Тақырып бойынша 11 материал табылды

ӘН - САЗЫМЕН, ҚЫЗ - НАЗЫМЕН

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАС МАМАНДАРҒА
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 5.03.2018жыл

Тақырыбы: «Ән –сазымен, Қыз –назымен»

Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты әдептілікке , инабаттылыққа , ізеттілікке тәрбиелеу; Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін , эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;

Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білу мәдениетін дамыту;
Мұғалім.Қош, келдіңіздер, құрметті қонақтар, аяулы аналар, әжелер, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға және құлпырған қызғалтақтай қыздарымызға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше бүгінгі балауса қыздарымызды ертеңгі ару ,ана деп блеміз.Оларды әдемілікке, ізеттілікке үйрету—біздің міндетіміз. Ендеше «Ән –сазымен, Қыз –назымен» атты қыз сыны байқауындағы қыздарымыздың өнерін тамашалайық.

І жүргізуші

Қыз сыны , қыз өнері , қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.

Бір көргенде болмай-ақ ,сахнада,

­Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі------дей отырып, сайысқа түсетін ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.

1.Белсенді қызымыз Асқарқызы Інжуді ортаға шақырамыз

2.Өнерлі қызымыз Бауыржанқызы Мерей

3.Биязы қызымыз Жексемби Ақнұр

4.Инабатты қызымыз Маликқызы Жамели

5.Ерке қызымыз Егемберді Еркеназ

6.Сабырлы қызымыз Әбдібек Кәусар

ІІ Жүргізуші.

Зарина, енді қыздармызды ортаға шақырып болсақ , бағдарламамызбен таныстырайық.

ІІІ. Бағдарламамыз 5 кезеңнен тұрады.

1.Қыздар өздерін таныстырады (өлеңмен, әнмен)

2. «Ақылды мыңды жығар, білікті бірді жығар»-деп салт-дәстүр жайында сұрақ –жауап.

3. «Қыз халықтың гүлі , өнер-сауықтың гүлі» -деп қыздарымыздың өнерін тамашалаймыз.

4.Сән үлгісі. Әр түрлі материалдардан жасалған туындылары

5.Геометриялық пішіндерді аппликациялау, яғни үлгі бойынша пішіндерді қағаз бетіне жапсыру.

І Жүргізуші.

Сайыс болған соң, оған төрелікте керек:

Ашық жарқын жүзді ,

Әділ –қазыларымыз біздің

Таңдап баға беруге,

Шақырайық төрімізге....деп

Әділ –қазыларымызбен таныс болыңыздар

1.Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Жанбырбаева Айжан апкейіміз

2.Мектебіміздің музыка пәніңнің мұғалімі ---------- Шолпан ------------------

3.Бастауыш сынып мұғалімі Назарбекова Фарида әпкей

4.

ІІ жүргізуші

Олай болса қыздарымызды І кезеңге дайындыққа шығарып салайық.

І жүргізуші

Ал, сайысымызды бастамас бұрын қазақтың нақышты биі «Қара жорға»биіне кезек берейік.



І жүргізуші

Ал, қыздарым , келіңдер,

Бір-біріңе еріңдер

Білімдеріңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер!-деп

таныстыру бөліміне кезек берейік.

1. Асқарқызы Інжуді ортаға шақырамыз

2.Бауыржанқызы Мерей

3. Жексемби Ақнұр

4. Маликқызы Жамели

5. Егемберді Еркеназ

6. Әбдібек Кәусар





І жүргізуші

Алдарыңызда Медетұлы Шерхан

Аяулы анасыменен «Ана» атты әнін орындайды .

ІІжүргізуші

Қызық күндер өткіздік

Балалықтың бағында

Көп оқыдық, көп білдік,

Салт пен дәстүр жайында дегендей ІІ кезеңіміз сұрақ-жауап.

1 қызымыз Асқарқызы Інжуді ортаға шақырамыз



Қоржындағы асықты ала отырып,берілген сұрақтарға жауап беріңіз:

2 қызымыз Бауыржанқызы Мерейді ортаға шақырамыз . Қоржыннан асықты ала қойыңыз.

3 Жексемби Ақнұр

4 қызымыз Маликқызы Жамели

5 Егемберді Еркеназ

6 Әбдібек Кәусар

Сұрақтар

1.Балаларға арналған қандай дәстүрлер бар? (Бесікке салу, Тұсау кесу, атқа мінгізу )

2.Наурыз мерексіндегі жасалатын ұлттық тағам және оның құрамы .Наурыз көже (бидай,су,ет ,тұз,айран, тары, күріш)

3.Жеті қазынаны атап беріңіз. (Ер жігіт,сұлу әйел , ілім-білім, Жүйрік ат , құмай тазы,берен мылтық,қыран бүркіт)

4.Тұсау кесу рәсімі туралы не білесің?(Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып)

5.Қазақтың ұлттық ойындары . (Алтыбақан, Хан талапай,тақия тастамақ,қол күрес)

6.Көктем мезгіліндегі Мерекелер

ІІ жүргізуші

ІІІ бөлім (Өз өнерлері)

Балауса біздің қыздар

Сендерде ой –сана бар

Өздеріңнен шығады өнерлі мен даналар

өздеріңіздің өнерлеріңізді ортаға салыңыздар

1. Асқарқызы Інжуді ортаға шақырамыз «Тауыс » биі

2.Бауыржанқызы Мерей «Испан биі»

3. Жексемби Ақнұр Қазақ биі «Еркем-ай»

4 Маликқызы Жамели ,№5Егемберді Еркеназ, №6 Әбдібек Кәусардың орындауында «Қуыршақ» биі қарсы алыңыздар



І жүргізуші

Көңілді өскен баламыз

Шырқап әнге саламыз .

Хор: «Аяулы анашым» тамашалаңыздар



ІІ жүргізуші

ІV Бөлім.

Әр заттың өзіне тән сұлулығы болады

Оның сырын ашу әркімнің қолынан келмейді

Ал біздің қыздар Сән үлгісі арқылы өз киімдерінің сырын , әдемілігін көрсетеді.

Тамашалаңыздар !

Қыздар ретімен шығады.



І жүргізуші

Нұрислам, міне 5 бөлімге де келіп жеттік.

Олай болса , 6 аруымызды ортаға шақырайық.



Қыздар мына конверттің ішіндегі қиылған пішіндерден үлгі бойынша қағаз бетіне жапсырыңыздар!



ІІ Жүргізуші

Қыздар жұмыстарын аяқтағанша , Алдарыңызда : Вальс- қарсы алыңыздар



Аруларымыз жұмыстарын жасап болса, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру»бағдарламасында: «Әр жасөспірімінің санасының ашықтығы үш тілді меңгеруінде»-деп атап көрсеткендей жасаған жұмыстарын үш тілде қорғап берсін .

Қоян-заяц- hare (һея)

Үй-дом –house (һаус)

Ағаш-дерево-tree (три)

Көбелек –бабочка-butterfly (батэфлай)

Балапан-цыплёнок- chicken (чикен)

Гүл-цветок-flower (флауэ)



І жүргізуші

Әділ қазылармыз байқаудың нәтижесін шешіп болығанша, ұлдарымыз: Бекзат , Дамир және Достың дайындаған өлең шумақтарын тыңдаңыздар!

Бекзат

Өлкеме Наурыз келді, көктем келді ,

Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.

Халқымның салт –дәстүрлерін аялаған,

Арманы асқақтады көптен бергі.

Дамир

К нам весна шагает

Быстрыми шагами

И сугробы тают

Под её нагами.



Дос

Each bright flower

Is here to say

My wish to you:

«Happy Mother s day

ІІ Жүргізуші

Ендігі сөзді әділ қазыларымызға берйік:



Осымен бүгінгі «Ән-сазымен ,қыз –назымен»атты мерекелік іс –шарамыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.07.2018
647
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12