400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Алып Ер Тұңға" жыры 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоспарда "Алып Ер Тұңға" жырының сюжетін, фабуласын анықтауға байланысты, жырдың негізгі идеясын ашу, жанрын анықтауға байланысты тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім: «Туған жерім-аялы алтын бесігі»

Мектеп: №13 «ЭКОС» МГ Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:21.06.

Мұғалімнің аты-жөні: Калымжанова С.Т.


Сынып: 6 «А»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

"Алып Ер Тұңға" жыры

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.1.1. әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;

6.2.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Жырдың жанры мен фабуласын, сюжетін анықтайды.

Көтерілген мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасады.

Оқушыларды түгендейді.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Бәйге» сұрақтарына жауап береді.



І.Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау».

Суреттер арқылы бүгінгі тақырыпты болжап, сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы анықталады:


- Берілген суреттер туралы не ойлайсыздар?

- Балалар, сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақ кім жайында?

- Жоқтау өлеңі қашан айтылады? Жоқтауда не айтылады деп ойлайсың? Неліктен кейбір тұлғаларды жоқтаған өлеңдер сақталып қалған деп ойлайсың?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.


Оқушылар назарын сабаққа аудару.






Суреттер арқылы бүгінгі тақырыпты болжап, сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.



Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.







ҚБ



6-сынып

Қазақ әдебиеті оқулығы





Сабақтың ортасы


































ІІ. Мағынаны тану. «Алып Ер Тұңға» жыры туралы қысқаша мәліметтер жазылған парақтарды оқушыларға тарату, оқуға ұсыну.

Ж. «Алып-Ер Тұңға — өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидың «Шаһнама» кітабының кейіпкері. Бұл кітапта Алып-Ер Тұңға — Афрасияп, Тұранның (Түр елі — түріктердің) патшасы болып суреттеледі. Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Ал Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында. Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітабында бар. Бұл жырдан қазақтың жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жырдың мазмұнында опасыз дүниенің Алып-Ер Тұңғаны аямағаны, түркілердің оның қазасына қатты қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады.

Әдебиет хрестоматиясымен жұмыс. Орта көлемді үзінді мәнерлеп оқу: логикалық (сөздер мен сөз тіркестерін көтеріңкі оқу) психологиялық (көңіл-күйге орай оқу), грамматикалық (тыныс белгісіне орай дауыс ырғағын сақтап оқу) тәсілдерін ескерту:

Үзіндіні мәнерлеп оқу үлгісі ретінде аудио материалынан немесе, Bilim Land сайтынан тыңдату.


Сөздік жұмыс: Ажал шеңгелін салу – ажал жету, Бек-ежелгі түркілердегі қолбасшы дәрежесін білдіретін әскери шен, атақ, жоғары басымдыққа ие тұлға. Қыршын ғұмыр - қысқа өмір, білікті – білімді.

Жұптық жұмыс


1-тапсырма. Кестені толтырыңыз.

Жырдың тақырыбы



Әдеби жанры


Негізгі идеясы




Жыр сюжеті





Дескриптор:

Жырдың тақырыбын жазады.-1б.

Әдеби жанрын анықтайды.1 б.

Негізгі идеясын ашып жазады. 1 б.


2-тапсырма.

Деңгейлік тапсырмалар.

А деңгейі «Буриме» әдісі қолданылып, қолдау қажет ететін оқушыларға шумақтағы өлең тармақтарының бастапқы сөздері ұсынылады, оқушы толықтырып, тармақты аяқтайды.

Шеңгелін ажал ... ,

Ер Тұңғаны ... ?

Сұм дүние артта .. .?..

Қайғылы жүрек жыртылды-ау!


Сұм ажал бүгін .. .,

Құрығын салып ...,

Бектердің бегін ...;

Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау!

Дескриптор:

Үзінділерді толықтырып жазады. 1 б.

  • Үзінділерді мәнерлеп оқиды. 1 б.

  • Шумақтың идеясын тұжырымдап жазады. 1 б.



В деңгейі «Төрт сөзді сөйлем» әдісі арқылы кейіпкердің қандай адам болғаны туралы пікір жазыңыз.


Дескриптор:

  • Кейіпкер қандай адам болғаны жайлы пікір жазады; 1 б.

  • Пікірін дәлелдеп, мысал келтіреді;1 б.

Пікірін дәлелдейді, мысал келтіреді, тұжырым жасайды. 1 б.


С деңгейі

Жырдан уайым, қайғы, өкінішті білдіретін өлең жолдарын немесе сөз тіркестерін теріп жазыңыз, мағынасын ашыңыз.



Мұң-шер, қайғы, өкініш секілді сезімдермен берілген сөздер мен сөз тіркестерін тауып жаз


Мағынасын ашып жаз










Дескриптор:

Өлең жолдарынан 3 сөз тіркестерін немесе сөздерді анықтайды, мағынасын ашып жазады. 3 б.


«Кинолента әдісі» арқылы сурет бойынша шағын мәтін құрайды.

Дескриптор:

Сурет бойынша шағын мәтін құрастырады. 1 б.

Суреттің мағынасын ашады.-1 б.

Көлемі (4-5 сөйлем) -1 б.

Қатесіз жазады. 1б.







Алып Ер Тұңға» жыры туралы қысқаша мәліметтерді тыңдайды.











Аудиомәтінді тыңдайды.







Сөздікпен жұмыс жүргізеді.






Кестені толтырады.

Жырдың тақырыбын, жанрын, идеясын, сюжетін жазады.








«Буриме» әдісі қолданылып, қолдау қажет ететін оқушыларға шумақтағы өлең тармақтарының бастапқы сөздері ұсынылады, оқушы толықтырып, тармақты аяқтайды.






Өлеңді қолдана отырып оқушының кейіпкер жайлы көзқарасын білдіруді байқау.















Бүгінгі тақырып бойынша ойларын қорытындылайды.

































ҚБ

Жұптық бағалау.
























ҚБ «Өзін-өзі бағалау»


Дескриптор арқылы















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
25.09.2023
829
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі