Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ана-біздің күніміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келді көктем құлпырып»

Тәрбиеші:Армысыздар құрметті қонақтар, аналар әжелер, сүйкімді қыздар!Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мерекелерініз құтты болсын!Ана деген әлемнің жан дүниесі, бастауы мен таусылмайтын жалғасы, бүгінгі «Құлагер» тобының сіздерге арнаған «Келді көктем құлпырып» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Қар еріді, су ақты

Күндер туды шуақты

Байтақ дала келбеті

Түкті кілем сияқты.

Көкке бояп өңірді.

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада орманда

Құстар әні төгілді.

Жаңбыр жауып басылды.

Күлімдейді көкте күн.

Кемпірқосақ асылды.

Өрмегіндей көктемнің.

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі

Балалар: -Көктем

Олай болса балалар ортаға көктем аруын шақырайық.

(ортаға билеп көктем кіреді.)

Көктем: Сәлеметсіздерме балалар.

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе ару көктем.Біздің Құлагер тобының сізге арнап дайындаған ән тақпақтарымыз бар екен. Соны бізбен бірге тамашалаңыз.Олай болса ендігі кезекті бүлдіршіндеріміздің «Ақ мамам» әніне берейік.

Би: «Көктем» биі

Тәрбиеші: Көктем аруы біздің балалардың бәрі әдемі ақылды,бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақшыЕндігі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

Ақниет; Қар еріді, мұз кетті

Жаздың тұрды өкпегі

Ыстық лепті жер сүйді

Күн жақындап көктегі


М.Жансая

Көкте құстар сайрайды.

Жерде гүлдер жайнайды.

Алақайлап балалар

Мәз болысып ойнайды.


Дилназ

Деп тілейміз бәріміз.

Атсын нұрлы таңымыз,

Құтты болсын мереке

Сегізінші наурыз.


Тәрбиеші: Өте жақсы балалар

Көктем: Қандай әдемі болып құлпырып кеткен екенсіңдер.

Тәрбиеші: Көктем біздің балалардың барлығы да әдемі,ақылды,ал бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналардың мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақшы.

Тәрбиеші: балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр,мұқият тыңдаңыздар

Бала бала бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Аялы қолды талпынтқан

Қаймақты сүттей қалқытқан.

Суық болса жөргегі

Қорғасындай балқытқан.

Айналасына ас қойып

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей

Кірлі көйлек кигізбей

Иісін жұпар анқытқан

Бұ кім балалар?

Балалар: Ана

Тәрбиеші: Әрине бұл біздің аналарымыз.

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десе,м теңіз болам шалқыған.

Ана десе ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғынам

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі-дей келе келесі кезекті бүлдіршіндеріміздің аналар туралы тақпақтарына береміз.


Ұлболсын

Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын.

Анашымды сыйлаймын.


Айару:

Тіс ауырса,іш ауырса.

Мамам дәрі береді,

Барлық бала,барлық бала

Оны жақсы көреді.


Аружан.

Көгінде күн болып.

Жұлдыздай жанасың

Аман бол әрдайым.

Аяулы анашым.


Айжұлдыз

Өмірдің қызығы

Өзіңсің өтпейді

Мен үшін анама

Ешкімде жетпейді.


Ж.Диас

Ана жердің жүрегі

Ана елдің тірегі

Бүгін үлкен мереке.

Аналардың гүл өңі


Айқын

Мама мама мен сені

Қандай жақсы көремін.

Өлеңімді көктегі

Соған айтып беремін.


Тәрбиеші: Енді ортаға Ерболат Нүркен Айару бүлдіршіндерімізді Анашым атты әнімен ортаға шақырамыз.


Ендігі кезекті «Қызғалдақтар» бишілер тобына береміз.

Тәрбиеші: Бүгінгі мейрам тек аналардың ғана емес,ардақты әжелеріміздің де мерекесі.Келесі құттықтауды сіздерге арнаймыз құрметті әжелер.


Абылайхан

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әрқашан біз ардақтап

Әжеге бас иеміз.


Жандос

Әжем мені әліде

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне.


Нұркен

Әжемнің мейрамы,анамның мейрамы

Әлемдегі ақ сары

Барша қыздың мейрамы


Айкөркем

Пейілі қандай кең еді

Ертегіме керегі

Дүңгіршекке барғызбай

Әжем кәмпит береді


Інжу

Апатайым анашым

Ақылы мол данасың

Қамқоры сен әр үйдің

Гүліде сен әр үйдің.


Ақнұр

Анам менің айым дейді

Мен мұңайсам уайым жейді

Апам мені күнім дейді

Мен қуансам күлімдейді


Мөлдір

Алақаны ақ самалы

Мәпилеген жан анам

Көкте күнім батсада

Өзің күнсің балаңа


Ересім

Баланың да тірегі

Дананың тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі


Айзере

Анам менің данамсың

Көргенім сен панамсың

Сені ғана жырлайтын

Жүректегі дара анасың


Е.Айкөркем

Тәуелсіздік теңдігім

Қуанышты күн бүгін

Құттықтаймын анашым

Мерекеңмен мен бүгін.


Тәрбиеші:Келесі кезекті әнге берейік

«Нұрын төккен маған»


Тәрбиеші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар әжелер.Мерекелеріңіз құтты болсын Әлемдегі ең сұлу,ең мейірімді,ең қамқор адам осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау көңілдеріңіз шат болсын әрқашан аман болайық.

Қош сау болыңыздар.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
373
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12