мысалы Саблуков Г.С., Тизенгаузен В.Г., Трофимов М.И., Березин И.Н. [3] еңбектерінде орыс дворян тарихнамасының дәстүрін сақтай отырып шыңғыс ұрпақтары ұйымдастырған мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатына, шаруашылығы мен мәдениетіне тоқтала отырып, европа өркениетіне тигізетін кері әсерін асыра сілтеушілікпен баяндайды. Кеңес дәуірінің тарихшылары В.В. Бартольд, Сафаргалиев М.Г., Егоров В.Л., Вернадский Г.В. Г.Е. Грумм – Гржимайло[4] еңбектері де әдіснамалық жағынан да, тарихи фактілерге баға беру жағынан да орыс және Батыс Европа ғалымдарынан (қатты ұзамады) алыс кете алмады. Тек қана, Кеңес үкіметінің қияна-тын көп көрген Л.Н. Гумилев [5] сынды данышпан тарихшы өзінің көптеген еңбектерінде түркі тілдес тайпалардың европа этностарының тағдырындағы игі әсерлерін жаңылмай жазумен болды.

Біз мақаламызда шешімін іздеген бірнеше мәселелерге тоқталдық: мем-лекеттің құрылу себептері, оның шекарасы, этникалық (тайпалық), әлеумет-тік құрылымы шаруашылығы және әлемдік өркен-иетке қосқан үлесі.

1.«Татар-мұңғыл шапқыншылығының» қазақ жеріндегі сипаты хақында. Қазіргі Моңғолия және Солтүстік Қытай жерінде ХІІІ ғасырдың басында пайда болған Шыңғысхан империясы аз уақытта әлемде теңдесі жоқ қуатты да күшті мемлекетке айналды. 1219-1241 жылдар аралығындағы әскери жорықтар нәтижесінде осы күнгі қазақ даласы Шыңғысхан империясының құрамына кірді. Осындай ұлан байтақ территорияны аз ғана жылдарда моңғол әскерінің басып алуын көптеген тарихшылар Шыңғысханның залымдығымен, оның әскерінің зұлымдығымен түсіндіреді.

Мәдениетінің даму дәрежесі арта қалған тайпалардан құрылған мұңғыл-татар әскері алдыңғы қатарлы Европа әскерін қалай жеңді? Осы орайда бурят халқынан өкілі, Қазан төңкерісіне дейін жоғары білім алған белгілі тарихшы Эренжен Хара-Дабанның “монгольские завоевания не были нашествием диких одр и монголы не были «дикарями», ни «варварами», иначе они не могли бы одержать победу над народами старых культур двух континентов и создать небывалую в мировой истории империю[6] деген сөздері еске түседі.

Европоцентристік көзқарастағы тарихшылар көшпенділер қоғамының ішкі әлемін түсіне алмады. Орталық Азияны мекендеген әр тілде сөйлеген, әртүрлі дәрежедегі мәдениеті бар тайпалар мен ұлыстар Европа ғылымы үшін жұмбақ болды. Сондықтан да олар көшпенділер тарихы, олардың өзара қарым-қатынасы, көрші елдерменен өзіндік байланысы, ішкі әлеуметтік, этникалық құрылымы жөнінде дұрыс, объективті пікір айта алмады.

2. Біздің ойымызша қазақ ұлыстарының көпшілігі жаңа империяның құрамына өз еркімен қосылды. Бұрынғы қыпшақ тайпалары Шыңғысхан идеологиясын қабылдады. Қазақ жерінде басқарушы әулет (династия) өзгерді. Шыңғысхан билігінің позитивті жақтарына келетін болсақ, ұлаңғайыр даладағы көшпелі түрік тілдес тайпалар мен ұлыстардың өзара байланысы нығайып, этникааралық әсер етушілік күшейді. Тайпалар арасындағы қақтығыстар тоқтатылды. Шығыс тарихын зерттеуші ғұлама ғалым В.В. Бартольд былай деп жазады: “Доказано, что несмотря на произведенные монголами опустошения, первое время существования монгольской империи было временем эко-номического и культурного расцвета для всех областей, которые могли воспользоваться последствиями широко развившейся при монголах караванной торговли и более тесного, чем когда-либо прежде, и после, культурного общения между западной и восточной Азией[7].

3. 1219-1241 жылдары Шыңғысхан ұрпақтары жаулап алған мемлекеттер бір империяның қол астында бірікті. Дегемен де, сол заманның хабар-ошар жүйесі, мемлекеттік құрылысы осындай үлкен империяны бір орталыққа бағындырып, бір басшының билігін жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сол себепті Шыңғысхан жауланған территорияны өзінің төрт ұлына және тума-туыстарына бөліп берді. Қазіргі қазақ даласы негізінен Шыңғысханның екі үлкен балалары Жошы мен Шағатайдың иелігіне өтті. Жошы ұрпақтарына қазіргі қазақ жерінің солтүстік, орталық, батыс бөліктері қарады[8].Жошы иелігі тарихи әдебиетте әртүрлі аталады. Көне түркі тіліндегі деректерде бұл мемлекет “Ұлығ-Ұлыс” деп аталса, кейінгі әсіресе орыс тіліндегі әдебиетте “Золотая Орда”, “Белая Орда”, “Синяя Орда” деген сөз тіркестері жиі кезде-седі. Осы күнгі қазақ тарихнамасында да Жошы әулеті құрған мемлекеттің шынайы аты кездеспейді. «. . . с конца 60-х годов XIII века улус Джучи отделяется от общеимперского центра и становится самостоя-тельным государством. Для обозначения этого нового монгольского государства в сочинениях мусульманских авторов и текстах официальных документов на протяжении всего средневековья употреблялись различные названия. Вот неполный их перечень: улус Джучи, Дешт-и Кипчак, Кипчак, Дом Бату, страна Берке, Северное царство, Улуг улус, Токмак, Токмакский улус, Уз-беково государство, Узбекский улус. В исследовательской же литературе оно известно под именем ЗолотойОрды»-деп жазады белгілі тарихшы И.Сұлтанов[9].Өз аталарының тарихын жақсы білетін Ш. Уалиханов бұл мемлекеттің Ұлығ-Ұлыс аталатындығын айтады. Мұңғыл имериясының құрамдас бөлігі болғанменен, кейін әсіресе Бату хан болған дәуірде ол өзін тәуелсіз ел ретінде көрші мемлекеттермен қарым-қатынаста болған. Ұлығ-Ұлыс дәуірі қазақ тарихындағы елі гүлденген, мәдениеті дамыған, экономи-касы дәуірлеген, халықаралық аренада беделі үстем мемлекет болған.

4. Бір өкініштісі - осы күнгі ғылымда Алтын Орда мемлекетінің ұрпақтары кім деген сауалға жауап жоқ. Территориясы жағынан қазіргі Ресей мен Қазақстанның жерін алып жатқан Алтын Орда қай елдің болмасын тарихында аты үсті қаралады. Ресей тарихында “мұңғыл-татар басқыншылығы” деп аталып, оның тарихына онша көп мән берілмесе қазақ тарихында Алтын Орда тарихы бөтен халықтың несібесі сияқты. Біздің пікірімізше, Ұлығ-Ұлыс алғашқы Евразиялық мемлекет. Оның негізгі ізбасары қазіргі Қазақстан республикасы. Бұл мемлекеттің құрамында орыс княздықтарының негізгі бөлігі болған. Сонлдықтан да, ол орыс тарихының да құрамдас бөлігі. Өкінішке орай, екі елдің тарихшылары да Ұлығ-Ұлыс мемлекетін “өлген өркениеттің”, “кел-меске кеткен” елдің тарихы ретінде қарайды. Ұлығ-Ұлыс қазақ тарих-ының мақтанышы. Оның әлемдік өркениетке қосқан үлесі бір төбе.

5.Ұлығ-Ұлыс мемлекетінің құрамына көптеген түркі тілінде сөйлейтін, осы күнде қазақ халқы-ның құрамына кірген керей, найман, уақ, қыпшақ, арғын, қоңырат, алшын, тама, табын, адай, қаңлы, маңғыт, қият, т.б. тайпалар кірген. Мемлекет көп ұлтты болғандығы белігілі. Оның құрамында славян, грек, италян, угро-фин, хазари, кама булгырлары, алаңдар, қалалық қыпшақ-тар, т.б. этностар кірді. Ұлығ-Ұлыс дәуірінде қыпшақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өз дамуының шырқау шегіне жеткен. Шыңғысхан әскеріменнен қазақ даласына келген мұңғылдардың саны өте аз болды да, олар түркі тайпаларының арасына сіңісіп кетті. Монгольский элемент не мог быть в Золотой Орде значителен, и преобладание турецкого языка, вероятно, уста-новилась довольно скоро, особенно с тех пор, как прекратилась связь Золотой Орды с Монголией [10] деп жазды В.В. Бартольд.

6. Ұлығ-Ұлыс мемлекетінің экономикалық дамуы арнаулы зерттеуді қажет етеді. Нарықтық экономика құрып жатқан біздің елде оның практи-калық та мәні бар. Еуразия даласын алып жатқан Ұлығ-Ұлыс мемлекетінің экономи-касы нарықтық негізде құрылып, өз заманының қуатты елдерінің бірі болған. Жібек жолының түйіскен жерінде орналасқан Сарай Бату және Сарай Берке қалалары дүниежүзілік сауда орталықтарына айналды. Мемлекеттің “динара” аталатын ақшасы халықаралық валютаға айналды. Жер-жерлерде керуен сарайлар, пошта бекеттері пайда болды. Тек қана, Алтын Орда дәурінде жүзден артық қалалар салынды. Қара теңіздің жағасында сауда факто-риялары салынды.

7.Ұлығ-Ұлыс мемлекетінің халықаралық аренадағы беделі, сол уақытта әлемде болып жатқан саяси процестерге әсері жөнінде ғылымда дұрыс пікір айтылмай келеді. Европалық тарихнамада оны “тонаушы, қанаушы мемлекет” деген парадигма қалыптасты. Бірде-бір зерттеулерде оның пай-далы, жағымды әсерлері, оң баға беру кездеспейді. Қытай тарихшысы Хан Жу-Минь Чин-гис хан смял границы на пути связи между Востоком и Западом, сравнял с землей крепости и бастионы, кото-рые препятствовали экономическим и культурным отношениям и после этого взаимные связи Востока и Запада начали процветать [11] деп жазды.

Тек қана, қазақ жерінде ғана емес көрші мемлекеттердің ішінде де қақтығыстар мен соғыстар тоқтатылды. Европа Алтын Орда хандарымен есептесетін болды. Алтын Орда хандары орыс княздарын қолдап, олардың неміс және Балтық бойындағы ордендерменен күресіне көмек жасады. Мысалы, Александр Невскийге Батудың баласы Сартақ әскери көмек жасап, Чудь көлінде неміс рыцрларын тасталқан етіп жеңді. Алтын Орда құрамына енген орыс жерлері гүлденді, славян тайпалары біріңғай этнос болып қалыптасты. Қалалар салынды. Көптеген орыс ақсүйектері қыпшақ қыздарына үйленіп, Шыңғыс ұрпақтары орыс әулеттеріменен қан араластырып, құда болып, туыстықтарын күшейтті. Орыс княздарының еркек кіндікті балалары Ордада аманат есебінде ұсталып, тәрбие алып, азамат болған шағында елдеріне қайтарылатын еді.

Әлемдік саясаттану мұратында Жер шарының негізгі бөлігін қамтитын Ұлы мемлекет құру иедаясы жатыр. Пан-Европа, Пан-Азия, Евразия бірлестігін ұйымдастыру бүгінгі таңдағы саясаткерлердің орындалмайтын арманына айналды. Осы арман Шыңғысханды да әлемдік билікке же-тектегендігі хақ. Жоғарыда айтылған доктор Э. Хара-Дабанның “Идеалом Чингис-хана было создание единого царства Человечества, так как только тогда – как он справедливо думал – прекратяся взаимные войны и созда-дутся условия для мирного процветания человечества как в области духовной, так и материальной культуры. Жизнь одного человека оказалась слишком короткой для осуществления этой грандиозной задачи, но Чингис-хан и его наследники едва не достигли этой задачи, когда имели 4/5 мира в своем государстве – монголсфере[12] дегені осыған дәлел.

Қорыта келгенде, Ұлығ-Ұлыс мемлекетінің тарихы қазақ тарихының құрамдас бөлімі. ХІІІ ғасырдың басы мен ХІV ғасырдың ІІ жартысы аралығында қазақ жерінде үлкен тарихи өзгерістер болды. «Түркі тайпалары бір-біріменен әсерлесіп, көрші этностарымен туыстық қарым-қатынастарда болып, бірыңғайда біркелкі этнос болып қалыптасты»”[13]. Сөйтіп, келешектегі қазақ халқының ірге тасын қалады. Ұлығ-Ұлыс мемлекеті орта ғасырлық қазақ мемлекеті. Дәл осы уақытта қазіргі қазақ халқының мемлекеттік дәстүрі, тілі, рухани мәдениеті қалыптасты. Яғни, ХІІІ ға-сырдың басында қазақ халқы этнос болып қалыптасты деген пікірді (дискуссия үшін) айта аламыз.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

15 мектептің тарих пәнінің мұғалімі

Айту Бексұлтан Нұсрүллаұлы





Деректер мен әдебиеттер тізімі.


1.Кузембайулы А.История дореволюционного Казахстана.Республиканский кабинет оп выпуску учебно-методической литературы. Алматы,1992.

2.Масанов Н.Э.,Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.Б.Научное знание и мифотворчество в современной историографии Казахстана.Алматы, 2007.88 бет.

3.Саблуков Г.С. Очерк внутреннего состояния кыпчакского царства. Казань, 1895; Тизенгаузин В.Г. Собрание материал-ов, относящихся к истории Золотой Орды. Спб., 1884.; Трофимов М.И. Хронологические таблицы мусульманских династии. Ташкент, 1895.; Березин И.Н. Очерк внутреннего устройства улуса Джучиева //Труды восточного отделения император-ского археологического общества. Спб., 1864.

4.Бартольд В.В. Сочинения. Т. 1-2, М., 1963.; Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотой Орда и ее падение. М. –Л., 1950.; Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. Саранск, 1990.; Егоров В.Л. Золотой Орда: мифы и реальность. М., 1990.; Вернадский Г.В. Монголы и Русь. Пер. с анг. Е.П. Бернш-тейна, Б.Л. Губмана, О.В. Строгановой. Тверь: ПЕАН, М., АГРАФ, 1999; Г.Е. Грумм-Гржимайло Джучиды. Золотая Орда. Арабески истории. Кн. 1. Русский взгляд. Составитель, редактор серии А.И. Куркачи. М., 1994. 100-146 беттер.

5.Гумилев Л.Н. Поиски вымышленного царства: Легенда о Государстве пресвитера Иоанна. М., Наука, 1970. 242-бет.

6.Эренжен Хара-Дабан. Чингис-хан как полководец и его наследие. Культурно – исторический очерк Монгольской империи ХІІ-ХІV веков. Алма-Ата. Изд. «КРАМДС - Ахмед Яссауи.» 1992.

7.Бартольд В.В. Тюрки: Двенадцать лекции по истории турецких народов Средней Азии. – Алматы: Жалын, 1993. 125-бет.

8. Бұл да сонда.

9.Султанов Т.Как улус Джучи стал Золотой Ордой, Татар дөньиясы. 2004, №12.

10. Бартольд В.ВТюрки.Двенадцать лекцийпо истории турецких народов Средней Азии. – Алматы: Жалын, 1993. 131-бет.

11. Хан Жу-Минь .Бұл цитата Эренжен Хара-Дабан кітабынан алынды. 243-бет.

12.Эренжен Хара-Дабанның жоғарыда көрсетілген еңбегінен алынды.

13.Күзембайұлы А. Ұлығ Ұлыс тарихының пікір-талас тудырар мәселе-лері.//Ақиқат.Ұлттық қоғамдық-саяси журнал.2016, №11,95-100 беттер.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12