«Мұрагер» мектебі
|
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Азатбаева Э.К. ________________ «_______»___________2018ж
|

«Алтын қақпа»
интеллектуалды сайысының әзірлемесі
Жауапты мұғалімдер: Шәдібекова А.Е., Алиева Л.М., Бекмағанбетова Ж.Б
Қызылорда, 2018 ж
Тақырыбы: «Алтын қақпа» интеллектуалды сайысы
Мақсаты:
-
Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
-
Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарында балаларды қолдау, ұйымшылдыққа, жеңімпаз, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, слайд, шарлар, баннер
Ойынның барысы:
Жүргізуші: Армысыздар,
құрметті ұстаздар, қатысушылар,
көрермендер.
Бүгінгі 22-қыркүйек 22 қыркүйек Қазақстан
халықтарының тілдері мерекесіне орай
«Мәңгілік ел – мәңгілік тіл»
апталығы аясында өткізгелі отырған «Алтын қақпа»
интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер!
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып
отырған оқушыларға сәт сапар
тілейміз.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық,
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар, деп Ыбырай атамыз айтқандай білімдеріңді жинақтап, пысықтауға арналған сайысымызды бастаймыз.
Ендеше сайыскерлерімізбен таныс болайық:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
Ойынның шарты: — Енді сіздерді ойынның шартымен таныстыра кетейін. Балалар, біздің мақсатымыз ел тарихын қаншалықты білетіндігімізді тексеру. Ал бұл ойынның мақсаты – Отанымыздың жүрегі, бас қаласы – Астанадай алыс жердегі «Алтын қақпаға» жету. Ондағы алтын сандықта «Білім» деген қазына бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ойын үш кезеңнен тұрады. І кезең «Тас қақпа», ІІ кезең «Күміс қақпа», ІІІ кезең — шешуші кезең- «Алтын қақпа» деп аталады. Сұрақтар салмағы әр кезеңінің атауына байланысты болады. Мысалы, «Тас қақпада» сұрақтар сәл жеңілдеу болса, «Күміс қақпада» сұрақтар алдыңғы кезеңге қарағанда күрделене, қиындай түседі. «Алтын қақпаның» сұрақтары болса, алдыңғы екі қақпаның да сұрақтарынан салмақты, алтындай бағалы болады. Берілген тапсырма, сұрақтарға дұрыс жауап берілген жағдайда қақпа ашылады. Үш қақпа ашылған соң «алтын сандықты» ашу үшін барлық кезеңде жақсы жауап берген топ алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Қазылар орнықтырар
әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей отырып оқушылардың
білімін бағалайтын әділ қазы алқасымен таныс
болыңыздар:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Жүргізуші: Ұлы Абай атамыздың «Адам ата - анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескере жақсы - жаманды таниды. Сондайдан білгені, көргені, тоқығаны көп болған адам білімді болады»- деген болатын.
Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым, - деп ойынымызды бастаймыз
І кезең Тас қақпа кезеңі - «Мықты болсаң тауып көр» (салт-дәстүрге байланысты сұрақтар)
Базарлық (дәстүр)- алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.
Байғазы (дәстүр)- балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
Тілашар
(дәстүр)- баласы жеті жасқа толған соң балаға
жаңа киім кигізіп, оқу - жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді.
Мұны «Тілашар» тойы деп
атайды.
Жеті
ата: 1. Әке. 2.Бала. 3.Немере. 4
Шөбере. 5.Шөпшек. 6.Немене. 7.Туажат.
Асату (дәстүр)- ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
«Тұсаукесер» дегеніміз не? Бала қаз тұрып, тәй-тәй басқанда қадамы құтты болсын деп, тез жүріп кетсін деп тұсауын кеседі.
Қазақ халқының үйлену тойында қандай ән айтылады? Жар-жар
Бата беру – жақсы тілек тілеп, адал ниетті білдіру.
Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын сыйлы ас.
Айт - мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам дінінде екі айт мейрамы бар. Ол ораза айт, Құрбан Айт деп аталады.
Ораза – тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту, исламның негізгі бес парызының үшіншісі. Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден аулақ болады. Мұсылмандарға рамазан айында ораза ұстау – парыз.
Садақа дегеніміз не? Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затқа – садақа дейміз
Наурыз жыры – Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиеті түрлерінің бір саласы.
Айттық - айт күні айттық деп сұраған айттаушы (айтшылаған) адамдарға берілетін сыйлық, кәде. Оны ақшалай да, заттай да беруге болады. Бұл айтты да, дәстүрді де, сұраған адамды да құрметтеудің белгісі болып табылады.
Ауызға түкіру Аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен шешендер, аузы дуалы билер мен ақсақалдарға сәбидің аузына түкіртіп алу.
Байғазы — қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны,көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды.
Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады.
Иткөйлек – сәбидің қырқынан шығарылғанша киген көйлегі. Сәбидің денесіне батпауы үшін тігісі сыртына қаратылып, жөрмелеп, іліп қана тігіледі.
Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той.
Жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім
менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім
менің
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім
менің
ІІ кезең Күміс қақпа кезеңі – «Озық болсаң озып көр» (Тәуелсіз Қазақстанға байланысты сұрақтар)
1. Қазақстан мемлекеті өзінің тәуелсіздігін
қашан жариялады?
(16 желтоқсан
1991жыл).
2. Қазақстанның тұнғыш президенті кім?
(Н.Ә.Назарбаев)
3. Қазақ хандығын құрған хандар? (Керей мен
Жәнібек)
4. Қазақстанның рәміздерін атаңыз. (Ту,
елтаңба, әнұран)
5. Қазақстанда қанша облыс бар?
(15)
6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
(130-дан аса)
7. Қазақстанда қандай ресми мерекелер бар?
(25 қазан- Республика күні, 30 қазан- Конституция, 16 Тәуелсіздік
күні.
8. Қазақстан қандай мемлекеттермен
шектеседі?
(Қырғыз
Республикасы, Өзбекстан, Түркімен, Қытай,
Ресей)
9. Халық ауыз
әдебиетіне не жатады? Ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, жұмбақ,
жаңылтпаш, батырлық жырлар, лирикалық өлеңдер, тұрмыс-салт жырлары,
т.б.)
10. Қазақтың
ұлы ақыны кім? (Абай)
11. Қазақтың
тұнғыш педагогы кім? (Ы.
Алтынсарин)
12. Қазақстан халқының ұлттық валютасы?
(теңге)
13.
Ұлы отан соғысына қатысқан
батыр қыздарымыздың аты – жөні? (Ә. Молдағұлова, М.
Мәметова)
14. Біз қай Республикада тұрамыз?
(Қазақстан)
15 Қазақстанның мемлекеттік тілі қандай тіл?
(Қазақ)
16. Қазақстан Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
17. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайланды? (1991ж. 1 желтоқсанда)
18. Алтын адам табылған жер (Есік Қорғаны)
19. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)
20. «Ғылым таппай мақтанба» – өлеңін кім жазған? (Абай)
21. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989ж, 22 қыркүйекте)
22. 1997 жылға дейін Астана қаласы қалай аталды? (Ақмола)
23. Ел рәміздерінің қайсысында қанатты пырақ суреттелген? (Елтаңбада)
24. Қазақстан ғарышкерлер есімі? (Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетов)
25. 16 - желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
26. Әнұранның авторы - сөзін жазған; Жұмекен Нәжімеденов. Н Назарбаев
27. Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесі қай жылы өтті? (2017 ж)
28. Биыл Елордамыз Астанаға неше жыл ?
29. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі?- шаңырақ
30. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата: (Отырар, Қызылорда, Алматы, Астана)
Жүргізуші: Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп
ІІІ кезең Алтын қақпа кезеңі - «Жүйрік болсаң, шауып көр» (мақал – мәтелдердің жалғасын табу)
-
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас -
Нар тәуекел - ер ісі
-
Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.
-
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
-
Ит - тойған жеріне,
Ер - туған жеріне.
-
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
-
Елінен безген ер болмас,
Көлінен безген қаз болмас. -
Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
-
Тіл -тас жарады,тас жармаса,бас жарады.
-
Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл
-
Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.
-
Туған ел – тұғырың, Туған тіл – қыдырың.
-
Шешеннің тілі ортақ, Шебердің қолы ортақ.
-
Жақсы тауып айтар, Жаман қауып айтар.
-
Ашынған тілді болар, Ашыққан ұры болар.
«Алтын» қақпа ашылды.
Жүргізуші: Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара жырласын! – деп С. Сейфуллин атамыз жырлағандай, соңғы кезеңімізде Алтын сандығымызды ашу керек. Ашу үшін тапсырма бар. Барлық кезеңде жақсы жауап беріп, алда келе жатқан топ сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берілсе ғана «Алтын сандық» ашылады.
«Алтын» сандықтың тапсырмасы:
«Алтын қақпа» ашылды. Ал енді
көмбедегі «Алтын сандықты» ашуға дайынбыз
ба?
Алтын сандық
сұрақтары:
Үш бәйтерек дегеніміз кімдер? (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
Үш дана дегеніміз кімдер? (Абай, Ыбырай, Шоқан.)
Жүргізүші: Білімнің мініп алып
тұлпарына,
Қиналмай
шықты білім шыңдарына.
«Алтын
қақпа » сайысы аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
Жүргізүші: Бүгінгі «Алтын қақпа» интеллектуалды ойынының жеңімпазын құттықтаймыз!
Туылған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ,
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабам ардақты,
Жамандыққа бармапты
Ардай тұтып үлкенді,
Ата - жолын жалғапты.- дей отырып бүгінгі «Алтын қақпа» интелектуалды ойыны аяқтаймыз. «Алтын қақпа» интеллектуалды ойынына өте жақсы шабытпен қатысып, сұрақтарға жақсы жауап бергендеріңізге көп-көп рахмет. Келесі ойында кездескенше, сау-саламат болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтын қақпа. Интеллектуалды сайыс

шағым қалдыра аласыз