Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана - асыл жан

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: "Ана-асыл жан"

1 қазақ орта мектебі











Shape1

Ана- асыл жан





















Сынып жетекшісі : Аккожина А.Б.













Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін — өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.Ананы құметтеуге, ардақтауға тәрбиелеу.

Мұғалім: Құрметті Ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар! Сіздер 8- Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған «Шуағын шашқан, Аялы алақан» атты мерекелік ертеңгілікке жиналып отырсыздар. Бауыржан: Азамат: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

Мұғалім: Көктем келді өзімен бірге мерекелерін ала келді.

Хор: «Наурыз көктем»

Азель
Армысыздар ақ тілекті әжелер,
Ертегімен өмірімді әсемдер.
Мерекеңмен аялаған аналар,
Бір өзіңнен бар қуаныш таралар.
Шуақ шашқан алтын көңіл арулар,
Дарынды боп өнерменен қарулан.

Мұғалім: Міне, алдарыңызда сіздердің балаларыңыз, еліміздің болашағы, менің шәкірттерім бар өнерін көрсетпек.
Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.

Алишер
— Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
 
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бұл кім?

Балалар: Ана,ана,ана.

(Жанслу, Айдана, Расул, Қ Адина, НАдина)
Мұғалім: Бала тілі бал демекші аналары туралы өлеңдерін тамашалайық

Мақсат

Ана деген-асқақ ән, 
Орындайтын әрқашан. 
Анадай қымбат сыйлықты 
Таба алмайсың ешқашан. 
Жанерке

Ана деген-ақылшың, 
Анаң барда батырсың. 
Қасыңда кім болса да, 
Тек анаңа жақынсың! 

Алишер

Мәпелейсің мені анам, 
Қолыңдағы құсыңдай. 
Құлпыра өсіп дем алам, 
Құшағыңда қысылмай. 

Мадина

Мамам менің,ақ мамам, 
Менсіз таңы атпаған. 
Менсіз күні батпаған, 
Мен ұйықтамай жатпаған. 

Аяла

Теңдесі жоқ данасың, 
Арқа тұтар панасың, 
Еңбегіңді ақтайын, 
Аман болшы анашым! 

Нұрлыбек

Бәрімізге анасың, 
Біз үшін көп жанасың. 
Құтты болсын мейрамың, 
Құттықтаймын мамашым! 

Аружан

Ана-біздің күніміз, 
Ананың біз гүліміз. 
Ұландарды қуантып, 
Ұзақ өмір сүріңіз! 



Еламан

Сегізінші наурыз келді, 
Шаттық сезім ала келді. 
Қуанышты күнменен 
Құттықтаймыз сіздерді

Асел     Бұл көктем ала келген мерекесін

                 Наурызғой елге берген мерекесін

                 Наурыздан бұрын тойын тойлайтын

                 Ардақты ана әйел сен екенсің

Адилбек   Көктемде күн сәулесі мөлдіреген

             Айнала жасыл тудай желбіреген

            Қазағым қыз-келіншек аналарды

            Қырдағы гүлге теңеп елжіреген

Айгерім  Сенен өскен балалар

              Батырлар мен даналар

              Құттықтаймыз мейрамыңмен

              Құрметті ата-аналар

 

Азамат: 

Сылаймын мен гүлімді

Теріп алған даладан

Мерекеңіз бүгінгі

Құтты болсын анажан

(Оқушылар сыйлықтарын сыйлайды)

Ән «Аяулы анашым»

Адилбек:

Әні қандай биі қандай жарасқан

Тек өнердің құдіретімен санасқан

Жібек мінез қазағымның қыздары-ай

Билері ай мың бұрала қыр асқан

«Ана » әні мен вальс би


Нұрлыбек

Аналар шаңырақтың сәулесі ғой

              Ана деген баршаның дәулеті ғой

              Адамды адам еткен ақ сүт беріп

              Жаңа өмірге сәбиін жетелеген

Ән: «Ақ мамам»


Мұғалім: Осымен 8 наурыз мерекесіне арналған "Ана-асыл жан" атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Келгендеріңізге  көп-көп рахметімізді айтамыз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
508
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12