Тақырыбы: «Алтын сақа» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың бойында салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау. Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуға шақыру.
Сайыс бөлімдерімен таныстыру
І. «Таныстыру»
ІІ. «Жалғасын тап»
ІІІ. «Кім шапшаң?»
ІҮ. «Киелі сандар», сұрақ-жауап
Ү. «Сиқырлы ұяшықтар»
ҮІ. «Тіл білгірі» бөлімі
ҮІІ. Шығармашылық кезеңі
Кіріспе
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар! Бүгін 9-сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Алтын сақа» ойын-сайысын көріп тамашалайсыздар. Бұл сайысқа сыныптан өздерінің ұлттық намысын көрсете алатын оқушылар қатысып отыр. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрін қастерлеген. Міне, осы уақытқа дейін, салт-дәстүріміз ұмытылмай, сақталып келді. Ендігі жалғастырушы - жас ұрпақ, яғни сендер. Сол салт-дәстүрді жалғастырушы ұландарға сәттілік тілейміз.
«Алтын сақа» сайысы 7 бөлімнен тұрады.
Оқушылардың өнеріне әділ баға берер қазыларымызды таныстырып өтейік.
(қазылар алқасы таныстырылады)
І. «Таныстыру»
(Қатысушылар өздерін таныстырып өтеді)
ІІ. «Жалғасын тап»
(Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолын қатысушы жалғастырады)
1-қатысушы
1. Өз үйім … (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы, …
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады, …
(Өнер жастан шығады.)
2-қатысушы
1. Отан … (оттан да ыстық)
2. Ғылым теңіз, …. (білім кеме)
3. Оқу инемен …. (құдық қазғандай)
3-қатысушы
1. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде... (ұлтан бол)
2. Анасын көріп қызын ал,...
(Аяғын көріп асын іш.)
3. Төртеу түгел болса - төбедегі келеді,...
(Алтау ала болса - ауыздағы кетеді.)
ІІІ. «Кім шапшаң?»
(Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай қатысушы жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады, соның жеңіске жеткені.)
1-қатысушы
Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы қарашаш
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.
2-қатысушы
Оқуға салақтар
Тек кітап парақтар,
Сабақта алақтар,
Далада далақтар.
3-қатысушы
Қаштым қатты-ақ,
Ұшты қалпақ,
Балақ сатпақ,
Аяқ батпақ.
ІҮ. «Киелі сандар»
1-қатысушы
1. Жеті атаны ата? (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат)
2. Қазақша ай аттарын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2-қатысушы
1. Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)
2. Қазақша апта күндерін ата? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
3-қатысушы
1. Үш арсызды ата? ( ұйқы, күлкі, тамақ)
2. Шешендік сөз үлгісінен. 1,2,3,...10 дегеніміз не?
Ү. Сиқырлы ұяшықтар.
Математика пәні бойынша:
1. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет, 4 жұмыртқа пісіру үшін қанша минут қажет?
2. Ұзындығы 4 м, ені 2 м, биіктігі 3 м. Бөлменің көлемін тап?
3. 1 сыйлықты орауға 70 см жылтыр қағаз керек, 9 сыйлыққа неше метр керек?
4. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі оқыды, ол бір жылда қанша кітап оқыды?
5. Ең үлкен 4 таңбалы санға 1 қосқанда неше шығады?
Қазақ тілі пәні бойынша:
1. Есімше мен көсемшенің жұрнақтарын атап бер.
2. Қазақ тілінде қосымшаның қанша түрі бар? Түрлерін ата.
3. Түбір дегеніміз не?
4. «Полисемия» терминінің мағынасы қандай?
5. Қалып етістіктерін ата.
Әдебиет пәні бойынша:
1. Қазақ ұлттық шешендік өнерінің бастауы қай кезең?
2. «Ананың анасы» кімнің шығармасы?
3. Билер кеңесінің мүшелері, «Жеті жарғыны» жасауға үлес қосқан кімдер?
4. Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының басты кейіпкері кім?
5. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылықтарын айт.
ҮІ. «Тіл білгірі» бөлімі
(Бұл бөлімде оқушылар сағат тілі бойынша бір-біріне өздерінің білетін ағылшынша сөздерін жасырып, жасырылған сөздерінің жауабын орысша, қазақша жеткізеді.)
ҮІІ. Шығармашылық кезеңі
(Сайысқа қатысушылар берілген тақырып бойынша ой толғап, өз пікірін бес сөйлемге сыйғызып, жүйелі жеткізуі тиіс. Ойтолғауға 2 минут уақыт беріледі.)
Қорытынды.
Қазылар алқасы қатысушылардың белсенділіктерін, тіл байлығын, тапқырлығын, зерделілігін ескере отырып жеңімпазды марапаттап, сайысты қорытындылайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Алтын сақа" интеллектуалды сайысы

шағым қалдыра аласыз