Материалдар / Ана-дана
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ана-дана

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға 8- наурыз мерекесі туралы түсінік қалыптастыру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту. Оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен талантарын дамыту. Мейірімділікке, ізгілікке, аналардың өлшеусіз еңбектерін бағалай білуге, Отанын сүюге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2023
379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1


12 Т. Түстемов атындағы

мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Менлибаева Жанар Балтабайқызы



«Ана махаббаты әлемді жылытады»

Мақсаты:Оқушыларға 8- наурыз мерекесі туралы түсінік қалыптастыру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту. Оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен талантарын дамыту. Мейірімділікке, ізгілікке, аналардың өлшеусіз еңбектерін бағалай білуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Мұғалім:

Кіріспе сөзі.

«Ана»

Ана- шырақ, ұрпағымен жағылған

Өз анасын бар періште сағынған.

Құдіретін сезінгендер бас иіп

«Ана» деген үш әріпке бағынған.

Аман болса АНА деген ардағым

Күндей болып нұрланады жан-жағың.

Қуанышпен, бар қайғысын өмірдің

АНА ғана көтереді салмағын.

Ана деген жылағанда жұбатқан

Ана мөлдір, жаралғандай бұлақтан.

Қорған болып аймаласа перзентін

Тәңірінен амандығын сұратқан.

Ана деген түңгі ұйқысын төрт бөлген

Ана ғана өткізеді өткелден

Жадыратса жаздай етіп жаныңды

Шуағы ыстық аумайтұғын көктемнен.

Анаң болса жүзіп өтер кемең бар.

Анаң болса қартаймайсың деген бар.

Тірі кезде қадірлесең анаңды

Шың өкініш жауламайды санаңды.

Ұзақ өмір жасай берсін аналар

Аналарың қадірлесін балалар.

Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған

Аман болсын ақ жаулықты Аналар!


1-жүргізуші: Зарина:Құрметті аналар мен ұстаздар, көрермен қауым. Сіздерді 8- наурыз, көктем- ана мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші:Полат.Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір және өмірдегі бар жақсылықты тілейміз!1-жүргізуші: Сіздердің рұқсаттарыңызбен 7- «А» сынып оқушылары әзірлеген «Ана махаббаты әлемді жылытады» атты концерттімізді бастаймыз.

1-оқушы: Шүкір:

Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз –Адамның

Анаға айтар лебіз




2-оқушы: Наима

Бақытты ғой шынында

Анасымен балалар

Құтты болсын мереке

Аман болсын аналар!



1-2 жүргізушімен бірге:

Сіздерменен жадырайды өңіміз,

Сіздерменен жарасады сәніміз

Ұзақ болсын мерекеңіз

Құттықтаймыз бәріміз!


«Әрқашан күн сөнбесін!» хор

1-жүргізуші: Зарина:

Аналарға арналған ұлдардың орындауындағы «Андижан полькасы» қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші: Полат

Ана. Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде бұл сөз қасиетті сөз нәзік, мейірімді, жылы естіледі. Орысша-мама, қазақша- ана, украйынша-ненька, осетинше-нана, ағылшыншы- мазе, өзбекше, оии!

1-жүргізуші: Зарина

Расул Ғамзатовтың мынандай сөзі бар: « Ана –дегеніміз- әлемнің жан- дүнесі, оның бастауы мен жалғасы. Ол- тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шуақтың шабыттың нәрі « Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Абдисаттарова Шахназаның орындауында «Ана туралы ән»

3-оқушы:Эшанкулова Мухая

Ана өмірдің қуанышы тірегі,

Бала өмірдің жұбанышы жүрегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген

Олар дәйім тыныштықты тілеген.



4-оқушы: Исмаилов Ж

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар-намысын сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам.


5- оқушы: Якубова Назма

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңессе ол бір- ақ нәрсе -Отан ғана.


1-жүргізуші: Зарина

«Шаманда гүл» биі


Мұғалім:

Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының ең жақын досың, ең жақын ұстазың бар, ол- Ана. Қара жерді баспай есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап сенің іздейтінің де- Ана. Олай болса «Не тәтті?» көрінісін көріңіздер.

Жиренше-

Бірінші бала-

Екінші бала-

Ертеде қазақ халқының Жиренше деген шешені болған екен. Ол бір күні жолда келе жатып алдынан кездескен екі баланы кездестіріп, оларды сынамақ болыпты дейді.

  • Дүниеде не тәтті, ал жұмсақтан не жұмсақ?

Бірінші бала:

-Тәттіден жан тәтті, ал жұмсақтан мамық жұмсақ.

Екінші бала:

-Осы сұрақтарыңызға мен жауап беріп көрсем бола ма, рұқсат етіңіз.

Жиренше.

  • Айта ғой, балам, не тәтті?

Екінші бала:

  • Дүниедегі ең тәтті нәрсе ол ананың сүті деп білемін.

Жиренше: Не жұмсақ?

Екінші бала: Ең жұмсақ Ананың қолы

Жиренше:

Дәл тауып айттың балам, сенің жауабына риза болдым, ананың қадірін біледі екенсің, саған осы үшін ақ батамды берейін:

Оқуда алғыр бол,

Ойлауда даңғыл бол.

Өмірде әділ бол

Ашуда сабыр бол.

Ісіңде шебер бол,

Ақылға кемел бол.

Уәдеңе берік бол,

Ауылыңа көрік бол, әумин!

Екінші бала: рахмет, ақсақал, айтқаныңыз келсін.


6-оқушы: Дилнура

Бәрі де ана бір өзіңнен басталады,

Сен деп жаздым алғаш өлең –дастанды.

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де ана бір өзіңнен басталады.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды,

Еркелесем бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым

(Қадыр Мырзалиев)


Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған «Ана туралы жыр» (Әлемнің жарығын) хор



2-жүргізуші: Полат. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана- баласының ер жетіп, адал адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту- таралғының керегі жоқ.

1-жүргізуші:Зарина.Дұрыс айтасың, Полат. Дегенмен бүгінгі мерекеде аналарымызға сыйлық ретінде ән сыйласақ аналарымыз қуанары анық. Олай болса аяулы аналар сіздер үшін қыздардың орындауында « Мая мама» әнін қабыл алыңыздар .

7- оқушы:

Назанин .

Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан ана

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаңа.

Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтайын


Аман болсы, анашым!

Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын ордасың.

Тірлігімнің тірегі,

Уайымың болмасын.


1-жүргізуші:Ананың балаға деген махабатын дәлелдейтін қазақ халқының атақты биінің бірі Қазыбек бидің алдынан өткен мына бір оқиғаны тамашалаңыздар.

2- жүргізуші:Орындаушылар:Қазыбек би- Халниязов Жаһангир

Шабарман – ҚочкаровЗухриддин

1 –ана-Абдисаттарова Шахназ

2-ана- Сұлтанова Найма

Бала- Таоипов Элдар

Шабарман:Би аға, екі екі әйел дауласып, әділдік іздеп келіп тұр, рұқсат етіңіз.

Қазыбек би: Ия, кірсің.

(Аналар баланы жетектеп ішке енеді)

Қазыбек би: қош келдіңдер, бұйымтайларыңды айтыңдар.

1-ана: мына әел тапа- тал түсте менің баламды бас салып «менің жоғалған балам»- дейді

2-ана: қатесі жоқ, би аға. Бұл менің балам. Жау шапқанда жоғалтып, көз жазып қалған едім.

1-ана: өтірік айтады, маған жала жауып, баламды тартып алмақшы бұл қу бас.

2-ана: өтірікті мен емес мына сен айтып тұрсың, оданда баламды қайтар, жалбарынып сұраймын.

1-Ана: жоқ, ол бала өзімдікі, бермеймін.

Қазыбек би:

-Жә, тоқтатыңдар дауды. Ойлануға мұрсат беріңдер.

( ойланып қалады, Шабарманына ымдап қылыш алдырады)

-менің шешімім мынау, екеуін дауласып , баланы жұлқылап бөлер болдыңдар. Мен сендерге көмектесейін. Баланы қылышпен теңдей бөліп берейін, не дейсіңдер?

1- ана: өзіме бұйырмаған бала , өзгеге де бұйырмасын.

2-ана. Жоқ. Олай етпеңіз би аға. Баламды өлтіре көрмеңіз. Баламның жолында жаным құрбан, қайда жүрсе де тірі болсын. Өлтіре көрмеңіз, құлыңыз болайын.

Қазыбек би:

  1. анаға қабағын шыта қарап, бұйыра сөйлейді)

-баланы туған анасына қайтып бер. Сен маған өтірік айттың. Туған баласына жаман да болса өлім тілеген ананы көрген емеспін, бер баланы.

1-ана: кешіріңіз мені би аға, баланы арбаның астынан кішкентай кезінде тауып алып бауырыма басқан едім....


1-жүргізуші:Зарина.

Ана баласының ғана амандығын , бақытын ғана емес бүкіл адамзат атаулының амандығын тілеп,сол ниетте еңбек етеді.

2-жүргізуші: Полат.

Ия, Меккеге үш рет арқалап апарсаң да ананың ақ сүтін ақтай алмайсың деген екен дана халқымыз. Ананың саулығы ел үшін де, бала үшін де қымбат. Аналарымыздың баға жетпес еңбегі үшін бас иіп, алғыс білдіреміз!

«Қара жорға» биі

Заринаның әні.

Мұғалім: Даладай кең пейілді, мол мейрімді кім? Ол-Ана

Адалдыққа баулыдың әуел бастан,

Сақтадың оттан, судан, тау мен тастан.

Ақ ботаңды демей гөр, беу, анашым

Үлкен өмір жолында аяқ басқан.

-Ал енді балалардың отбасында тек жақсы тәрбие беруге тырысатын аналарының асыл өсиеттерінен көкейлеріне не түйгенін тыңдайық.

Мадина:

Қолың жеткен табысқа таспа дейсің,

Кем болдым деп біреуден саспа дейсің.

Абай бол, ботақаным, айналаңа,

Жаман жолға ешқашан барма дейсің.

Юлдашбекова М:Ар-ұятты ешқашан сатпа дейсің,

Тас атқанға қайта тас атпа дейсің.

Ала жібін аттама ешбір жанның,

Жаман атқа боташым, батпа дейсің.

Мұғалім: Анаға қарап қыз өсер, атаға қарап ұл өсер демекші өз ата-аналарыңның абыройын әрдайым асқақтатып жүріңдер.


«Мард жігіттер» биі

2-жүргізуші: Енді отбасын, ата-анасын қадірлеуге , үлкенге құрмет туралы халық мақалдарына құлақ асайық.

1. Ұлдың ұяты- әкеге, қыздың ұяты- шешеге.

2. Әке- асқар тауың,

Ана- шалқар көлің.

3. Ананың қарызынан Меккеге үш рет арқалап апарсаңда құтылмайсың.

4. Басаның бас ұстазы – ата-ана.

5. Әкеден- ақыл, анадан- мейір.

6. Атасы тұрып ұлы сөйлегеннен без,

Анасы тұрып қызы сөйлегеннен без.

7. Мейірі мол ананың –

Жүрегі жылы, қолы кең.

8. Кең пейілді атаның

Жүзі жылы, жолы кең.

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

9. Үлкенді сыйласаң- қадірлі боласың,

Кішіні сыйласаң –құрметті боларсың.

10. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.

11. Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.

12. Адалдық –ана сүтінен.

Папури биі.



1-жүргізуші: Зарина.

Ана деген –ақ көңіл

Күнмен бірге күледі.

Ана десе шат көңіл

Шарықтайды үнемі.


2-жүргізуші: « Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әні. Хор



Мұғалім:Сыйлаған өмір сендерге,

Қастерле ананы, ардақта.

Жүректен терең сезіне

Қадірлей біл әр уақытта.






1-жүргізуші.

Осымен бүгінгі 7-«а» сынып оқушылары әзірлеген «Ана- өмірдің гүлі» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

2-жүргізуші.

Көктем мерекелері отбасыларыңызға бақыт әкелсін, аналарымыз аман болсын. Келесі жүздескенше сау болыңыздар.


Құрметті де аяулы аналар сіздерді және бір халықаралық әйелдер күнімен, аналар мерекесімен құттықтаймыз! Осындай әдепті те өнегелі перзенттерді тәрбиелеп өсірген сіздерге қанша құрмет жасаса да аз. Дегенмен балаларыңыздың өздеріңізге арнаған сыйлығын қабыл алыңыздар. Сіздерге перзенттеріңіз тек қуаныш сыйласын. Жүздеріңізден шаттық күлкісі кетпесін. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың рахатын көріңіздер.





























1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!