(Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойында тұрады)
Жүргізуші: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі-түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар: Күз мейрамы!
Олай болса күз туралы тақпақтарын айтуға ортаға Әлішер, Ақсындар, Ақмаралды шақырамыз.
Әлішер: Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Ақсындар: Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
Ақмарал: Келеді көшіп комбайн,
Алтын дария егінді.
Жинап маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді.
Ән: «Күз келгенде». Орындайтын: Хор.
(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі).
Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты. (Жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді).
Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе?
Бұлт: Күзгі көк бұлт мен болам,
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын,
Қаласам қазір сендерге,
Жаңбыр болып жауамын.
(Балаларға жаңбыр шашады).
Жүргізуші: Жаңбыр жаумай тоқтай тұр,
Дабылыңды соқпай тұр.
Саяғыңды түгендеп,
Үйіріңді соқпай тұр!
-Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз.
Ән: «Жаңбыр».
Ерасыл: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Айзада: Сап-сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Елжас: Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.
Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар? Сендердің ойнағыларың келеді ғой, олай болса «Тамшылар мен жапырақтар» ойынын ойнаймыз.
(Кілем үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. Екі-төрт бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды).
Бұлт: Балалар, сендер барлығың жылдам және шапшаң екенсіңдер.
Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады,күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамымызға күнді қонаққа шақырайық. (Балалар орындарына отырып, қолдарын шапалақтап, аяқтарың тыпырлатып, күнді шақырады). Күн келеді.
Күн: сәлеметсіңдерме балалар? Сендер мені шақырдыңдарма достарым?
Балалар: Иә.
Күн: Мен жарқырап төбеде,
Нұрын төгіп тұратын.
Шуақ шашып бәріне,
Бала жанын ұғамын.
Бұлт: Күн,күн,тоқтай тұр!
Сөзіме менің құлақ түр.
Ішім толы суға,
Сусыз өмір болама?
-Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!
Күн: Жоқ, мен мықтымын!
(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдатады)
Жүргізуші: Тынышталыңдар, Дауласпаңдар! Балалар, күн мен бұлтты татуластыру үшін күзді қонаққа шақырайық.
(Музыка әуенімен ортаға Күз келеді).
Алтын Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Ырысқа толы қоймалар.
Сабан тойы тойланар,
Берекелі күз болам,
Байлыққа мұртың байланар.
-Сендер мені шақырдыңдар ма?
Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Алтын күз! Сені шақырған біздің балалар. Сізді шақырған біз. Біздің балалар сізбен «Жапырақтар» биін билегісі келеді. Олай болса қыздарымызды «Жапырақтар» биімен ортаға шақырамыз.
Би: «Жапырақтар».
Алтын күз, сен бізге көмектесші. Бұлт пен Күн екеуі кім мықты, кім бірінші деп дауласып тұр.
Алтын күз: Олар неге олай дауласады? Қане, балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық. Ол үшін ойын ойнайық.
Ойын: «Дәмін ажырат».
Ән: «Біз бақытты баламыз». Орындайтын: Хор.
Ортаға өз тақпақтарын айтуға Ақарыс, Мейіржан, Айкөркемді шақырамыз.
Ақарыс: Көбейді құт- береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Мейіржан: Нан-анасы бидаймын,
Нанды елге сыйлаймын,
Піскенімде мен қырды,
Қауызыма сыймаймын.
Айкөркем: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Күз: Жарайсыңдар балалар, Күн мен Бұлт тату болса бәрі де көңілді.
Осы ертеңгілікке ат салысып жүрген ұжымдас тәрбиешілердің құрметіне арнап Сүлеймен Айкөркемнің орындауында «Ұстаздарға қошемет» әні. Қабыл алыңыздар!
(Ән айтылып жатқанда Күн мен Бұлт себеттегі тамшылар мен жапырақтарды алмалар мен алмұрттарға айырбастап қояды).
Күз: Біздің достарымыз Күн мен Бұлт қайда кеткен?
Бұлт: Алтын күз ,қарашы, біздің жапырақтарымыз бен тамшыларымыз сиқырлы екен!
Күн: Олар тәтті алмалар мен алмұрттарға айналып кетіпті.
(Бұлт пен Күн себеттегі алмаларды балаларға көрсетеді).
Күз: Ендеше ешқашанда дауласпаңдар, дос болыңдар! Олай болса Күн мен Бұлтты қошеметпен шығарып салайық.
(Күн, бұлт): Ал,балалар, сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің жомарт байлығымыз көкөністер айтысын тамашалаңыз.
Көрініс: «Көкөністер айтысы»
Көкөністер бәрі бірге: Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға,
Тиеді көп пайдамыз.
Бұршақ: Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне.
Дәмді тағамдарыммен,
Сый жасаймын бәріңе.
Қызылша: (Ызаланған ол кып-қызыл болады).
Менде бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге,
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелде .
Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
Қияр: Көкте ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып,
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі суарып.
Шалқан: Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр мен дарханды.
Сәбіз: Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшкеде.
Қызанақ: Тал шыбығым бұралып,
Бақшада мен қызарып.
Тұрған сол қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Пияз: Боламын мен демеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.
Картоп: Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Бәріміз дос болайық.
Көкөністер: Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға,
Тиеді көп пайдамыз?
Медбике- бала: Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пйдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.
Жүргізуші: Алтын күз, сіздің жомарт көкөністеріңізден басқа дәмді жемістеріңізде бар ғой. Соларға да кезек берейік.
Алма: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бал дәмім.
Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Алтын күз: балалар мен сендермен қоштасқым келмейді.Бірақ мені басқа балабақшада сендер сияқты бүлдіршіндер күтіп отыр. Сондықтан, менің жомарт байлықтарымды көлігіме тиеп алып кетейін. Ал жемістерім мен көкөністерім көлігіме отыра қойыңдар. Ал, балалар, қош сау болыңыздар. Келесі күзге дейін көріскенше!
Балалар: Сау болыңыз.
Жүргізуші: Балалар, міне біздің мейрамымыз да аяқталды. Бірақ күз бізбен әлі қоштаспайды. Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.
Берекелі бақ- дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болайық бәріміз,
Келгенше күз айналып!
Осымен «Алтын күз келді бақшама» атты ертеңгілігімізді «Күз жомарт» әнімен аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алтыным күз көрнісі

шағым қалдыра аласыз