Мақсаты:Балаларға сегізінші наурыз
мерекесі туралы түсінік беру.Аналарға деген
қамқорлық,қайырымдылық,мейрімділік сезімдерін
қалыптастыру.Сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күні екенін
түсініктерін кеңейту.Аналарына,әжелеріне құрмет сезімдерін
тәрбиелеу.
Қатысушылар:Жүргізуші,
көктем!
Әсем әуенмен балалар ән күй
залына кіріп,жарты шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші:Қымбатты
аналар,әжелер,қонақтар.Көктемнің алғашқы мерекесі 8наурыз
халықаралық аналар мерекесі құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық,мол
бақыт,отбастарыңызға
амандық,татулық,еңбектеріңізге
жеміс тілеймін.
Балаға ең
жақын,сіз-аналар,сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар.Әлемдегі
ең әсем сөз бұл-Ана.
Ана деген өмірдегі ұлы
есім,
Бақ тілесе анадай-ақ
тілесін
Ана деген ардақты ат,сен
оны,
Ана жайлы ән тыңдасаң
білесің.
Ән: «Құттықтаймын
мама»
Жүргізуші:Құрметті аналар енді
бүлдіршіндердің сіздерге арналған тақпақтарын
тыңдаңыздар
1.Мадина:Ақ
анашым,аппағым,
Өзің жайлы
таппағым,
Өзің жайлы әнім
де,
Арнадым саған бәрін
де!
2.Елдар:Ана болса
қасыңда
Басқа бақыт не
керек
Аналардың
жүрегі
Мейірімді ғой
керемет
3.Айару:Үнқатасың бал
тілмен
Еркелеймін әркүн
мен
Құттықтаймын
анашым
Сегізінші
наурызбен!
4.Айлин:Қандай бала
болмайық
Анамызға
дәріміз
Көтерсінші
көңілін
Әнсалайық
бәріміз.
5.О.Айзере: Ана-біздің
күніміз.
Ана-біздің
гүліміз,
Анамыздан
тарайды.
Біздің ана
тіліміз
Жүргізуші:Балалар,мен сендерге бір
жұмбақ жасырайын.
Ақ қар
еріп,
Су
көбейіп,
Сай салаға
толады.
Ағаш басы бүршік
атып,
Гүл бәйшешек
басады.
Бөбекетім
айтыңдаршы,
Бұл қай кезде
болады?
Балалар: Көктемде!
Жүргізуші:Иә,балалар,көптен күткен
көктем де келіп жетті.
(залға вальс әуенімен
қолындағы сыйлық салынған себеті бар Көктем
кіреді)
Көктем: Сәлеметсіздер
ме,балалар,сәлеметсіздер ме,аналар!
Сағынышпен
жеткен
Келді міне
көктем
Жайнап нұрлы
гүлі
Мерекеңіз
бүгін
Құтты болсын
аналар!
Жүргізуші:Көктем аруы ,енді сіз біздің
балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын
тыңдаңызшы.
6.Нұрақын: Мәпелеген мені
өсірген
Ризамын мен
өзіңе
Ана деген
керемет,
Сыйлап өтем
өмірде.
7.Алихан: Сеннен өскен
балалар,
Батырлар мен
даналар.
Құттықтаймын
мейраммен,
Құрметті
аналар!
8.Т.Айзере: Жанымызды
жайнатқан.
Сіздерсіз ғой
аналар.
Зор денсаулық,мол
бақыт.
Тілейміз біз
балалар.
9.Амина: Бал бөбегін
баптаған,
Анам үшін
мақтанам.
Аялайтын
біздерді,
Көп жасасын ақ
мамам!
10..Ердос:Қандай бала
болмайық
Анамызға
дәріміз
Көтерсінші
көңілін
Ән салайық
бәріміз.
Жүргізуші:Балаларымыздың аналарына
арнаған билері бар тамашалайық.
Би: Маряк
биі:(Аслан,Мейрамбек,Нұрахмет,Абылай
,Аятәлі,Алихан,Қайсар,Димаш,Али, Әсет)
Жүргізуші: Ал біздің балалар аналарына
арнап,тақпақтарын айтып берсін.
11.Аятәлі: Мамам меніңақ
мамам,
Менсіз таңы
атпаған.
Менсіз күні
батпаған,
Мен ұйықтамай
жатпаған.
12.Димаш:Аналарды
сүйеміз
Сөзін ойға
түйеміз,
Әжешім деп
ардақтап
Әдеппен бас
иеміз
13.Аслан:Гүл,гүл жайнап
бәріміз
Кіреді біздің
сәніміз
Аналардың
тойымен
Құттықтаймыз
бәріміз
14.Қайсар: Мақтанам-анам
Шат
әнім-анам
Өзіңе
тақпақ,
Жаттадым
аннам
15.Абылай:Дарасың-ана,
Данасың-ана.
Әркезде сен
маған,
Жанашыр
ана.
Көктем: Жарайсыңдар,балалар!Шынында да
аналарыңды жақсы көреді екенсіңдер.
Жүргізуші:Әрине жақсы көреді,енді
балалардың Көктем келді өлеңдерін
тыңдаңыздар.
Ән: «Көктем
келді»
Жүргізуші: Жарайсыңдар отыра ғойыңдар.
Енді аналарыңмен бір ойын ойнасақ .
Ойын: «Өз балаңды тап
»
Жүргізуші:Жарайсыңдар,аналар,ризамын
сіздерге рахмет!
16.Мирас:
Бізді өсіріп
баптаған
Жақсы болсаң
шаттанған,
«Алтыным»деп
мақтаған
Айналайын ақ
анам
17.Альфия:
Анам,анам ,ақ
анам
Мен өзіңдей ақ
балаң,
Айтқан тіліңді
аламын
Жұмсағанда
барамын
18.Нұрахмет:Әр сөзімді
жаттаған,
Жүрегімде
сақтаған,
Анашым деп
мақтанам,
Айналайын ақ
анам!
19.Надя:Весна стучится в детский
сад
Собою радует
ребят,
А сней приходит праздник
мам,
Поздравить хочеться их
нам
20.Кира:Приглашает детский
сад
Мам на праздник в месяц
март
Будем вам стихи
читать,
И красиво
поздравлять.
Би: «Көңілді
би»(Айлин,Амина,Б. Айзере,Ердос,Айару,Елдар,Нұрақын,
Мирас)
Жүргізуші: Бүгінгі біздің қадірлі де
ардақты асыл әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. «Қариясы бар
үйдің, қазынасы бар » деп халқымыз
айтқандай.
Олай болса,әр үйдің қазынасы,
сіздер аман болыңыздар.Келесі орындалар ән мен тақпақ сіздер үшін
қабыл алыңыздар.
21.Мейрамбек: Менің әжем,бұл
әжем
Айтқан сөзі,дәл
әжем
Аман болса
көреді
Қызығымды әлі
әжем.
22.Асет: Әжем өрнек
тереді,
Сырмақ отыр
оюлап.
Басы ауыра
береді,
Шай ішпес
қоюлап
23.Дария: Аман болсын
басыңыз,
Ағармасын
шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі
де,
Жүзге жетсін
жасыңыз.
24.Али: Құрт пен майын
жинаған,
Балаларға
сыйлаған.
Бұл әженің
өмірі,
Таусылмайтын жыр
маған.
Б.Айзере:Аялаған
анашым,
Мәпелеген
анашым.
Менің саған
тілегім
Қартаймашы
анашым.
Ән: «Әжемнің
шайі»
Көктем: Қандай керемет жарайсыңдар
балалар.
Жүргізуші:Көктем біздің бүлдіршіндеріміз
өзіңмен бір ойын ойнағысы келеді.
Көктем:Әрине ойнайық, менің әдемі
гүлдерімді жинасын.
Ойын: «Гүл
жинау»
Би:«Көбелектер»(Надя,О.Айзере,Т.Айзере,Дария,Альфия,Кира)
Жүргізуші:Көктем,біздің
бүлдіршіндерімізге сыйлықпен келген
боларсың?
Көктем:Әрине, бір- ақ бұл
сыйлықтарыңды тәрбиешілеріңе беремін.Сосын топқа барғасын сендерге
береді.
Жүргізуші:Балалар көктемге не деп
айтуымыз керек.
Балалар:Рахмет!
Көктем:Енді мен қайтайын сау
болыңыздар!
Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық
күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір
сүріңіз,
Қуанышты жүзіңізбен
әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана
жүріңіз.
Құрметті аналар,осымен
өздеріңізге арналған «Мерекеңмен
анашым» атты ертеңгілігіміз
аяқталды.Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре
беріңіздер.
Балаларыңыздың сіздерге,өз
қолдарымен жасаған сыйлығын қабыл
алыңыздар!
Көңілді әуенмен балалар
дайындаған гүлдерін аналарға ұсынады.
Бекітемін :
ТОО «ДИА.КZ»балбақша
меңгерушісі_________
К.Д.Таникулова
ІІ кіші «Балапан»
тобы
Тақырыбы: «Ана - гүл, ана
өмір
шуағы
»
Тәрбиеші : Ж.С
Кутмуханова
Алматы 2018