15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ана Әке және Мен
Қарақұдық орта мектебі.
Жалтыр жалпы орта біліәм беретін мектеп бойынша 2018 жылдың 29 қазан – 3 қараша аралығында күзгі демалыс күндері оқушылардың бос уақытын қамту бойынша іс – шаралар жоспары негізінде 3 қараша күні бастауыш сынып мұғалімдері Р.К.Достаева, А.М.Тайлакова және К.Б.Сулейменова мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Р.К.Ахметов 1 – 3 – сынып оқушылары мен ата – аналары арасында “Әкем, анам және мен” спорттық сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және отбасы бірлігін нығайту. Сайысқа 1 – сынып атынан Дарабаевтар отбасы, 2 – сынып атынан Сейлғазылар отбасы және 3 – сынып атынан Мусаповтар отбасы қатысты. Әр жанұядан әкесі мен анасы және бір баласы қатысты. Сайыстар эстафета түрінде өткізілді. Доппен кедергілер арқылы жүгіру, секіртпелер арқылы жарысу, қаппен секіру, допты алып жүгіру және отбасылар түгел дерлік «паравоз» жасап жүгіру секілді кезеңдерде өзара сынға түсті. Тартысты өткен бәсекеде барлық отбасы да үздік өнер көрсетті.
Тақырыбы: «ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН»
отбасылық спорттық сайыс
Қатысушы:
4а-4ә-4б
сынып оқушылары мен ата — аналары
Мақсаты: Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: отбасылық спорттық сайыс
Құрал – жабдықтары: доптар, секіртпелер, кеглилар, шығыршықтар, кіші доптар,
Өтілу барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Негізгі бөлім.
— Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі оқушылар мен ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстанның 16 желтоқсан «Егеменді ел!» атты салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.
Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 3 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына сәт сапар тілейміз!
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,
Отбасыларымызды шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
«Бәйтерек» тобы,
«Болашақ» тобы,
«Жас қыран» тобы,
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көрдіңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Қызылғұлова. А
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Оразбеков.Ж
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Даңдықұлов.С
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 турдан тұрады:
1-тур: «кенгіру»
2-тур: «Кім жылдам»
3-тур: «Арба»
4-тур: «Допты себетке салу»
5-тур: «Эстафета»
6-тур: «таксис»
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар!
Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
І «Кингіру»
Шарты:Әр отбасы мүшелері кезектесе кедергі арасымен допты аяқ арасына қысып алып жүру.
ІІ. «Кім жылдам»
Шарты: Әр отбасы мүшелері кезектесе кедергі арасымен қолындағы допты жерге ұрып жүгір,және есеп шығару.
ІІІ.«Арба»
Шарты: Әр отбасы мүшелері шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау. Кедергілерді құлатпау.
ІV. «Допты себетке салу»
Шарты: Әр отбасы мүшелері жүгіріп барып допты себетке салу.
V. «Эстафета»
Шарты: Әр отбасы мүшелері секітпемен жүгіру.
VI. «Таксис»
Шарты: : Әр отбасы мүшелері жүгіріп бір-бірлеп тасиды.
Рахмет!
III. Қорытынды бөлім.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көрдіңдер.
Әділ қазы алқасы
,Әділ баға беріңдер!
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын –топ «Жас қыран»
ІІ орын –топ «Болашақ»
ІІІ орын –топ «Бәйтерек»
Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап, демеушілер сыйлықтар табыстайды.
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!
Тақырыбы:
(Эстафеталық сайыс).
Өткізген: Суйнбекова Г.
Сыныбы: 4 «а» 4 «ә» 4 «б»
Күні: 11.12.2018ж.
2018-2019 Оқу жылы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген