Ана – өмірдің шуағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана – өмірдің шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ата – ана, туыстары алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый – құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән қасиеттерді қалыптастыру. ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: 1. Сынып бөлмесін мерекеге лайық безендіру. 2. Даналық сөздер жазылған плакаттар ілу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

І. Сабақтың тақырыбы: Ана – өмірдің шуағы

ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ата – ана, туыстары алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый – құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән қасиеттерді қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: 1. Сынып бөлмесін мерекеге лайық безендіру. 2. Даналық сөздер жазылған плакаттар ілу.

ІV. Сабақтың барысы: 1. Әнұраны айтылады. 2. Хабарландыру (тақырып мақсаты). 3. Алғыз сөз.


Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.


Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай.


Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.


Ана десем, шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілкте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

­Ана, Ана, Ана!..

Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді!

Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп – төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші!

Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.

Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ...


-Оқушылар, сіздер аналарыңызға арнап өлең тақпақ жаттадыңыздар ма? Олай болса сол жаттаған тақпақтарымызды айтып көрейік. (Оқушылардан жаттаған өлең – тақпақтарын сұрау).

-Ал, өздеріңнің сыныптас қыз балаларға қандай тілек айтасыздар? (Әр ұл балалар өздерінің көрші қыз балаларға тілетерін айтты).

Тақтаға алып бәйтеректің суреті ілінді.

-Балалар бәріміз тақтаға қарайық. Ненің суреті бейнеленген? Әрине бұл алып бәйтерек анамыз деп есептейік. Балаларына сая болып тұрған. Әр қайсысыңыз анаға деген жылы сөздеріңіз бен тілектеріңізді алдарыңыздағы жүрекше қағаздарға жазып, бәйтерекке апарып жабыстырайық. (Оқушылар өздерінің аналарына деген тілектерін жазып бәйтерекке апарып жабыстырды. Әр қайсысын мұғалім дауыстап оқып бергенде оқушылардың бойында мақтаныш сезімі пайда болды).

-Ендігі кезекте әже,аналарымызға арнап ашық хат дайындайық. (Оқушылар тәрбие сағатының қалған уақытында ашық хат дайындады).

Марғұлан: Диас:

Айтсам болды тіл алам, Кір түсірмей жағама,

Әйбат мамам, ай мамам. Шашымды да тарайсың

Сені көрсем қуанам, Мектебіме барарда

Сен керексің қайда да. Мейірлене қарайсың.

Ерден:

Жүре берсем қасыңда

Әйбат анам қуанам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам.

V. Қорытынды: «Әлемде өзгермейтін үш – ақ зат бар. Ол – ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі» - деген дей балалар, аспанымызда күннің нұры жарқырап, қасымызда анамыз болып, сәбилердің күлкісі тыйылмасын деген тілек тілеймін. Тоғжан «Анама» әнін орындайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2018
439
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі