400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын ұя мектебім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын ұя мектебім жөнінде эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның сынып оқушысы Шудабаева Анель



Алтын ұя мектебім

Мектеп әрбір баланың өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол адамды толыққанды тұлға ретінде қалыптастыруға көмектеседі. Мектеп адам өмір бойы дамып, жетілдіретін орасан зор білім береді. Оқу орны адамды жай ғана оқытып қоймайды, сонымен бірге оны тәрбиелейді, адамгершілік қасиеттерге баулиды, еңбекке деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, әрі қарай білім алуды мақсат етеді. Мен өз мектебімді жақсы көремін, ал ұстаздарымыз болса сондай білімді, әр оқушыны білімділікке құштар ете білетін аяулы жандар.

Мектеп - мен үшін адам өміріндегі ең маңызды бөлшегі болып саналады. Себебі осы мектепте мен көптеген достар таптым, білімге деген ізденіс жолын таптым, өнерге деген баулитын адамдар таптым.

Мектеп қызықтарының орнын еш қызық баса алмас, себебі мектеп кезіндегі қызықтар өте ерекше, естен кетпес сәт болып қала береді.

"Мектеп - кеме, білім - теңіз" демекші, өмірге деген ең маңызды білімнің нәрін тек мектептен ғана аласың, өйткені одан кейінгі оқуларымның жетістіктері - мектеп білімінен бастау алған-ды. Осы мектепте біз жетілеміз, осы мектепте біз армандаймыз, осы мектепте біз болашағымызға мақсат қоямыз. Мектепке жетер еш құнды нәрсе жоқ. Мектептегі кездердің әр сәттерін бағалау қажет екен, себебі ол сәттерге күндердің күнінде ешқашан қайтып келмейтініміз анық. Мен мектебімді қатты жақсы көремін!

Адам баласы қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатыны анық. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты өткіздік. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді.

Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалатыны сөзсіз. Кейде бірінші сыныпта оқитын балаларға қарап, өзімде қайтадан сол шақтарға оралғым келеді. Басымнан қайтадан бастауыш сыныптағы қызықтарды өткізгім келеді.

Әлі де есімде... Мектеп табалдырығын аттаған кезде мен тым кішкентай болсам да, бәрі де көз алдымда тіпті кеше ғана болған сияқты. Қолымда бір шоқ гүл, жанымда ата-анам, туған-туысқандарым. Мектептің жанында толған адамдар, мұғалімдер. Өзің сияқты кішкентай қыздар мен ұлдарды көріп, таңқалған едім. Сол кезде ата-анам маған: «Сен мектепте жалғыз оқымайсың. Көрдің бе, сен сияқты балалар қандай көп, солардың ішінен сен өзіңе өте адал дос табуға тырыс», - деп атқан еді. Содан соң алғашқы ұстазымды көрдім. Осы кезден бастап мен ұстазымның арқасында мектеп туралы, мектептің не екенін, оның қандай мағына беретінін ақырындап түсіне бастадым. Сөйтіп айлар, жылдар өтті...
Достарыммен болашаққа жоспар құрып жүрген кезде соңғы қоңырау да соғылды. Және де мектептегі ұстаздарымның болашақта мен үшін мақтанғанын қалаймын! Бұл үшін мен қолымнан келетіннің бәрін істеуім керек. Мектептен алған білімдерімді, тәрбиемді болашақта тиімді пайдаланып, үлкен нәтижеге жетемін деп ойлаймын.



Орындаған: Шудабаева А.М.

Жетекшісі: Шәріп А.Е.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.06.2025
75
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі