400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алтынсың ғой Анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Ана ұғымының мән-мағынасын ашу,аналарына деген сүйіспеншілігін арттыру,өнерлерін көрсету арқылы аналарды ардақтауға, құрметтеуге үйрету.Оқушыларды тақпақ айту,ән-би арқылы ой-өрісін дамыту,үлкенді құрметтеуге ата-ананы сыйлауға,өнерді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер,шарлар,гүлдер,ұлағатты сөздер.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің сөзі:

1-жүргізуші: Сымбат

Армысыздар,еліміздің асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,

Сіздер үшін мереке шашулары

2-жүргізуші: Адель

Жан жылуын көкірегіне толтырып ,аналардың дәстүрлі мерекесі 8-наурыз да алтын ұя мектебімізге келіп жетті.

Өздеріңізді шуақты, құлпырған қызғалдақтай әсем мерекемен құттықтаймыз!

Бүгінгі «Алтынсың ғой,Анашым!» атты ашық тәрбие сағатымыз өздеріңізге арналады.

1-2жүргізуші:( бірге) Сымбат.Адель.

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын ашайық.

Хор:Ақ мамам

1-жүргізуші: Сымбат

Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт,ана-күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын,-демекші балалардың аналарына деген ыстық лебіз тақпақтарын қабыл алыңыздар!

1-оқушы: Кәусәр

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де,гүлі аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.

2-оқушы: Жанер

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан балалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген-тіршіліктің тірегі.

Армысыздар,қасиетті Аналар!

3-оқушы:Исмаил

Сендерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар!

4-оқушы: Ғанимат

Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

5-оқушы: Арман

Шалқып-тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Ана,сізді құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

6-оқушы: Еңлік

Жүре берсең қасымда,

Әйбат анам қуанам.

Ботам деген даусыңнан,

Мен мәз болып оянам.

2-жүргізуші: Адель

Би: Сынып қыздарының аналарға арнаған биі, Көктем биі

(Сынып қыздары)

2-жүргізуші:Ары қарай аналарымызға тілек өлеңдерімізді жалғастырайық.

7-оқушы: Исламбек

Ана –өмірдің қуанышы,тірегі,

Бала-оның жұбанышы,жүрегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген,

Олар дәйім тыныштықты тіледі.

8-оқушы:Қанат

Ана десем,алғыс алам халқымнан,

Ана десем,теңіз болам шалқыған.

Ана десем,ашылады қабағым,

Ана десем,әділдікті ұғамын.

9-оқушы: Айнажан

Аяулы да,алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен-асқарсың, сен-аспансың, биіксің,

Сен – дарқансың, сен-жомартсың, данасың.


10-оқушы: Мансур

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың

11-оқушы: Ильяс

Алақаны ақ самал,

Мәпелеген жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа.

12-оқушы: Аслан

Теңдесі жоқ даласың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегінді ақтайтын,

Аман болшы анашым!

1-жүргізуші: Сымбат

Хор: «Жақсы көремін ата-әжемді»

1-жүргізуші: Сымбат

Ары қарай аналарымызға тілек өлеңдерімізді жалғастырайық.

13-оқушы: Ермухан

Бүгін – наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз-

Адамның

Анаға айтар лебізі.

14-оқушы:Нұрәлі

Ақыл құйған санама,

Күннен де артық,расында.

Күн алыста,ал анам,

Ылғи менің қасымда.

15-оқушы: Дильназ

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам!

16-оқушы: Дильяра

Ана-көркі көгінің,

Ана-нұры жерімнің.

Ана-бағы баланың,

Мақтанышы елімнің.


17-оқушы: Ару

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-алтын қазық,алтын бақ.

18-оқушы: Ақниет

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

19-оқушы: Бекзат

Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт, ана-күн.

Әркім сүйіп,өзінің,

Мақтан етер анасын!

2-жүргізуші:Адель

Сынып ұлдарының аналарына арнаған билерін тамашалаңыздар.

«Сарбаздар» биі

20-оқушы: Ислам

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам, ақ мамам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қайда да.

21-оқушы: Ансар

Ақ арман – аппақ анам,

Өзіңсің бақ та маған.

Шығамын ақ сүтінді,

Қалайда,ақтап анам.

2-жүргізуші: Адель

Балаға ең жақыны сіз-Аналар,

Сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар.

Жүрегінің бір бөлшегі –бала үшін,

Сізден жақын адам бар ма аналар!-дей келе осымен «Алтынсың ғой, Анашым!» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.


Мұғалімнің сөзі:




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі