400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтын қазына" спорттық іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape2
Өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз дүниені елестете алмаймыз. Ұлттық ойындар халықтың өмiр сүру салтын, күресiн бейнелеп, ұрпақ ауысқан сайын жетiліп отырған. Қазақ «баланы жастан» дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен.

Қыпшақтардың тайпалық одағы Түрiк қағанатына қосылғанда «хан жақсы ма», «ханды қара басты», «шалма», «қарамырза», «ат үстiндегi тартыс», «аударыспақ», «балтам тап», «көк бөрi тарту» сияқты ойын түрлерi таралған. Ұлттық ойынымыздың тарихы туралы Рашид-ад дин, Низами әл-Мүлк, Мосуди, Махмұд Қашқари сынды ғұламалар пiкiр жазып қалдырған. Батыстың XIII ғасырдағы саяхатшысы Марко Поло Жетiсу жерiндегi үлкен жиында "Қыз қуу” мен "Қыз бөрi” ойынын көргенiн естелiктерiнде қызыға баяндайды.

Ерте заманда күйеу жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін әр түрлі сыннан өтетін. Сондай сыннан мүдірмей өткен жігіт қалыңдықты алу үшін ат жарысында қызды қуып жетуі тиіс болатын. Кейін бұл ұлттық спорт ойынының арнайы ережелері жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қыз қуудан Қазақстандағы алғашқы спорттық жарыстар - өткен ғасырдың 23 жылы ұйымдастырылды.

Шарты:Қыз қуу ұзындығы 300 — 400 метр, ені 30 — 40 метр болатын тегіс жерде өтеді. Айналып қайтар жерге жалауша қойылады. Қыз жігіттен 10 метр қашықтықта тұрып, төрешінің белгісі бойынша жарысты бастайды. Егер жігіт айналып қайтатын жерге дейін қызды қуып жетсе, оны ат үстінде құшақтап сүйеді. Бұл жігіттің жеңгені болып есептеледі. Ал қуып жете алмаса, қайтар бағытта қыз жігітті және оның атын қамшының астына алады. Бұл қыздың жеңгенін білдіреді.


«Қыз қуу» ойыны тек қазаққа ғана емес, жалпы түркі тілдес халықтың бәріне ортақ. Бұл ойынды Алтайдың бөктеріндегі туба, хакас, алтайлықтарды былай қойғанда, батыстағы башқұрт, татар, Молдовадағы ғағауыздар әлі күнге дейін ұмытпаған. Тіпті, Алатаудың күнгей бетіндегі қырғыздар Қыз қууды төл ойыны ретінде таниды.



«Манас» жырында бұл туралы:
Боз бала, жігіт аралас,
Қыз-келінменен жарысып,
Қызық өзен бойласып,
Қызығысып қырандар
Қыз қуыспай ойнасып,
Талықпай көшіп, бел байлап
Таласты көздей бет алып,
Ел шұрқырап, шу болып
Ер қуанып, ду болып,
Кіндік кесіп, кір жуған
Жеріне көшіп келе жатад, - десе, қазақ пен қырғыздың ортақ ақыны Жалил Садық:
Ойынның бірі қыз қуу,
Күліктер көкте сызшудай.
Тізгінді шауып жөнелсе,
Жігіті – сұңқар, қыз - қудай!
Ойын деп шіркін осыны айт,
Көргенде кімдер қызықпайд.
Жігіті жетіп қыз сүйсе,
Көзіңе сүйкім ұшырайды,- деп жырлап кетіпті.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі