жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
АНА-ӨМІР , АНА- ЖЫР
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«АНА-ӨМІР , АНА- ЖЫР»
Сынып жетекшісі: Сағынбаева Назкен
АНА-ӨМІР , АНА- ЖЫР
- Құрметті ақ жаулықты аналар, қадірменді әжелер, қымбатты ару қыздар!
Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын! « Ана өмір, ана жыр» атты мерекелік ертеңілігімізді бастмаймыз.
Жүргізуші: Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен тарайды,
Барлық үйдің жылуы,
Аналардан тарайды,
«Айналайын ақ мамам» әні хормен орындалады.
-
Медеу. Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
-
Расул. Өмірде ана- бұлақ, ана- пана.
Өмірдегі өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен.
Талай ер, талай ақын, талай дана.
-
Шапағат. Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.

-
Әдемі. Ақ жүректе сақтаған,
Жарқын күлкін бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші келші ақ мамам.
-
Батыр. Ақыл құйған санама,
Күннен артық расында.
Күн алыста, ал, анам,
Ылғи менің қасымда.
-
Қазбек. Нұр төгіп бар мейірін,
Сәбиіне ана сақтаған.
Өмірдегі ең жетістік,
Ана сүтін ақтаған.
«Ақ мамам» әні хормен орындалады.

Жүргізуші: - Дұрыс айтасыңдар! Ана деген сөздің өзі ыстық, ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болмауы мүмкін емес. Олай болса барлық аналарға арнап ән жолдаймыз.
«Асыл әжем» әні орындалады.
-
Алдияр. Ананың біз гүліміз,
Ана - біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
-
Қуаныш. Ойнаймыз күлеміз,
Жарқылдап жүреміз .
Ананы сыйлаймыз,
Айтқанын тыңдаймыз.
«Шаттық » биі биленеді

-
Бекмахамбет. Қамқорсың ана өмірде,
Қуатым сенсің көңілге.
Әлпештеп мені өсірдің,
Ұшармын ертең көгінде.
-
Нұрбек. Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетіндегі ең жақыным өзіңсің,
Мәпелейсің, аялайсың анашым.
-
Баяман. Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анадан,
Сүйікті адам бар ма екен?
Жүргізуші: - Балалар, ана туралы кім мақал мәтел біледі? Қонақтарға арнап айтып берейікші.
«Ананың құшағы жылы,
Күннің шуағы жылы»
«Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа»
«Ананың сүті –бал,
Баланың тілі- бал»
«Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім де мақтамайды».
Жүргізуші: - Балалар, олай болса, сендермен бір ойын ойнағым келіп отыр. Ойынымыздың аты «Анаңды іздеп тап» деп аталады. Ойынның шарты: Ортаға 3 бала өз аналарымен шығады. Баларлардың көзін байлап қояды, музыка басталғанда орындықта отырған аналардың арасынан сипау арқылы өз аналарын табулары керек.
Жүргізуші: - Баларлар, Тентек болсақ ашынып,
Жақсы іс қылсақ асырып.
Бізге сақтап жүретін,
Тәттіні де жасырып.
Ол бар жерде бал жейміз,
Тосып тәтті дәмдерін.
Ертегі айтып беретін,
Білеміз бе кім екенін?
Хормен: Ол- әже
Жүргізуші: -Өте тамаша! Ендеше келесі шырқалатын әнді әжелердің қүрметіне арнаймыз.
Арайлы ақ тілекпен,
Ән жолдаймыз әжелерге.
Сағыныш сазды жүрекпен,
Жыр арнаймыз сіздерге.
Ажар мен Қуаныштың орындауында « Ақ әжем» әні.
-
Нұрлыбек . Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Немереңнің тілегі,
Аман- есен жур әжем.
-
Сағындық. Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі!
-
Ерхан. Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз!
-
Ажар.Балапанды торғайлар,
Өрт болмасын деп тілейді.
Балаларға аналар,
Дерт қонбпсын деп тілейді.
«Құттықтаймын мама, туған күніңмен» әні хормен орындалады.
Құрметті көрермендер! Ақ жаулықты аналар, әжелер! Осымен баларыңыздың әзірлеген аналар мерекесіне арналған тәрбие сағаты аяқталды.
Нұр таңды арайландыр, уа, құдайым!
Ұрпағың құрметтесін ананы әрдайым!
Мереке құтты болсын бәріңізге!
Аналардың жана берсін бағы ылайым!
Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген