«Аман, жүрші қарттарым»атты
мерекелік шара
Қарттар күніне арналған
сценарий
Жүргізуші:
Айғаным.
Мерекелеріңіз құтты болсын ата - апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Жүргізуші:
Ақнұр Қадірлі ата - әжелер бүгінгі
күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып
келесіздер. Бүгінгі қарттар күніне орай мектебімізде ұйымдастырылып
отырған «Аман жүрші,
қарттарым» атты мерекелік кездесу кешіне
қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Айғаным.Ендеше бүгінгі салтанатты
мерекелеріңізбен құттықтау үшін сөз, мектебіміздің
директоры Смағұлов Галел
Ғабдоллаұлына беріледі.
Жүргізуші:
Ақнұр Бүгінгі салтанатты
мерекелеріңізбен құттықтау үшін сөз кезегін қариялар алқасының
төрайымы Нұрбеков
Хамит атамызға
беріледі.
Жүргізуші
Айғаным:
Асыл әжем, мақтанышым менің
де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
5 сынып оқушылары орындауында, ән қабыл
алыңыздар.(Мөлдір,Айзада,Айзере)
Жүргізуші:
Ақнұр.
Ата көрген оқ жанар
Ана көрген тон пішер,- демекші ортаға, «Қазақша» биімен
мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларын
шақырамыз.
Жүргізуші
Айғаным:
Күн нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Уа жамағат ал енді
Әнге кезек берейік
Асылханды әнімен ортаға
шақырайық.
Жүргізуші:
Ақнұр Баламның табанына кірген
шөгір, менің маңдайыма кірсейші дейтін әжелер мен аталардан үлгі
өнеге көріп келе жатқан кішкентай тентектерімізді ортаға
шақырайық.
Фариза, Пынар, Мерей, Айша,
Айзия,Бақдаулет,Серікбол,Ермек,Эльдар.
Жүргізуші:
Айғаным
Жүректен кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй. деп ортаға « Мереке » әнімен оқушыларымызды
шақырамыз.(Асылхан,Димаш,Салтанат)
Жүргізуші:
Ақнұр
«Өзбек» биі 8 сынып қыздары,
қабыл алыңыздар!(Алия,Зарина,Аяулым)
Жүргізуші:
Айғаным
Келесі кезекті әнге берейік
«Әке-ана!»
(Нұрғабден)
Жүргізуші:
Ақнұр
Қысылып еш саспаңдар
Кәнеки би бастаңдар
Ата - әжелердің көңілін.
Бір көтеріп тастаңдар.
Оқушыларымызды «Лайк» биімен ортаға шақырамыз
(5 сынып қыздары және
Фариза)
Жүргізуші:
Айғаным
Гүл - гүл жайнап бәріміз
Кірді біздің сәніміз
Қарттарымызды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
Ән:
орындайтын 6 - сынып оқушысы
Фариза
Жүргізуші:
Ақнұр
Мерекелік шараны аяқтай отыра «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен
жер көгерер» демекші ата - әжелер бата, ізгі ниет - тілектеріңіз
болса, сөз кезегін өздеріңізге береміз.