Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана-өмір гүлі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне арналған сценарий ортаңғы топ балаларымен өткізіледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тақырыбы:Ана-өмір гүлі

Мақсаты:Балаларға көктем туралы түсінік беру.Ананың орнын,анаға деген құрметті ұғындыру,байланыстырып сөйлеуге талпындыру,тілін дамыту. Әдемілікті сезіне білуге үйрету.

Балалар сазды әуенмен залға кіріп, жарты шеңбер болып тұрады.

Жүргізуші:Қымбатты аналар,қонақтар,8-наурыз аналар мерекесі құтты болсын!

Бала,бала,бала ,-деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қаймақты сүттей қалқытқан.

Суық болса,жүрегі,

Қорғасындай балқытқан.

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Жұпар исін аңқытқан.

Бұл кім?

-Ана


Жүргізуші:Құрметті аналар,қадамдарыңызға гүл бітсін.Өздеріңізге арналған мерекемізді бастаймыз .


Көрініс: "Мейірімді анашым"

Бүгін Наурыздың 8-і,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі,-деп бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнаған өлең шумақтарына кезек берейік.

Дастан: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Айгерім:Әр сөзіңді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам.

Армат:Баланың да тілегі,

Ананың да тілегі,

Ауырмасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.


Айша:Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.

Аружан:Анам менің анашым,

Сені жақсы көремін.

Мерекемен бүгінгі,

Құттықтаймын мен сізді.

Бекарыс:Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз,

Әрқашанда ардақтап,

Анаға бас иеміз.

Жүргізуші:Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз баршамыз.

Сіздер үшін аналар,

Шырқап ән де саламыз,-дей отырып ,бүлдіршіндердің әнін қабыл алыңыздар.

Ән: Құттықтаймын мама , туған күніңмен.

Жүргізуші:Жарайсыңдар,балалар.Ендігі кезекті бүлдіршіндеріміздің өздеріңізге деген жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Зере:Сәби болған кезімде,

Ақ сүт берген анашым.

Анашымдай дүниеде.

Жақсы жанды таппассың.

Нұрсая:Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтайын,

Аман болшы анашым.

Айлуна:Апа,апа,апашым,

Мәпелеген қамқоршым.

Жүзіңнен күлкі айырмай,

Аман-сау жүр айырмай.

Балауса:Барлығына бірдейсің,

Қамқор ана гүлдейсің,

Жайна-жайна анашым,

Қамқоршым менің данашым.

Ақбаян:Мәпелеп ,өсірген,

Аяулы анашым.

Мейірімді мінезің,

Әлемге тараған.

Айзере:Қуанышы баланың,

Қуанышы ананың.

Бізді өсірген апатай,

Еңбегіңіз зор екен.

Жүргізуші:Балалар,жылы нұрын төгіп,көктем мезгілі де келіп жетті.Шуағы адамзатты баурап,табиғатымызды құлпыртып,әдемі бір әлемге айналды.

(осы сәтте залға музыка әуенімен көктем ханшайымы кіреді)

Көктем:Мен ,көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін.

Гүлдеп қырда егілем,

Дән боп жерге себілем

Жаңбыр болып жауам да,

Нұр боп көктен төгілем.

Шуағын төккен әлемге,

Жылуын күннің әкелем.

Мерекелеріңіз құтты болсын ақ жаулықты әжелер,аяулы аналар.

Жүргізуші:Рахмет саған,Көктем.Біздің бүлдіршіндеріміздің өзіңізге,мерекемізге арнаған билерін қабыл алыңыз,мерекмізді тамашалап,қонақ болыңыз.

Бірге болсын ойымыз.

Құтты болсын тойымыз.

Қыздарымыз шаттанып,

Би-билейді тамсанып,-дей отырып,"Ана-әке" биін қабыл алыңыздар.

Би: Ана-әке

Ұлзия:Көктем қандай көңілді,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау,алақай,

Көктем қандай көңілді.

(Осы кезде музхыка әуенімен Көбелек ұшып келеді)

Көбелек:Армысыздар,балақайлар.

Әзиз әже,назды апайлар.

Мол шуақты ала келдің,

Қуаныңдар балақайлар.

Мен құлпырған көбелекпін,

Шаттаныңдар аналар,

Бұл мереке тек сіздерге арналар.

Жүргізуші:Рахмет,көбелек біздің бүлдіршіндердің мерекеге арнап дайындаған,өлең шумақтары,билнрі бар,мерекемізге қатысып,тамашалай отырыңыз.Балаларымыздың биін қабыл алыңыздар.

Би:Қуыршақтар

Күнсұлу:Аман болса қасымда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

Айсұлтан:Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Бақшадан үйге келгенімде,

Жаным деп мені қарсы алған.

Ерасыл:Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың,

Құтты болсын мерекең,

Құттықтаймын анашым.

Абдиев Ерасыл:Құтты болсын ақ мамам,

Сегізінші наурызың.

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың.

Әлпештеген ұл-қызын.

Нұртөре:Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар.

Би:Чунга-чанга

Ойын: Гүл жинау

Көбелек:Рахмет балалар.Ойындарың өте қызықты болды.Шапшаңдықты талап етеді екен.Енді мен осы гүлдерді өзіммен бірге алып кетейін.

Ән:Қыздар-ай

Жүргізуші:Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт,ана-күн,

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.

Құрметті ата-аналар,әжелер бүгінгі мерекемізге арнап балалар сіздерге сыйлықтар дайындады,қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Құтты болсын шаттық күніміз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,

Аспанымыз ашық болып әрқашан,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз,-дей отырып,құрметті қонақтар,балалар бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Мерекелеріңіз құтты болсын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2019
337
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12