Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алюминий және оның қосылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар алюминийдің екідайлы қасиеттерімен танысады Сонымен бірге периодтық жүйедегі орнымен, физикалық, химиялық қасиеттерін үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Алюминий.

Сабақтың білімділік мақсаты: Алюминийдің периодтық жүйедегі орны

мен атом құрылысын, физикалық-химиялық қасиет-

терін, қолданылуын, табиғатта таралуы мен маңызды

қосылыстарын үйрету.

Сабақтыңy2nb;tc3 : Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы

оқушылардың өз бетінше ойлай білу, қорытынды

жасай білу қабілеттерін дамытады.

Пәнаралық байланыс: физика, биология, география, медицина ғылымы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрак-жауап, түсіндіру, СТО, ақпараттық технология бойынша дамыта оқыту.

Көрнекілігі: сызба-кесте, графопроектор, фотосуреттер.


Сабақтың барысы:

І кезең. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, кезекшіні анықтап, оқушыларды түгендеу.

ІІ кезең. «Ой қозғау» кезеңінде оқушыларға тапсырмалар беру арқылы үй тапсырмасы пысықталады.

  1. Кальцийдің периодтық жүйедегі орны, электрондық формуласы.

  2. Тотығу дәрежесі.

  3. 1-қатар: кальцийдің оттекпен;

2-қатар: кальцийдің күкіртпен;

3-қатар: кальцийдің сумен;

4-қатар: қышқылмен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңдар.

4. Судың уақытша, тұрақты кермектіліг туралы не білесіздер?


ІІІ кезең. «Ұғыну» кезеңі: жаңа сабақ түсіндіріледі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Болмаса да айтарлықтай салмағым

Көп металдан ардақтымын алдамын

Ұшақ болып аспанға ұшып, қалықтап,

Жердің жүзін,көк аспанды шарладым.


Дюралюмин дейтін менің қоспамды,

Әспеттейді химияның достары

Тұрмыста үстел,ыдыс-аяқ кереует,

Бағандардың бұйдаларын қостым мен


Қағаз да мен кәмпит,шайды сәндеген

Токқа балқып келіп тұрған ән де мен.

(Балалар, бұл өлең жолдарында айтылған қай металл?)


Алюминий – «Қанатты металл».


Периодтық жүйедегі орны:

1.Химиялық таңбасы- Al

2.Реттік нөмірі- 13

3.Ar(Al)- 27

4.Период нөмірі- ІІІ (кіші)

5.Топ нөмірі-ІІІ (негізгі)


Атом құрылысы:

1.Ядро заряды- +13

2.Электрон саны- 13

3.Протон саны- 13

4.Нейтрон саны -14

5.Энергетикалық деңгей саны -3



Электрондық формуласы: 13Al 1S2 2S2 2p6 3S2 3p1

Графиктік формуласы.


1s 2s 2p 3s 3p

↑↓

↑↓

↑↓

↑↓

↑↓

↑↓





Алюминийдің табиғатта таралуы.

Алюминий табиғатта таралуы жөнінен оттек пен кремнийден кейінгі үшінші орында, металлдар арасында бірінші орында. Жер қыртысындағы массалық үлесі 88%. Белсенді металл болғандықтан алюминий табиғатта тек қосылыстар түрінде кездеседі. Жер қыртысының негізгі бөлігін алюмосиликаттар құрайды. Алюмосиликаттар мүжілгенде (каолинит) балшық түзіледі.


DrawObject1

DrawObject2 DrawObject3



DrawObject6 DrawObject4 DrawObject5

Табиғатта таралуы

DrawObject8 DrawObject7

DrawObject10 DrawObject9

DrawObject11 DrawObject12 DrawObject13


DrawObject14 DrawObject15

DrawObject16





Корунд Al2O3 - өте қатты, түссіз минерал. Егер оның құрамында қоспа көп болса, ол әр түрлі бағалы тастарға айналады: рубин, сапфир, аметист, бирюза.

Боксит Al2O3* n H2O – тау жынысы. Ол негізгі өнеркәсіпте алюминий алуға арналған шикізат болып табылады.

Алюминий кендерінің бай қорлары Қазақстанда, Оралда, Хибин тауларында, Башкирияда, Сібірде кездеседі. Қазақстанда бокситтердің белгілі кен орындары бар. Олар Қостанай және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Павлодар алюминий зауытында металл күйіндегі алюминий өндіріледі.

Алюминийдің биологиялық рөлі.

Ересек адам күніне алюминийдің 30-50 мг қажет етеді. Күнделікті өмірде оны нан өнімдерінен аламыз. Шайдың құрамында суға қарағанда 20-200 есе көп болады. Алюминий судың, ауаның, дәрілік препараттың, иіссулардың, алюминийден жасалған ыдыстардың құрамында болады. Ол эпителий мен байланыстырғыш ұлпалардың дамуына, сүйек ұлпаларының түзілуіне, фосфор алмасуына әсер етеді. Алюминий зат алмасуға, жүйке жүйесінің қызметіне, жасушаның көбеюі мен өсуіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар ағзадағы көп мөлшері қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, есінен тануына да әсер етеді. Кейбір зерттеулерде алюминий мидың зақымдануына да әсер етеді. Алюминий тұздарының көп болуы ағзадағы кальцийді төмендетеді, фосфордың адсорбциялануын азайтады, сүйектегі, бауырдағы, мидағы алюминийдің құрамын 10-20 есеге артырады.

Алюминийдің алынуы.

2DrawObject17 Al2O3 электролиз 4Al + 3O2 – 3352 кДж


Алюминийдің физикалық қасиеті.

Алюминий – күміс түсті, ақ, жеңіл металл. Тығыздығы – 2,7 г/см3, балқу температурасы – 660,40С, қайнау температурасы – 24670С.

Өте иілімді, одан жіңішке сым жасауға болады. Сондай-ақ фольгаға айналдырып таптауға болады. Электр өткізгіштігі күміс пен мыстан кейінгі деңгейде.

Химиялық қасиеттері.

  1. 4Al + 3O2 = Al2 O3

Al2 O3 қабықшасының қалыңдығы 0,00001 мм. Балқу температурасы – 20500С. Оксид қабықшасы металлдың бетіне күңгірт түс береді.

  1. Сұйық алюминий сумен қарқынды әрекеттеседі:

2Al + 6H2O = 2Al(OH)3 + 3H2

  1. Алюминий қышқылдардағы сутекті тотықсыздандырады:

2 Al + HCl = 2AlCl3 + 3H2

  1. Екідайлы болғандықтан сілтілермен де оңай әрекеттеседі:

2Al + 6NaOH = 2Na3AlO3 + 3H2


Алюминий құймаларының қолданылуы.


Алюминий құймалары

Қолданылуы

1. Магиалий Al – Mn - Mg

Кеме және ракета жасау

2. Дуралюминдер

(Al – Mg – Si – Cu)

Ұшақ жасау

3. Al – Cu – Mn

Ғарыш кемелері

4. Al – Mg – Si

Құрылыс

Тікұшақтардың бұрамалары (винттері)

5. Силумин (Al – Si – Na)

Машина жасау



















ІҮ кезең. «Деңгейлік тапсырмалар» кезеңі: оқулықтан, тақтадан тапсырма-лар орындау.

1-деңгей:

а) Алюминийдің периодтық жүйедегі орны.

ә) Табиғатта кездесуі.

б) Алюминийдің физикалық қасиетін айтыңдар.


2-деңгей:

а) Алюминийдің оттекпен әрекеттесуінің реакциясын жазыңдар.

ә) Алюминийдің күкіртпен әрекеттесуінің реакциясын жазыңдар.

б) Алюминийдің тұз қышқылымен әрекеттесуінің реакциясын жазыңдар.


3-деңгей:

(Оқулықпен жұмыс, №9 есеп, 135-бет)

Массасы 15,2 хром оксидін Cr2 O3 алюминиймен тотықсыздандырғанда 9 грамм хром түзіледі. Хромның теориялықпен салыстырғандағы шығымын процентпен көрсетіңдер.


Сабақты қорытындылау.

Білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: Алюминий. №8 жаттығу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2018
1151
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12