400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Алып Ер Тұңға

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиетінен 6-сыныпқа арналған қысқа мерізімді жоспар. Жоспар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған. Мұғалімдер жоспар жасауда керекті жерлерін алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ : №


Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Алып-Ер Тұңға


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.2.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

6.3.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;


Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Ежелгі дәуір әдебиеті «Алып – Ер Тұңға» төңіректерінде түсінік қалыптастырады,.

Оқушылардың көпшілігі

Батырлар жыры тақырыбынан мәлімет бере отырып, тілдік білім негіздерін жүйелі, нақты қабылдауға мүмкіндік беру, батырлардың ерліктерін оқып үйрену.;

Оқушылардың кейбірі

мақалдарды аударуындағы мәдениеттік үлгілеріне мән беріп, жазба тіл мәдениетін меңгеруіне бағдар беру.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Философия

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл..

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Оқушыларға мәтіндегі таруларды мәнерлеп оқып, жаңа сөздіктер арқылы өз тарапынан ажыратуға үйретемін.


Осыған дейін меңгерілген білім

«Аяз би» ертегісі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі

Ізгі тілек (Оқушылар назарын сабаққа аударамын,топ бойынша тілек айтады

Топқа бөлу (Түске қарай көк, жасыл, сары,қызыл)

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: «Сұрақты ұстап ал» ойыны

Оқушылара сұрақтар қою.

Ертегі деген не?

Ертегінің түрлерін сұрау

Қызығушылықты ояту

Мына суреттер арқылы не айтуға болады?4 топқа сұрақтар беріледі

  1. Батырлық туралы жырларда не туралы бейнеленеді?

  2. Қазақтың батырлары қазақ елінің қандай ұлдары?

  3. Жырлар қандай сөзбен айтылады?

  4. Батырлар жыры бізге қалай жеткен?

  • Жыр не туралы болуы мүмкін?

Оқушылар пікірі сұралады.

Слайд 1-5





Сабақ ортасы

5 мин



5 мин


15 мин



10 мин

Берілетін тапсырмалар:

Алып Ер Тұңға жайлы видео тыңдалады

Сөздікпен жұмыс

І тапсырма

Кесте толтырады.Оқушылар жинақтаған ойлары мен жасаған болжамдары бойынша кестені толтырады.

Шығарма аты

тақырыбы

Идеясы

тәрбиелік

мәні






Дескриптор

Шығарманың тақырыбын ,идеясын табады


Тәрбиелік мәнін табады.


Жыр туралы анықтама

(Дәптермен жұмыс. Оқушылар жыр туралы анықтаманы дәптерге жазады)

Алып-Ер Тұңға - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидың «Шаһнама» кітабының кейіпкері. Бұл кітапта Алып-Ер Тұңға - Афрасияп, Тұранның (Түр елі - түріктердің) патшасы болып суреттеледі.

Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Ал Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында.

Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітабында бар.

Бұл жырдан қазақтың жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жырдың мазмұнында опасыз дүниенің Алып-Ер Тұңғаны аямағаны, түркілердің оның қазасына қатты қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады.

Алып-Ер Тұңға өлді ме?

Опасыз дүние қалды ма?

Заман өшін алды ма?

Енді жүрек жыртылар...

 Сөздікпен жұмыс:   Тұңға- алғашқы,бірінші деген мағынасында

                             Опасыз дүние-бұл дүниеде ешкім мәңгі қала алмайды   деген мағынада


Берілетін тапсырмалар :

1 Жұпта талқылайды.

  • Жырдың тәрбиелік маңызы қандай?

  • Жырдан қандай әсер алдыңыз?

Слайд 6-7

Дидактикалық материалдар №1







Сабақ соңы

5 мин


ІІІ. Ойтолғаныс

Сабақты бекіту үшін оқушылар өздері білетін батырлар туралы ойларын қортындылайды.

Менің батырым кім?

Қазақ жерін мекендеген тайпалар туралы тарихпен байланыстыра әңгімелеңдер.

- Ежелгі түркі әдебиеті мен ауыз әдебиетін салыстырыңдар.

- Алып Ер – Тұңа мен Алпамыс батырды салыстырыңдар.

- Оқушыларды ынтасына қарай бағалау

Кері байланыс


Үй тапсырмасы

Жырдың толық нұсқасын оқып келу Абайдың «Әбдірахманға» , Жамбылдың «Алғадай туралы әрбір ой» атты өлеңдерін тауып келу


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға сөздік беру немесе сабақ материалымен алдын ала танысуға мүмкіндік беру арқылы қолдау көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.


Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі