"Ән мен әнші"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ән мен әнші"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жанындағы балаларға арналған жазғы лагер жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ән мен әнші»

«Шуақты Шұғыла» жазғы лагерінің 3-ауысымының жабылу салтанаты.

Мақсаты:Оқушылардың 10 күн бойы лагерден алған әсерлерін әңгімелей білуге, ой-өрісін кеңейтуге, бастан өткен қызықты айта білуге үйрету. Оқушының өмірге деген көз қарасын дамыту. Мәдениеттілікке, парасаттылыққа, әсемдікке баулу.

Көрнекілігі:Түрлі-түсті шарлар, суреттер, гүлдер, слайд.

Түрі:концерттік бағдарлама.

Өту барысы:

Жүргізуші:Армысыңдар құрметті балалар, бүгінгі лагердің жабылу салтанатына қош келдіңіздер!

Шаттан, күн, балақай!

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Қызғалдақтай құлпырып,

Өсіп келе жатырмыз!

Өсіп келе жатқан қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би «Қазақ биі»



Ұлылардан ұлағат алып жаңаша

Байқауларға ой қосамыз таласа

Талабы зор балаларды танытып

Таныстырған «Шуақты Шұғыла» ол тамаша





Көк аспанда күн күліп,

Ұл қолында ту жүрсін.

Қыз қолында гүл жүрсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

Біз кішкентай «Жұлдызбыз»,

Өнегелі ұл-қызбыз

«Балдырғанбыз»-балдаймыз,

Бақытты өмір таңдаймыз.

Шаттық –думан көңілді,

Болашаққа жалғаймыз –дей келе бүгінгі «Ел жүрегі-Астана» атты елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған балалардың өлеңдері.





Бала бағы бар елдің,

Гүлмен келсін келер күн

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің.

Ән «Ертегілер әлемі»



Атың қандай жаз деген,

Мағына бар мәз деген.

Бар тіршілік масайрап,

Күй толқиды сөзбенен.



Жаз болса, жердің жүзі жайнап тұрған,

Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.

Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз,

Ыстық боп жердің жүзі қайнап тұрған.

Эстафеталық ойындар.

Балдырған тілеуі, балалықтың бақытын байытқан жер.

Бұзылмасын балалардың ұйқысы,

Берекелі бейбіт күнді тілейік.

Қорытындылау:

Балалар өздерің көргендей сурет те салдық, ойындар ойнадық.

Осымен лагердің жабылу салатанаты өз міресіне жетті. Қош Сау болыңдар балалар!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1099
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі