Алтын ұя—мектебім

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Алтын ұя—мектебім

Материал туралы қысқаша түсінік
С. Адамбеков мектебі туралы ақпараттар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің мектебім—менің мақтанышым!

Мектеп-жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін, барлық рухани өркениеттің ошағы, білім ордасы әрі мүмкіндіктерге толы орта.Сонымен қатар, балалар болашағын қалаушы, жарқын өмірдің кепілі. 

 Әр адамның өмірінде мектептің алар орны ерекше.Менің мектебім—қоғамның орасан зор міндетін абыроймен атқарып келе жатқан білім ордаларының бірі,Арыс қаласына қарасты Сырдария елді мекенінде орналасқан «Садықбек Адамбеков» атындағы жалпы білім беретін орта мектеп.Ықылым заманымыздан бері «Сөздің ең ұлысы—тарих»,-деп қазақтың ақыны әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтып өткендей, мектебіміздің шежіресін айтпай өткеніміз жарамас. Сондықтан мектебіміз, алтын ұямыздың тағылымы терең тарихына үңілсек. Мектеп тарихы ауыл тарихымен тікелей байланысты.Ауылды қалаға жақындату, қала балалары мен ауыл балаларына бірдей дәрежеде білім беру мақсатында жоспарланған.Мектебіміздің алғашқы директоры Әнуарбек Шекербеков ағамыз сол бір тарихи күндерді аңыз етіп айтып отырған. Сол тарихи күндерде ауыз толтырып айтарлықтай техникалық-материалдық жабдықтар болмағанымен, нағыз еңбек майданында шыныққан білікті ұстаздардың арқасында бәрі де өз орнына келді. Оқушы санының артуына байланысты мектеп-интернат 1971жылы «Арыс» бастауыш мектебі, сәл кейінірек «Арыс» орта мектебі болып қайта құрылып, ғимараты да жаңарды.«Елу жылда—ел жаңа» демекші, сол жылдар белесінде мектеп ұжымы көптеген оң өзгерістерге куә болды. Білім ұямызға 2004 жылы сатира сардары, ақын, драматург, сықақшы Садықбек Адамбековтің есімі беріліп, қазақ қаламгерінің рухы тағы бір мәрте асқақтай түсті.Бүгінгі таңда 50 жылдық тарихы бар білім ордасын білімді де, білікті, ұтқыр ұйымдастырушы Асқарова Мейіркүл Отарбекқызы басқарып келеді. 

 Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін—білім.Сол білім жолында маған ақыл айтып, тәрбие берген мектебім, яки, ұстаздарыма алғысым шексіз. Мен осындай тарихқа толы, нағыз еңбек майданында шыныққан білікті оқушылары бар ыстық ұямның барына қуанамын.Менің мектебім-менің мақтанышым! 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2024
389
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі