Ана- біздің күніміз, ана- біздің
гүліміз!
Музыка әуенімен балалар қол ұстасып, музыка
залына кіреді.
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, аяулы әжелер,
асыл аналар және біздің кішкене ханшайымдарымыз! Көңілдеріңізге
көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз аналар күні
келді.Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі
өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз де аналарға
арналады. Көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты
болсын!
Бөбегіңнің ән
жырын,
Қабыл алшы
анашым,
Ұзақ өмір жүз
жасап,
Ауырмашы
анашым
Ән
«Анашым»
(музыка әуенімен Қызыл телпек
кіреді)
Қызыл
телпек:Сәлеметсіңдерме достарым,
мен Қызыл
телпекпін.Мен әжемнің үйіне 8 наурыз мерекесімен
құттықтау үшін бара жатырмын.Мында қандай тамаша, барлығы өте
әдемі.
Жүргізуші:
Амансың ба,
Қызыл
телпек.Біз де бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8
Наурыз бен аналарымызды, қыздарымызды ды құттықтайық деп
жыйналдық.
Қызыл
телпек:Достарым маған көмектесіңдерші мен
тақпақта,әнде білмеймін. Әжемді құттықтайын
десем.
Жүргізуші:Қызыл телпек сен мұнайма, бізбен бірге
мерекені қарсы ал.Балалардан ән мен тақпақ үйреніп ал.Әжеңе айтып
бересің.
Қызыл
телпек: Ааааа есіме түсті
мен бір би білемін әжем үйреткен.Қане менімен
бірге билеңдерші.
Би:Қуырмаш.
Жүргізуші:
Аяулы ана, асыл
әже,
Тақпақтарды біз сіздерге
арнайық…..
Тақпақтар:
Қызыл
телпек:Балалар сендер тақпақты өте жақсы айтады
екенсіңдер.
Жүргізуші:Біздің қыздарымыз өте тамаша билейді.Қызыл
телпек біздің сұлу қыздарымыздың биің
тамашалаңыз.
Би:Гүлдер мен
көбелектер.
Қызыл
телпек: Қандай керемет биледіңдер.Билерің маған
ұнады.
Қызыл
телпек:Балалар сендердің әжелерің
барма?
Балалар:Ия біздің әжеміз
бар.
Жүргізуші:Қызыл телпек сенің әжең
қандай?
Қызыл
телпек:Менің әжем
мейрімді.Менің сүйікті әжемнің қамқорлықтарлығында шек
жоқ. Әрқашан аялы алақаны мен ыстық бауырсақтарын мен үшін
дайындайды. Ал, балалар сендер әже туралы әң білесіңдер
ме?
Балалар:Иә.
Жүргізуші:Онда әжемізге арналған әнімізді
айтайық.
Ән «Әжем
менің»
Жүргізуші:Қараңдаршы балалар мында қандай әдемі гүлдер
өсіп түр.Осы гүлдерді теріп Қызыл телпекке берейік әжесіне
сыйласын.
Ойын:Гүл теріу.
Қызыл
телпек:Қандай хош иісті гүлдер.Рахмет сендерге
достарым.Меніңде сендерге арнаған сыйлықтарым бар.Аналарыңа апарып
бересіңдер.
(Сыйлықтарын
беру)
Қызыл
телпек: Мені әжем іздеп қалған шығар үйіме қайтатын
уақыт келді.
Аяулы да алтын нұрлы
анашым
Жүрегімнен мәңгі бірге
боласың
Сен асқарсың, сен
аспансың,биіксің
Сен дархансың сен жомартсың
данасың!
Мерекелеріңіз құтты болсын.Сау болындар
достарым.
Жүргізуші:
Ақ жүректі аналар
берекеміз
Құтты болсын көктемгі
мерекеңіз
Аналар, қалқып бақыт
аралында
Ешқашан мұң қонбасын
жанарыңа
Осымен ертеңгілік
аяқталды
Бүгінгі меркеде бүлдіршіндеріміз өздерінің
аналарына арнаған жылы – жылы лебіздерін білдірді. Аяулы аналар!
Мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты
тілейміз. Әрқашан аман болыңыздар.
Өскемен қаласы әкімдігінің №9 «Арман»
балабақша- бөбекжайы КМҚК