400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана біздің күніміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана біздің күніміз тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ана біздің күніміз!»

Сабақтың мақсаты:

1 Оқушыларға 8-наурыз Аналар мерекесі жайлы түсінік бере отырып,адамзат үшін теңдесі жоқ құрметті ,асыл да ардақты адам Ананы қадірлей білуге үйрету.

2 Оқушыларды мейірімділікке,аналардың шексіз еңбегін бағалай білуге баулу.Ананы сүю арқылы еліне сүйіспеншілігін арттыру.

3 Оқушылардың ойлау,есту,көру,есте сақтау қабілетін жетілдіру,сөздік қорын молайта отырып,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі:тақырып,шарлар,сыйлық.

Ұйымдастыру кезеңі:

Жүргізуші:Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып ,тағы да 8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің кай кезде де орны бөлек.Олай болатыны аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар –өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы екендігі сондықтан.

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соғады дей келе «Ана біздің күніміз!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,

Бүкіл әлем аналардың үмітінен тараған.

Әлемде сен болмасаң осылайша,

Бар ма еді жүрегімде биік мақсат,игі арман?!

Ана-перзент тәрбиелеуші.Осы асыл аналарымызға,устаздарымызға арналған балалардың тілектеріне кезек берейік.

Балжан

Ана-біздің күніміз,

Ана-біздің гүліміз!

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Азиз

Гүл-гүл жайнап бәріміз

Кірді біздің сәніміз

Аналарды тойымен

Кұттықтаймыз бәріміз

Бекзат

Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын анашым!

Тірегімнің тірегі,

Уайымың болмасын!

Ахмат

Ақ анашым,аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Жүрекке жылы ой салар,

Әнді сүйсен менше сүй,-деп,Абай атамыз жырлағандай кезекті әнге берейік

Ән: «Ару-Ана» Тілеукен Мақпал

Жүргізуші:

Күлімде,күн күлімде

Жер жасарып көгерсін

Кешегідей бүгінде,

Бүлдіршіндер ән салсын

Ән:Ержан Балжанның орындауында «Құттықтаймын мама туылған күніңмен!»

Жүргізуші:Әйел-ананың есімі көне заманнан бері құрмет пен беделге ие болып келеді.Аналардың қоғам өмірінде алатын орны бөлек.Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың тілегі,ананың жүрегінің мықтылығы арқасында аспақ.Ал ақ самайлы,аяулы да ардақты әжелеріміз болмаса,сол аналарымыз жарық дүние есігін ашпас па еді.

Ән:Төлепбай Рамазанның орындауында « Сенің анаң алтын»

Би : Қара Жорға биі

Жүргізуші:

Ержеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың ардақтысың данасың

Қарайтыным қас-қабағым бір сенің

Қайратыңнан қайта көрме,анашым-дей келе кезекті ұстаздарымыздың құттықтау сөзіне береміз.

Жүргізуші:

Анашым,әлдилеген,

Күш қуат алдым сенен

Өзіңсің бесігімді ,

Тербеткен ән-күйменен

Анашым,аялаған,

Құшағың сая маған

Әлемнің бар асылын,

Мен үшін аямаған-дей отырып кезекті бір сәт ойынға берелік.

Ойын: «Кім тапқыр?»

Көрермендер арасынан Ана туралы мақал-мәтел айтып жарысу .

Ән:Аталикова Ақниеттің орындауында « Перзент сыры»

Би:Өзбек биі –Азиз бен Балжан

Жүргізуші:

Ұстаздардың жарысы,

Дәл осылай басталсын.

Ойын ойнап бір сәтке

Жастық шағын еске алсын

Ойын: «Биші ұстаз»

Ойын шарты:Турлі ұлт өкілдерінің әуендері қойылады.Ойыншылар әуенге сәйкес әр ұлттың биін билеп жарысады.Көрермендер бағасын беріп,артық ойыншыны шығарып отырады.Соңында жеңімпазды анықтайды.

Жүргізуші:

Той тойлап дала мен қалаларың,

Мереке құтты болсын,аналарым

Аналарға арналған сыйлықтарын,

Сыйлауға келе жатыр балаларың

(Балалар сыйлықтарын береді)

Демеңіздер бізді өнерді аяп қалды,

Уақыт та біраз жерге таяп қалды

Сау болып тұрыңыздар,көріскенше,

Осымен «Ана біздің күніміз!» атты кешіміз аяқталды.

Көңіл койып тыңдағандарыңызға көптен-көп рақмет!Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қыркүйек
64
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі