400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

АЛЫП ЕР ТҰҢҒА

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 – бөлім.Туған жерім -аялы алтын бесігім

Мектеп:

Күні: 27.09.18

Мұғалім:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Алып Ер Тұңға

Кейіпкерлер бейнесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.Т/Ж3 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.

6.Б/С1. шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

Сабақ мақсаты:

Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттап,

шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

Құндылықтарды игерту:

Ашықтық .Құрмет. Шыншылдық

Пәнаралық байланыс:

Тарих

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Оқушыларға мәтіндегі таруларды мәнерлеп оқып, жаңа сөздіктер арқылы өз тарапынан ажыратуға үйретемін.

Пән лексикасы және терминология:

  • Мақалдармен жұмыс жүргіземін.\ауызша, жазбаша\

Ат – ердің қанаты.

Батыл болмай – батыр болмайсың.

Ерге лайық ат ат туар.

Жылқы – малдың патшасы.

Жеті қазынаның бірі – жүйрік ат.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Өлең жолдарында келтірілген «_______» сөзі «________» деген мағынаны білдіреді. Өмірден мысал келтіретін болсақ, _______________.

Осыған дейін меңгерілген білім

Өтілген тақырыптар негізінде біледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 мин


Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Жұпта тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді:

Үй тапсырмасын қайталау.

Оқушылара сұрақтар қою.

Оқушыларға мақал – мәтелдер айтқызу. Отбасы және Отан туралы.


Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Күнделікті қажет жаңа сөздермен жұмыс

- батырлар жыры, елдік салты, әлеуметтік, ардақтауға баулиды.

Оқушылар бірнеше сұрақтарға жауап береді

«Сұрақ-жауап» әдісі
1 Ежелгі дәуір әдебиеті туралы не білеміз? 
2. Неліктен біз ежелгі дәуір әдебиетін төл әдебиетіміздің тарихының басы деп есептейміз? 
3. Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын қандай шығармаларды білесің? 
4. Бұларды зерттеп, әдебиетіміздің тарихына қосуға , елге танытуға үлес қосқан қазақ ғалымдарын атаңдар.Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен және дескрипторлармен танысады.

Слайд 1-5





Сабақ ортасы

5 мин



5 мин


15 мин



10 мин

«Зерттеушілік конференциясы» әдісі

Алып Ер Тоңа - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің " Шаһнама" кітабының (XI ғ.) кейіпкері болған. Онда Алып Ер Тоңа - Афрасияп Тұранның (Түр елі - түркілер) патшасы болып суреттеледі. Ақыл-айласымен, күшімен, біліктілігімен ел есінде мәңгілік қалған тарихи тұлға.

Алып Ер Тоңаның төрт ұлы болған. Олар: Барысхан, Қарахан, Шиде, Алак. "Алып Ер Тоңа" дастанының қысқаша мазмұны төмендегідей: түркілердің ата мекені Тұранға көрші отырған Иран елінің әскері қайта-қайта шабуыл жасап, тыныштық бермейді. Тұран елінің сұлу қыздарын, асыл бұйымдарын, қоңды малдарын әкетеді. Диқандардың енді ғана жайқалып өсіп келе жатқан егіндерін, бау-бақшаларын парсы әскері таптай береді.

Сол заманда Тұран елінде "арыстандай айбарлы, жолбарыстай жүректі, көк бөрідей тәкаппар Ер Тоңа" деген батыр жігіт бар екен. Ер Тоңа елден көп нөкер жинап, Иран әскеріне қарсы шығады.

Ақыры Тұран әскері жеңіп, Иран әскері ойсырай жеңіледі. Сол күннен бастап Ер Тоңаны "алып" деп атай бастайды. Енді ол халық алдында " Алып Ер Тоңа "деп аталады да Тұран патшасының тағына отырады.

Алып Ер Тоңа қайтыс болғанда, артында калған елі жоқтау шығарған. Сол жоқтау атадан балаға жетіп XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған "Түркі сөздерінің жинағы" деп аталатын кітапқа енген. Бұл жоқтау ежелгі түркі әдебиеті мен фольклорінің алғашқы нұсқаларының бірі болып есептеледі . Жоқтау жырында опасыз дүниенің Алып Ер Тонаны да аямағаны, түркілердің оның қазасына қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады. Жоқтауда: "Ажал оғы жақсыларды құлатты, жамандар қалды",- дейді. Бұл жырдың қазақ халқының әдет-ғұрпындағы жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жоқтау жырындағы ұйқастың да өзіндік ерекшелігі бар. Әдетте, шумақтың алғашқы үш тармағы (мысалы, бірінші шумағын алсақ, өлді ме? қалды ма? алды ма?) өзара ұйқасып, ал соңғы тармағы келесі шумақтың ақырғы жолымен ұйқасып (жыртылар, сүртілер) байланысады.

«Ойлау баспалдағы»

І топ –Биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кімдер лайықты болған?

ІІ топ- Ұлттық тұлға биігіне кімдер көтеріле алған?

ІІІ топ – Батыр деген атқа кімдер лайықты?

Тапсырма     Ашық/жабық деңгейдегі сұрақтар (Диолог)

І топ – Неге батырлар жанқиярлық ерлікке барған,көзсіз батырлық жасаған?

ІІ топ — «Найзаның ұшымен,білектің күшімен» сыртқы жауларын жеңуге бола ма?Әлде       бұл көзқарас бұрыс па? Қалай ойлайсыздар?  Бұл жөнінде қандай дәлелдеме    келтірер едіңіздер?

ІІІ топ – Ауыз әдебиеті үлгілерінде кездесетін батырлар тарихта болған ба? Болса    нақты дәлел келтіре аласыз ба?



Топтық тапсырма : «Ел қорғаған батырлар» постерді қорғайды.


Алып Ер -Тұңға жыры туралы мәліметтер

Алып Ер Тұңға көсем өліміне арналған жоқтау жыр. Көне парсы жырында Афрасияп (Фирдоусидің«Шаһнамасында») , зооастризм дінінің қасиетті кітабы Авестада -Франграсийан деп атаған. ХІ ғасырда қашқари өзінің «Диуани- лұғати -т -түрк» кітабында жарияланған. Алып Ер -Тұңға сақ көсемі болған.

Оқушылармен орындалатын жұмыстар.

І топқа

  1. Оқулықта берілген Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар туралы мәліметтерді оқыту, мазмұндау. Алтын Бекзаданың күміс тостағанында : «Аға, саған бұл ошақ! Ошағынан безгендер , тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!» деген жазулардың мағынасын анықтау, өз ойларын дәлелдеу.

ІІ топқа

  1. Алып- Ер Тұңға туралы мәліметтерді оқу, мазмұндау. Өздері білетін жоқтау жырлармен салыстыру.Түсініксіз сөздердің мағынасын анықтау.

  2. ІІІ топқа

  3. Жоқтау жырды мәнерлеп оқу, көркемдік ерекшелігін, жоқтау жырға тән ерекшеліктерді анықтау.

Қорытынды сұрақ жауап :

1 Ежелгі дәуір әдебиеті туралы не айтасың?

2 Жоқтау деген не?

3 Дүниені неге опасыз дейді?

4 Жүрек неге жыртылады?

5 Жұрт неге шуласады?

6 Ер-Тұңғаның түркі тарихындағы рөлі?

Слайд 6-7

Дидактикалық материалдар №1







Сабақ соңы

5 мин


Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
3767
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі