Материалдар / Ана- отбасы ұйытқысы тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ана- отбасы ұйытқысы тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері ата-анамен жұмыс жүргізуіне керек материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2018
622
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ана-отбасының ұйытқысы»


Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.


Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы таяқша,альбом, газет, шар.


Тренинг бағдарламасы:


1.Баяндама. «Ата-ана махаббаты».

2 «Біз біргеміз!» жаттығулар.

3 «Өтінемін!» ойыны.

4 «Сиқырлы таяқша» жаттығу

5 «Тілек шамы».

Баяндама. «Ата-ана махаббаты».

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни, баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге, менің маңдайыма кірсін»,- деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

Жүргізуші:

Халқымыздың даналығына құлақ ассақ: «Адамның бақыты балада». Біреу бақытты байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі - түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы: - өз ұрпағы: «Адам ұрпағымен мың жасайды».

Балалар:

Осынау іс-шараға

Келіпсіздер жиылып.

Сәлем бердік сіздерге

Біз де міне иіліп.

Ата-ананың жүрегі

«Бала» деп қана соғады.

Баласы жақсы адамның

Басына бақыт қонады.


Балалар:

«Ата-ана ұстаз, қоғам-үшеуі

Тәрбиеге болар басты өлшемі.

Бір тұтасып біріктірсе күштерін,

Тәрбиенің қаланады мектебі»


Балалар:

Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана дген асыл жан ғой

Ойламене істелік әр қаамды.


Балалар:

О,ата-анам

Таянышым, тірегім

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.


Балалар:

Алдымен сүй,, ардақта ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ананың жасалады.

Жырақ жүрген анасын сағынған,

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы тілегі

Әрқашан да бір арнадан табылған.


Хор:

Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.


«Есімдер альтерациясы»

Ата-аналардың бір-бірімен тереңірек танысуы. Әрбір ата-ана өз есіміне сәйкес жағымды қасиеттер айтулары шарт.

«Қолынан танып біл!»

Көздері байлаулы әкелері балаларын тауып алулары керек.

Талдау:

1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?

2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?


  • «Біз бақытты жанұямыз!»

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.

Талдау:

1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?



  • «Екеуміздің суретіміз!»

Суретті бір-бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, анасы ол суретті жалғастырады және суретті аяқтау керек.

Талдау:

1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?

2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?

3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?

4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?

Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.


«Өтінемін» ойыны.


Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.

Қатысушылар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады.

-Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?

-Рахмет, өтінемін, т,б

-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.

-секіріңдер

-оң аяқтарын көтеріңдер

-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар

-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.


«Сиқырлы таяқша» жаттығу.


Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық

Жағымды

Жағымсыз

Мейірімділік

өтірік айту

Жан ашу

өшпенділік

Сыпайылық

Кек сақтау

Даналық

Тіл алмау

  • Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол – үнемшіл. Жағымпаз – жағымпаздана білмесең көп нәрсеге қолың жете бермейді, ол да – «өнер» Шыншыл-тура айтқан туғанына жақпйды,шындықтан не пайда,өзіңе кесір тиеді. Енді осы жағымсыз қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны айтайық.


«Тілек шамы».

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Оқушылардың орындауында би: «Маленькая страна»

Қортындылау:

«Ана – отбасының ұйытқысы!»

(«Ашық есік» апталығында өткізілген тренинг)






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!