Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана өмір жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға аналарымызды құрметтеуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

15 «Әлия бөбекжайы»


« Тексерілді»

«№ 15 Әлия бөбекжайы»

МКҚК-ның әдіскері:

У.Г. Нурмухамметова__________

«___»____» 2025 жыл

« Ана-өмірдің гүлі.»





3 «Құлыншақ» ортаңғы тобы

Тәрбиешісі:Базылбекова Ш



Мақсаты: 8 Наурыз –Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар арқылы бүлдіршіндерді шығармашылыққа баулу,сұлулықты сезіне білуге,мейрімділікке, үлкенді құрметтеуге , ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Әуенмен балаларды залға кіргізу

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар тәрбиеші апайлар Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемгі гүлдей құлпыраған қыздар!

Сіздерді көктемнің алғашқы айындағы 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз! Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Ана өмірдің гүлі» атты мерекелік ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Балам балам балам деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бұл кім балалар-


Ана- деп жауап береді.

Балалар ана туралы мақал мәтелдер өте көп.Мен сіздерге алғашқы жолын айтамын,сендер жалғастырыңдар.

Ана сүті -бал,

Бала тілі-бал.


Ақ жаулығы ананың

Ақ көрпесі -баланың.

Өте жақсы,балалар.


Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.


Хор: «Ана деп ән салам»


Жүргізуші:

Асыл әжем,ақ әжем .

Ақылын тыңдап өсеміз

Асыл анам,ақ мамам

Сөзін ойға түйеміз-дей отырып балалардың әжесіне, анасына арнаған тақпақтарын қабыл алыныздар!

Ортаға балаларды тақпаққа шығару.


Мұстафа М : Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін



Ділдә : Тәттілерін сақтайды

Ақ Ділдәма- берем деп

Мен тілеймін әрқашан

Әжем аман болсын деп



Махабат: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз


Аққал Ана біздің гүліміз

Ана біздің күніміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз



Марғұлан. Анаң болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

Бекарыс-

.Бізді әлпештеп бағады

Шаршамайды анашым.

Менің анам әдемі.

Сондай тәтті тамағы.



Жүргізуші:

Ақ қар еріп,

Су көбейіп! Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек атады?

Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады? \Көктем мезгілінде \

Дұрыс айтасындар балалар

Көктем келді ,көктем келді

Жадыраған жайнаған

Жылуын төгіп әлемге

Күн шуағын сыйлаған

Балалар бізге қонаққа құлпырып жайнап көктем келе жатыр.

Көктем аруы келеді.


Гүл болып қырда егілемін

Дән болып жерге себілемін

Нұр болып көктен төгілемін

Шуақ төгіп әлемге

Қысты қуып алысқа

Көктем келді сіздерге.


Жүргізуші:Көктем Аруы қош келдің ,төрлет Көктем Аруы ! Біз сені көп күттік Әдемі бүлдіршіндермен бірге 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған балалардың өнерін тамашалаңыз !

Көктемге арнаған тақпақтарға кезек берейік.

Ақниет.

Табиғаты тамаша

Көктем келді өлкеме



Асия: Көктем келді алақай

Қуанар барлық балақай

Көктемде жаңбыр жауады

Бақшаға гүлдер толады



Бибіхан. Көктем келді жеріме

Бақ әкелсін еліме

Күн күлімдеп көгімде

Шуақ шашсын бәріне.



Мағжан Бүгінгі көктем күнінде

Барлық бала қуанар

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар.



Арсен. Көктем келді қарашы

Көктем күні әдемі.

Жүргізуші.

Ал,балалар,балалар

Ойнайық та күлейік

Кәне біздің қыздардың

Көңілді заманауи биіне

Қошеметтеп кезек берейік

Әдемі-қыздарымыздың заманауи биін тамашалаңыздар.

Көктем аруы көктем аруларымен бірге билеңіз.



Жарайсыздар қыздар-билерің қандай әдемі

.Енді асыл әжемізге арнап «Жақсы көрем әжемді» атты әнді шырқайық

Ән хормен айтады.

Көктем аруы қоштасып кетеді.



Рахмет, сендерге балалар менің сіздермен ән айттым би биледім

Сендер өнерлі әнші,биші екенсіңдер жарайсындар

Мені тағыда балалар күтіп отыр сауболыңыздар.

Жүргізуші.

Сау болыңыз. Көктем аруы Айналаға шуақ шашып ,күн нұрын төгіп жүріңіз

Көктемді шығарып салу



Ардақты асыл әжеге,ақ сүт берген анаға арналған тақпақпақтарды жолдайық.



Амирхан .

Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Ауырмашы,ай әжем

Айлин.

Еркелеткен ақ әжем

Аман болшы жан әжем.

Кемер.

Жақсы көрем әжемді

Жақсы көрем анамды

Қолғанат боп әрқашан

Қасында мен жүремін

Әділет.

Құтты болсын мерекең

Аппақ менің анашым.


Марғұлан А .

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мұстафа Т.

Аналарды сүйеміз

Әдеппен бас иеміз

Ислам.

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Лайсан .

Асыл ардақ анашым

Кұтты болсын мерекең


Жүргізуші .

Өте тамаша,керемет жарайсыңдар.

Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір ұлдар биі.

Қол соғып демеу берер көрермендер.


Би «Супер аспаздар » биі.

Барлық ұлдар билейді.

Тақпақтарды жалғастыру.



Диас.

Асыл ардақ анашым

Кұтты болсын мерекең

Омар:Құтты болсын мереке.

Аппақ менің анашым.

Ойын. Сұлулық салон

Ұлдар ортаға аналарын шығарып шаштарына қыстырғыштар тағады.Музыка әуені тоқтаған кезде ең әдемі шаш үлгісіне марапат береді.

Әдемі шаш үлгісі.

Сәнді шаш үлгісі

Үздік шебер -атты марапат хатпен табыстау.

.



Жүргізуші. Керемет жарайсыңдар.

Шағын мерекелік көңілді әуенді кешті тамашалаңыздар

Әсем қала Алматыдан келген өнер жұлдыздарын ду қол шапалақтап қарсы алыңыздар. Ортада «Анаға сәлем» әнімен Муз Арт тобы.

Мағжан

Амирхан

Марғұлан А

Жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді.

Сегізіңші наурызбен.

-дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
57
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11