Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Алтын теңге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:«Алтын
теңге»
Мақсаты:
1) Білімділік:
Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен
таныстыру.
2) Тәрбиелік:
Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз
қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге
тәрбиелеу.
3) Дамытушылық:
Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып,
шығармашылыққа біліктерін дамыту.
Түрі:
тәрбие сағаты, танымдық
ойын
Ойынның
көрнекілігі: Интерактивтітақта, суреттер, нақылсөздер,
алтын теңге, үлестірме
карточкалар.
Сабақтың
барысы:
1) Ұйымдастыру
кезеңі.
Кіріспе.
а) І-ші кезең: Бәйге кезеңі. ә) ІІ-ші
кезең: Мақал сөздің мәйегі. б) ІІІ-ші кезең Блиц
сұрақ.(көрермендерге) в) ІҮ-ші кезең
«Білгенге
маржан» видео
тапсырма.
Ойын
барысы:
Кіріспе.
1-ші жүргізуші: – Сәлеметсіздер ме құрметті
оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Алтын
теңге» танымдық ойынына қош келіпсіздер. Бүгінгі
танымдық ойында сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық
валютасы теңге туралы әңгімелейміз.
Балалар, ойынымызға белсене араласып, зейін қойып тындай
отырыңыздар, ойын барысында қазір алатын ақпараттарыңыз бойынша да
сұрақтар болатынын айта кетейік.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші
айрықша белгісі -ұлттық валюта. Олай болса, Қазақстан
Республикасының да айрықша белгісі ұлттық валютасы теңге. Ол -
Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем
құралы.
Ақша-асыл қазына, халық
байлығы.
Ал, 1991жылы еліміз Тәуелсіздігін алғаннан
соң Елбасының Жарлығымен Тәуелсіз елдің өзіндік айрықша валютасы
болу керектігі аталды. Сөйтіп, Ұлыбританиядағы
«Харисан енд
санс» компаниясына тапсырыс жасалып, 1993 жылдың
12 қарашасында елімізге ұлттық валютамыз теңге енгізіліп, Елбасының
бұйрығы бойынша 1993ж. 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы
аумағында теңге валютасы айналымға енгізілді. Ал, алғашқы
тиындарымыз Германияда жасалынды.
Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер
Тимур Сүлейменов, Мендібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла
Ғабжәлелов.
Ең алғашқы бекітілген теңге купюраларының
бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары әл-Фараби,
Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Бүгінгі
күні Алматы қаласында ақша шығаратын фабрика жұмыс істейді және
Өскемен қаласында металлургия заводында монеталар
шығарылады.
Құрметті оқушылар, тәуелсіздігімізді білдіретін бірінші белгі ұлттық теңгеміздің шығу тарихын да есімізге түсірдік. Олай болса, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
«Бәйге» кезеңі.
1.Ұлы тұлғалары бар, Керек құнды кағаздар
(теңге).
2.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан сайланды? (1991жылы1
желтоқсанда)
3.Қазақстан Республикасының рәміздерін
атаңдар.(Ту, Елтаңба жәнеӘнұран)
4.Қандай жағдайда тулар көтеріліп, мемлекеттің
әнұраны орындалады?
(Екіжағдайда: 1 ) Мемлекет басшысының сапары
кезінде; 2) Олимпиада жеңімпаздары
анықталғанда
5.Қазақстан Республикасы әнұранының авторларын
ата? (Ж. Нәжмиденов, Н.Назарбаев, Ш.
Қалдаяқов)
6.Қазақстан Республикасы туының авторы кім?(Ш.
Ниязбеков)
7.Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы
кім?(Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
8.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы
қай жылы қабылданды? (1993 жылы, 15
қараша)
ІІ-ші кезеңі
«Мақал сөздің
мәйегі» кезеңіне кезекті берейік. Бұл кезеңде
сіздерге мына экраннан мақал мәтелдер беріледі, сол мақалдардың бос
орындарын сіздер қажетті сөздермен толықтырасыздар. Сіздерге көмек
ретінде тапсырманың бірінші жолында қажетті сөздеріңіз
бар.
Мақал -
мәтелдер
Берілген мақал - мәтелдер арасындағы бос
орынға төмендегі сөзді жаз.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп,
ақшасы, судың, құлып, сом,
ақшасыз)
1. _____ тиыннан өсер
(теңге).
Жылқы құлыннан
өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ
(дүние).
3. Алтын тапсаң _______ ал
(санап).
4. Ақша кетуге
тырысады,
________ ұстауға тырысады
(есеп).
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар
(дария).
6.______ оңай, жинауқиын
(шашу).
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ
(құлып).
8. ______ да сұрауы бар
(судың).
9. Ақшада ____ жоқ
(көз).
10. Ар - намысы таза адамның ______ аз болады
(ақшасы).
11.Мың____ болғанша
Бір қылды басың болсын
(сом).
12.Базарда бәрі
бар,
__________ешкім бермейді.
(ақшасыз)
ІІІ-ші кезең.Блиц
сұрақ.
Құрметті көрермендер сіздер де белсене
қатысуларыңызға болады.Өз жауаптарыңызды екі топтың біріне
берулерінізге болады.
1.Қазақстанның ұлттық валютасы қашаненгізілді?(1993
жылқарашаның 15-і)
2.Қандай валюта халықаралық болып саналады?
(евро, доллар)
3.Теңгеге дейінгі Қазақстанның ақша валютасы қалай
аталған? (рубль)
4.Монеталар және басқа да ақша белгілері
туралы ғылым қалай
аталады?
(нумизматика)
5.Қазіргі кезеңде Қазақстан территориясында қандай
номиналды
Банкноттар қолданыста? (200, 500,1000,2000,
5000, 10000)
6.Бүгінгі күні Қазақстан территориясында қандай
монеталар қолданыста жүр?
(1,2,5,10,20,50,100)
7.Алғашқы Қазақстан теңгесі қайда басылды? Англияда
" Харрисон және оның ұлдары" компаниясында
)
8.Алғашқы Қазақстан тиыны қайда басылды?
(Германияда)
9.Ақшаны қайда жинауға болады?
(банкте)
10.Монеталар бүгінгі таңда қайда шығарылады.
(Өскемен қаласында, монета
сарайында)
ІҮ. «Білгенге маржан» Видео тапсырма.
Құрметті қатысушылар экранға назар аударайық.
Осымен біздің соңғы тапсырмамыз аяқталды. Енді тиындарды санауға көшелік.
Назарларыңызға бүгінгі тәрбие сағатына дайындаған көріністі ұсынамыз.
Жеңімпаз топты мараппатайық.
- Сонымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Қатысушыларға белсенділік танытқан үшін алғыс білдіремін. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Мақал -
мәтелдер
Берілген мақал - мәтелдер арасындағы бос орынға төмендегі сөзді
жаз.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп,
ақшасы, судың, құлып, сом, ақшасыз)
1.
_____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______
жоқ.
3. Алтын тапсаң _______
ал.
4. Ақша кетуге
тырысады,
________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______
болар.
6.______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________
жоқ.
8. ______ да сұрауы бар.
9. Ақшада ____ жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның ______ аз
болады.
11.Мың____ болғанша
Бір қылды басың
болсын.
12.Базарда бәрі
бар,
__________ешкім бермейді.