Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

«Ана - біздің күніміз, Ананың біз - гүліміз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
8 - наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ана - біздің күніміз, Ананың біз - гүліміз!»

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті апайлар мен аналар! Қазіргі де, бұрынғы өткен замандарда Ананы қадірлемейтін адам бар ма?! Аналар-ардақтылар жасай беріңіздер! «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды».

Жүргізуші: Жыл аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8- наурыз мерекесі құтты болсын! «Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді ғой дана халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, күйші, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан жаратылған.

Жүргізуші: Той тойлап дала мен қалаларым,

Мерекең құтты болсын аналарым!

Қара көз, абзал ана мерекесін

Құттықтауға келе жатыр балаларың – дей келе, ардақты әжелеріміз бен аналарымызға арналған «Ана-біздің күніміз, Ананың біз- гүліміз!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

1 бала: Анам менің - өмірдегі тірегім,

Анам менің - кеудемдегі жүрегім.

Егер менің қасымда сен болмасаң,

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

2 бала: Мерекені қарсы алып,

Мәз болғанда барша жұрт.

Гүл ұсынып қыздарға,

Береміз біз аналарға ән салып.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін беріп аялайтын, баласы үшін жанын да аямайтын ардақты да абзал ана!

Ана жүрек, сол жүректе құдірет те,

Ана - тірек, сол тіректі құрметте!

Ана - шыңың, ардақ тұтар биікте,

Ана - күнің, сәуле шашар жүректе.

Осы өлең жолдарын аналарға арнаймыз.

3 бала: Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын, ақ анам.

Менің анам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.

4 бала: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп тұрасың.

Құтты болсын мейрамың,

Аман сау бол анашым.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Ақ мамам» әнін тарту етеміз.

Жүргізуші:Дүниеде анадан ардақты, анадан қымбат, анадай аяулы жан жоқ. Ана бізге өмір сыйлайды, мәпелеп өсіреді. Сәбиі дүниеге келген күннен бастап, түн ұйқысын төрт бөліп, баласына жүрегінің бар жылуын төгеді.

Қыздардың орындауында «Қамажай» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Бүгінгі ертеңгілімізге келген құрметті аналарымызбен шағын ойын ұйымдастырғымыз келіп отыр. Ол - «Өз балаңды тап» ойыны.

Жүргізуші: Бүгінгі мейрам - аналардікі ғана емес, ардақты әжелердікі де. Осы мейрам күні ертеңгілімізге келген әжелерімізді де құттықтап қояйық.

5 бала: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын, ән беретін гүлім дайын.

Әжетай сізді жақсы көремін деп,

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

6 бала: Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем апамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем әжемді.

7 бала: Қуанамыз, сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Әжелерді құттықтап,

Ән арнайтын күн бүгін.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Әжемнің әлдиі» әнін қабыл алыңыздар.

Қандай жағдай болса да, баласының қасынан табылып, ақыл кеңесін беруге тырысады. Жаман, теріс қылықтардан аулақ болып, жақсылыққа жақын болуды үйретеді. Ананың сүтінен тәтті, алақанынан жұмсақ, жүрегінен жылы нәрсе жоқ.

8 бала: Апам үшін күнде де,

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Ана - өмір шырағы, таусылмас бұлақ - деген қасиетті сөздер бекер айтылмаған. Барлық адам ана құдіретіне бас иеді. Ананың ақ сүтін ақтап, аяулы жүзіне кірбің түсірмеу – біздің міндетіміз. Күн көзіндей мейірімді аналарымыз әрқашан қасымызда болсын. Бізді бағып – қаққандары үшін балаларымыз өз алғыстары мен құрметтерін білдіріп бас иеді.

Жүргізуші: Осымен «Ана біздің - күніміз, Ананың біз -гүліміз» атты мерекелік шағын концертімізді аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет! Мереке құтты болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
2219
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12