400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ӘН-КҮЙ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОТБАСЫМЕН БАЙЛАНЫС

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ән-күйге бейімдеуде ата-аналар біздің басты көмекшілеріміз болып табылады. Балабақша мен отбасының байланысын құру үшін біз міндетті түрде жаңадан келген балалар және ата-аналар тобымен танысамыз. Қорытындыда үй жағдайында және балабақшада баланың ән-күй тәрбиесіндегі педагогикалық өлшемдері анықталады. Ән- күй жетекшісі ретінде ата-аналар жиналыстарында әңгімелер мен кеңестер, баяндамалармен қатысуды жөн санаймын. Тәрбиешілермен бірігіп көрнекілік құралдарды хаттаймыз,кепілдемелерді шығарамыз. Ата-аналармен бірігіп мыс, «наурыз тойында»- қазақ әндері, билері, қазақдәстүрлерікөрсетіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Музыка жетекшісі : И. А. Гоппе

Тәрбиеші: Қ. Сағындыққызы

Қарағанды қаласы, «Айсұлу» бөбекжайы КМҚК

ӘН-КҮЙ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОТБАСЫМЕН БАЙЛАНЫС


Қазақстан Республикасының білім беру саясаты, жаңару мазмұнын тәрбие мен оқытудың мектепке дейінгі мекемелерінде, мемлекетте жаңа экономикалық қатынасты талап етеді. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім берудің басты жүргізуші сипаттамасы «инновациялық білім өрісін кеңейту».

Осы жағдайға балабақшалардың санының көбеюі куә, жаңа бағдарламалар, мен технологиялар енгізіліп, жұмыста инновациялық үйлесімділіктер қолданылуда. Осы процесс біздің балабақшада да сәтті жүргізілуде.

Инновациялық үйлесім теоретикалық және тәжірибелік негізін зерттеу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа түрі ұсынылады. Егер педагог ата-аналармен тығыз байланыста еңбек етсе ән-күй шығармашылығы мен жалпы балалардың дамуында үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Осыдан баланың ән-күй тәрбиесі отбасымен байланыста болуы керек, инновациялық үйлесімдер келесі мәселелерді шешуге көмектеседі: ата-аналарды мектепке дейінгі ән-күй тәрбиесіндегі сұрақтармен таныстыру, баланың ән-күй дамуының сәтті және жалпы ән-күй мәдениетін қалыптастыру үшін оларға қажетті білім және икеммен қаруландыру қажет. Кейінгі уақытта ата-аналардың уақыттарының жетіспеушілік проблемалары байқалады, олар асығыс және жұмысының материалды жетістіктерімен айналасуда. Бұл уақытта балалар немен айналысуда деген сұрақтар туындайды. Компьютердің басында отырып, «жан түршіктірер» жарыстарды ойнап, немесе төменгі сұрыптағы сапасыз мультфильмдерді көреді. Не дегенмен ата-аналар ортақ білім беру кеңістігін ұйымдастыру үшін белсенді араласулары қажет, педагогтардың еңбегіне тұтынушы ретінде пассивті байқаушы болмай, бала тәрбиесіне ата-аналарды бейімдеу үшін дамыған тұлға ретінде, біз келесі инновациялық тәсілдерді қолдандық:

  • Мерекелер мен сауықтарда ата-аналарды балалармен жалпы көрініс қоюға белсенді қатыстыру (біріккен музыкалық оркестрлер, ән және айтыс орындау, жалпы көріністер көрсету, ата-аналардың тосыннан жасаған сый номерлері)

  • Қарағанды театрларының музыкалық және театрлық қойылымдарына

жанұямен баруды ұйымдастыру.

  • Инновациялық түрде әңгімелесулер мен кеңестер жүргізу (викторина түрінде, балалар- экспорт болып сұрайды, ал ата-аналар жауап береді, сауалнама және тестілеу)

  • Ата-аналар мен балаларда музыкалық қалауды орнықтыру үшін жалпы эстетикалық және музыкалық тәрбиесінде насихат жасау («Ата-аналар сіздер үшін», «Музыкалық дүңгіршек» жылжымалы – папкалар, стендтер, көрмелер)

  • Үй жағдайында өз алдына музыкалық шаруашылықты дамыту. (таңдаулы үйге бару)

  • Эмоцианалды жайлы жаідай және жаңадан келген балалардың психологиялық қорғанысын ата-аналармен жеке дара жұмыс арқылы жағдай жасау (жеке дара әңгімелесулер, бақылаулар, жаңа орынға үйренуге байланысты сұрақтарына жауап беріп кеңес беру)

  • «Балалар театры өз қолымызбен» шығармашылық тақырыпына біріккен оқу қызметтерін жүргізу. (Саусаққа арналған театр және т.б)

  • Ата-аналар мен балаларды ән-күй жетекшісімен біріккен жұмыста тұлғалы-бағыттағы сапалы ән-күй тәрбиесін дамытып, қалыптастыру

  • (музыкалық жағдайда барлық стильдегі ойын түрлерін қолдану)

  • Ән-күй терапиясын қолдану (мектепке дейінгі балаларда әлеуметтік сенімділікті дамыту).

Осы жүргізілген жұмыс түрлерінен музыкалық қабілеттерінің дамуына диагностика себеп болады. Баланың тыңдауын, ырғағын, ән салуын, музыкалық аспаптарда ойнау шығармашылығын мұндай диагностика төменгі, ортаңғы және жоғары деңгейдегі қабілеттерді анықтауға көмектеседі. Біз барлық балаларды дамытуға міндетті болсақ та, біздің тәжірибемізде ән салуға қабілетті балалар тобы бар. Ән салу және өлең шығармашылығында басты назар бөлінеді. Біздің балалар қазақ, орыс композиторларының әндерін салып, берілген мәтінге ойдан шығарумен айналысады. Екі- үш бала әуендерді ойдан шығарады, ал басқалар тыңдап ойдан шығаруларын бағалайды. Бұл балалардың белсенділігін арттырады, шығармашылыққа бейімдейді. Мысалы, музыкалық сұрақ. «Сенің атың кім?»

Жауап: «Жан-тө-ре». Балаларды ән-күйге бейімдеуде ата-аналар біздің басты көмекшілеріміз болып табылады. Балабақша мен отбасының байланысын құру үшін біз міндетті түрде жаңадан келген балалар және ата-аналар тобымен танысамыз. Қорытындыда үй жағдайында және балабақшада баланың ән-күй тәрбиесіндегі педагогикалық өлшемдері анықталады. Ән- күй жетекшісі ретінде ата-аналар жиналыстарында әңгімелер мен кеңестер, баяндамалармен қатысуды жөн санаймын. Тәрбиешілермен бірігіп көрнекілік құралдарды хаттаймыз,кепілдемелерді шығарамыз. Ата-аналармен бірігіп мыс, «наурыз тойында»- қазақ әндері, билері, қазақдәстүрлерікөрсетіледі.

Сонымен отбасымен бірігіп, көптеген балаларда музыкамен айналысқанда тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға көмектеседі, музыкалық дамудың деңгейі белгілі түрде жоғарлайды. Жүргізілген жалпы жұмыс ән-күй тәрбиесіндегі сұрақтарға ата-аналардың белсенділігін және қызығушылықтарын сөзсіз арттырады.

3-4 жастағы ортаңғы топта ашық-контрасты эмоциялардың байқалуы, есту сезімталдығы диоференциальды, ән салу дауыс ырғағы білінеді, қарапайым қимылдарды жасайды.

4- жастан бастап, ересектер тобында білімпаздық, өз алдына белсендіріледі, әуен мінезін ажырату байқалады, бұлшық қозғалыстарының аппараттары мықтыланады, ән айту, ойнау, билеу, музыкалық аспаптармен танысу өызығушылығы дамиды.

5-жастан бастап, мектепалды даярлық тобында - музыкалық шығармалардың өзіндік сипаттамасы, музыкалық образды бүтіндей қабылдаулары, ән айту машықтарының орнығуы, дауыстық аппараттың мықтылануы, диапазонының кеңеюі, биде, әнде, ойындарда өзіндік шығармашылық жеке дара қызығушылық қабілеттері байқалады.

3 жылғы жүргізілген мониторингі көрсеткіші:

  • «ырғақ» бөлімінің бақылау көрсеткіштері 45% жоғарылады, сынақтықта -51,5%

  • «әуен тыңдау» бөлімінің бақылау көрсеткіштері 42% , сынақтықта-

49%

  • «ән айту» бөлімінің бақылау көрсеткіштері 41,5% , сынақтықта-

51,5%

  • «ойын шеңбері» бөлімінің бақылау көрсеткіштері 40,5% , сынақтықта-

52,5%

  • «музыкалық аспаптарда ойнау» бөлімінің бақылау көрсеткіштері 52,5% сынақтықта-57,5%

Біздің балабақшадағы тәрбиеленушілер мен ата-аналарды ән-күй тәрбиесіндегі инновациялық қатынас музыкалық мәдениетінің жалпы көрсеткішіне жағымды әсер етететінін көрнекті мониторинг шешімімен көрінеді. Отбасымен байланыс баланың толыққанды дамуына ықпал етеді, эмоционалды жағдайына, психологиялық жағымды әсеріне, сонымен қатар өзіндік қабілеттілігі мен икемділігін көрсетеді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі