Ана-біздің күніміз. Тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана-біздің күніміз. Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Ананы құрметтей отырып, адамгершілікке, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ана - біздің күніміз»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша өлеңдер,әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау.

Ана мейірімді жан екенін балаларға түсіндіру.

Анаға деген сүйіспеншілігін арттыру,ананы құртеттеуге,сыйлай білуге үйрету.

Адамгершілікке,достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шарлар,қанатты сөздер, ертегі кейіпкерлері.


Жүрісі:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Ертегілер еліне саяхат

3.Концерттік бағдарлама



Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті апайлар,аналар,қыздар!

Қазіргі де,бұрынғы өткен замандарда

Ананы қадірлемейтін адам бар ма?

Аналар-ардақтылар жасай берсін,

Әрқашан бақыттысың анаң барда!


Жыл аралатып,көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-Наурыз мерекесі құтты болсын! «Алып анадан туады»дейді ғой халқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Қаламы жүйрік жазушы да,данышпан ғалымда,күміс кқмей әнші мен мың бұралған биші де анадан жаратылған.


Той тойлап дала мен қалаларым,

Мерекең құтты болсын аналарым!

Қаракөз қыз,абзал ана мерекесін,

Құттықтауға келе жатыр балаларың!

Ардақты аналарымыз бен ару қыздарымызға арналған «Ана –біздің күніміз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!

Осы кезде есік қағылып,ішке «Көктем» кіреді.


Көктем:

Сәлем,сәлем балақайлар,

Әзиз әже,назды апайлар,

Қуаныңдар алақайлап,

Құстар әнін ала келдім,

Жерге кілем жаба келдім.

Жан бітірткен табиғатқа,

Гүлдерімді ала келдім.



Жүргізуші:

Әуезі ән,жаны раушан,жүрегі күй,

Шел басқан сезімді де идіреді,

Келгенде ортамызға ару көктем гүл майысып,

Аспанымда жарқырап күн күледі.

-Сәлеметсізбе,ару көктем!

Сізді асыға көптен күттік.Қош келдіңіз, көктем.

Көктем:

-Рахмет,сендерге, балалар.Мен сендерге құр қол келген жоқпын,сендермен бірге ойнайтын ертегі алып келдім.Ал,қане, балалар бірге ойнап,тамашалайық.

2. Ертегіден көрініс көрсету « Жеті лақ пен қасқыр »


Жүргізуші:

Өмірдің иесі сен ғазиз-ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ,ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сенде ғана!


Құрметті аналар! Келесі кезекте мен сіздермен бірге «Ана махаббаты»

деген ойын,тренинг өткіземін.

Мақсаты:ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті нығайту.

Шарты: Әрбір ана балаларының есімдерінің бас әріпінен басталатын жағымды қасиеттер,мейірімді сөздер айту керек.


Жүргізуші:

Ортаға бүлдіршіндерді аналары мен әжелерін құттықтауға шақырамыз.

Бүлдіршіндер тақпақтарын айтады.


Ән: «Әнші балапан» орындайтын Аружан.

Би: «Көктем аруы» бір топ бүлдіршіндерді қарсы алайық.

Хор: «Ақмамам»

Жүргізуші:

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады,аялайды бағады.

Сол үшін де құдіретне басиіп,

Құрметтейік қасиетті ананы!-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.


Маңғыстау ауданы,Ұштаған ауылы,

«Арай» балабақшасының тәрбиешісі :

Жумабаева Акайнаш Кошкарбаевна


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.01.2019
699
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі