400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын Орданың құлауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын Орданың құлауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын Орданың құлауы


Алтын Орданың құлауы. Жәнiбектен кейiн таққа оның ұлы Бердiбек (1357–1359 жылдар) отырды. Билiкқұмар және өте қатал болған ол тақ үшiн таласта бәсекелестерiн жойып жiберді. Соның нәтижесiнде Батудың тiкелей ұрпақтарынан ешкiм қалмады.
Алтын Ордада нәубет кезең мен сарай төңкерiстерi басталды. 1359–1379 жылдар аралығында билікте жиырмадан астам хан ауысты. Осы саяси кикiлжiң барысында Жошы ұлысы аумағында бiрқатар тәуелсiз иелiктер құрыла бастады.
ХIV ғасырдың екiншi жартысында Алтын Ордадан Орда Еженнiң ұрпақтары да бөлiнiп, Ақ Орда ұлысын құрды.
1380 жылы Алтын Орда билеушiсі Мамайды Куликов шайқасында Мәскеу князы Дмитрий Донский әскері талқандады. Шыңғысхан ұрпағы Тоқтамыс хан Мамайдың жеңiлiсiн пайдаланып, Әмiр Темiрдiң қолдауымен Алтын Ордадағы билiктi тартып алды.
Әскери жеңiстермен өз билiгiн нығайтуға ұмтылған ол 1382 жылы Мәскеудi өртеп, орыс князьдарының салық төлеуін қалпына келтірді.
Көп уақыт өтпей Тоқтамыс Жошы ұрпақтарының барлық иелiктерiн бiрiктiрiп, елде мықты билiк орнатты. Алайда Әмір Темір Тоқтамыс билігіндегі Алтын Орда мен Ақ Орданың бірігуін өз мемлекетіне төнген қауіп ретінде қарастырды.
1389, 1391 және 1395 жылдардағы үш жорық нәтижесiнде Әмір Темiр Алтын Орданы талқандады. Алтын Орданың барлық қалалары қиратылды, сауда мен қолөнер құлдырады. Өрт құшағында өте құнды және сирек кездесетiн қолжазбалар жанып кеттi. Әмір Темiрдiң осы тонаушылық жорықтарынан кейiн Алтын Орда құлдырау кезеңін бастан кешірді.
1395 жылы тақтан түскен Алтын Орда ханы Тоқтамыс 1404 жылы Түмен қаласы маңында қаза тапты.
ХV ғасырдың 50–70-жылдары Алтын Орда мемлекетi толықтай құлады да, оның иеліктері орнында бiрнеше жаңа түркі мемлекеттерi: Ноғай Ордасы, Қырым, Қазан, Астрахан, Сiбiр хандықтары құрылды. Олар кейiн Орыс мемлекетiнiң құрамына ендi.





Сарқан ауданы, Шатырбай орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі Г.Омарова


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.01.2026
44
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі