Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы ,Қақпақ ауылы
«Қарлығаш» бөбекжай –балабақшасы
Тақырыбы: «Ана –өмір шырағы»
ертеңгілігі
«Бәйшешек» тобы

Тәрбиеші:Жанбырбаева.Э
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана- өмір шуағы»
Тәрбиеші:Жанбырбаева.Э
Өтілетін күні:03.03.2025 ж
«Бәйшешек» тобы
Сабақтың мақсаты: Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға газеттері, нақыл сөздер, гүлдер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
Олар- өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады
София
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Альмира
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
жүргізуші:
Абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне « Нұрын төккен маған қуанышым сен» атты әнін қабыл алыңыздар.
Аяулымсың анашым мәпелеп мені өсірген
Ақ сүтіңнен нәр алдым рахмет саған жан анам
Ардағымсың анашым мәпелеп мені өсірген
Жүз жасай бер анашым ауырмашы еш қашан.
Мұрат
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай
Жанна
Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!
Ән. Нұрын төккен маған қуанышым сен.
жүргізуші:
Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т. б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі. Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым.
Тосын сый ата - аналарға арналған. (ойын)
2 шарт орындалады.
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.
Би. Қыздардың орындауында.
С . Айда
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар
жүргізуші:
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.
жүргізуші:
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті өзбекше биге береміз.
Е. Ақбөпе
Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
Мақал- мәтел айту ана тақырыбына.
А. Аяулым
Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!
Н. Нұрислам
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Б. Умида
Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
С. Берік
Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын,
Көкжиектен таң сайын асықты Күн.
Келді тағы көктемнің мерекесі
Дидарыңа шуағын шашып бүгін.
жүргізуші:
-Ең күшті нәрсе не? – десе,
- Әйелдің әмірі! – дер едім.
Әйелдердің барлығын
Жердегі Тәңірі! – дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты.
жүргізуші: Керемет айттың! Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
Аяла
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары.
Мирас
Десек те, уақытпен кім жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды.
Дәулет
Жинасаңда жетпейді бар асылды
Дәл өзіңдей көрмеппін жанашырды
Ұл –қызыңа қашанда қамқор болған
Бір алла сақтай көрші анашым.
1-жүргізуші:
Көрініс "Ата мен бала"
2-жүргізуші:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
А. Абылайхан
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Б. Аружан
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
жүргізуші:
Саяттың орындауында би қабыл алыңыздар.
жүргізуші:
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
жүргізуші:Ана
–барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар
бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар
үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке
бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес
пе?!
жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда 3 сынып оқушыларының «Мама» әніне орындаған биін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
Қорытындылау: Ата – аналарға, директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Жаңабаева Бибіғайша апайға сөз беру.
Мұғалім сөзі:
Ана мейірімімен бар баланың көңіліне көктем орнап, жаздай жайнай түссін деген тілекпен мерекелік кешімізді аяқтаймыз!
жүргізуші:
Құрметті қонақтар ,біздің «Ана- өмір шырағы» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің "Ана- өмір шуағы" атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!
жүргізуші:
Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын
себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік
ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат
құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз
мейрамы құтты болсын!
Сабина: Құрметті де ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін.
Ән "Құттықтаймын мама туған күніңмен"
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ана -өмір шырағы

шағым қалдыра аласыз