Қостанай
ауданы әкімдігінің «Абай негізгі
мектебі» ММ
Қатысушылар:
2/3 «А» сыныбы
Өткізген:
Искакова Д.Б.
2019-2020
оқу жылы
Тақырыбы:
Аяулы аналар.
Мақсаты:
Балалардың аналарына, бар адамзат
анасына сүйіспеншілігін ояту.
Ананың
еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей
білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат.
Түрлі мақалдар, суреттер,
шар,
гүл суреттері.
Сабақтың
барысы:
Балалар
мерекеге сай әдемі киінген, бәрі сап
түзеп тұрады. Үн таспадан ән ойнап
тұрады. Төрде шақырылған аналар, қонақтар.
Кіріспе:
8-наурыз
Халықаралық әйелдер күні. Бәріңізді
осы күнмен шын жүректен құттықтаймыз.
Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде
болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені,
көктем секілді, әйелдер де адамзатқа
өмір жылылық пен әсемдік сыйлайдымемес
пе?
8-наурызда
адамдар да, тіпті табиғаттың өзі де бұл
күні біздің тамаша аналарымызды
құрметтейді.
«Ана»
дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол
тіршілік, үлкен тағдыр. «Ана» - сөзі елең
еткізбей, жылылықпен шуақты сездірмей
қоймайды.
Олай
болса бүгінгі аналарға арналған,
өздеріңіздің балаларыңыз дайындаған
ертеңгілік мерекелік концертін
тамашалаңыздар.
1-оқушы:
Той пердесін ашайық ,
Тойға
шашу шашайық .
Аналарды
құрметтеп,
Ән
маржанын шашайық.
2-оқушы:Алтын
анам жасымнан аялаған
Мен
үшін игілікті аямаған
Сабақтан
шаршап үйге келгенімде
Бал
сөзі-жаным деген, сая маған.
3-оқушы:
Құтты болсын, ардақты ана
Асыл
анам мерекең,
Құтты
болсын теңдік алған.
Қуанышты
берекең.
Ән.
«Ай дидарлы анашым» Бір оқушы әнді
орындап, қалғаны қайырмасына қосылады.
4-оқушы:
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген
дүниеге нелер дана
Анасыз
батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің
алтын кілті сонда ғана.
5-
оқушы:
Бал бөбегін баптаған.
Мамам
үшін мақтанам!
Аялайтын
біздерді,
Көп
жасасын жақсы адам.
6-оқушы:
Менің әжем, гүл әжем
Алтын
әжем, күн әжем.
Апам
үшін, мен үшін
Нағыз
ана тілі-әжем.
7-оқушы:
Ақ қабақты анашым
Күн
көкірек мамашым
Ақ
сүтіңнен суардың
Бөбегіңнің
санасын.
Би:
Флешмоб
8-оқушы:
Ана біздің күніміз.
Аялаған
анамыз. Ана біздің күніміз.
Саялаған
панамыз Ананың біз гүліміз.
Шынар
болып өсеміз Ұланды ана қуантып
Шырағы
боп жанамыз. Ұзақ өмір сүріңіз.
9-оқушы:
Мерекені қарсы алып,
Мәз
болғанда барша жұрт,
Гүл
ұсынып қыздарға,
Сыйлық
бердім мен өзім.
-дей
отырып қыздарға арналған сыйлығымызды
табыс етуге рұқсат етіңіздер.
(Ұлдар
қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)
Ұлдардың
әні
10-оқушы:
Кір түсірмей жағама,
Шашымды
да тарайсың.
Мектебіме
барарда
Мейірлене
қарайсың.
11
– оқушы:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар
жүрегіңді көз көп дейін
Аналар
ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол
соғып қарсы алайық «Қазақ биін».
12-оқушы:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін
ойға түйеміз.
Әжені
де ардақтап,
Әдеппен
бас иеміз.
Осы
балаларыңыздың тәтті тілдерімен айтылған
өлең жырларынан кейін ата-аналар сіздерді
бір серпілтіп ойын ойнасақ дегім келіп
тұр.
Ойын
жарыс түрінде өтеді. Орталарыңыздан
үш-үш анадан ортаға шығып сайысқа түседі.
Аналар
сайысы
1-сайыс.
Шаштараз
(3
ана шығып, өз қыздарына 3 минут ішінде
шаш үлгісін жасаулары тиіс)
2-сайыс.
Әнді сүйсең менше сүй.
(ән
сайысы балалық шақтағы әндер айтылу
керек)
3-сайыс:
Іздеп тап.
(2
ана шығып, банкалардың қақпақтарын
табады.)
4-сайыс:
Бала тілі бал
(қызықты оқиғаны балаша сөйлеп айту)
Сайыс
қорытындысы: Алдын ала сайланған
әділ-қазылыр алқасы өз ұпайларын беру
арқылы жеңіске жеткен аналарға сыйлық
беріліп қорытындысы айтылады.
Ән:
оқушылардың атынан
Бәріміздің
де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар,
қарындастарымыз бар. Жылына бір рет
келетін осы аналар мейрамында аналарымызға
қандай сыйлық жасасақ та жарасымды.
Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге
әлемнің жартығын сыйлаған - анамыз емкс
пе?
Олай
болса, әр оқушының өзі дайындаған
аналарына сыйлықтары бар екен. Соны
табыс етсін.
Аналар,
қалқап бақыт аралында,
Лайым
мұң қонбасын жанарыңа
Осымен
кешімізді аяқтайық
Гүл
бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып
бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана –
өмір шуағы» атты кешімізді жабық деп
жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз
құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!