жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ана-өмір шуағы
Мақсаты: Балаларды мейірімдікке аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу;
Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
Дүниеде жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімімен таралатынын ұғындыру.
Жүргізуші: Қымбатты аналар, апа-сіңлілер! Көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз аналар мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан бақыт, деніңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке, ана жүрегінің аяулы да жылы лебізін сыйлаймыз!Сіздерге арналған жақсы тілектерді өз бүлдіршіндеріңізден қабыл алыңыздар.Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.Сіздерге арналған «Жұлдыз» тобының дайындаған «Ана-өмір шырағы» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Аналар күні бүгін халықаралық,
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық.
Ұйтқысы жанұяның берекеміз,
Аналар құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан аналарымыз аман болсын,
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз.
Ендеше «Жұлдыз» тобының бүлдіршіндерін қол соғып қошеметтеп қарсы алайық.(Бүлдіршіндер орындарына жайғасады).
Жүргізуші: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашалық,
Аналарды құттықтап
Ән маржанын шашайық.
Ендеше бүлдіршіндеріміздің орындауында «Құттықтаймын мама туған күніңмен» әнін тамашалаңыздар.
Нұрын төккен маған шуағымсың сен,
Айналайын мама қуанышыңмен,
Шаттандырған мені жұбанышың сен,
Құттықтаймын сені туған күніңмен.
Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля
Аялаған мені ән қанатыңмен,
Құттықтаймын сені салтанатыңмен,
Бақытты ғой заман, қандай көңілді,
Мен тілеймін саған ұзақ өмірді.
Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля
Жүргізуші: Үйренеміз өнер біз,
Шетімізден шеберміз,
Аналарды құрметтеп,
Би-билепте береміз
.
Ендігі кезекті балаларымыздың «Карапузы» биін тамашалайық.
Келесі кезекте бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнаған тақпақтарына кезек береміз.(Альфия,Назерке,Венера,Айтбек,кәусар,Мадияр,рахман,Қалнар).
Альфия: Ақ анашым аппағым, Назерке: Анам менің ақ анам,
Өзің жайлы тақпағым, Менсіз таңы атпаған,
Өзің жайлы әнім де, Менсіз күні батпаған,
Арнадым саған бәрін де. Мен ұйықтамай жатпаған.
Венера: Әлпештеген баласын, Айтбек: Ана-көркі көгімнің
Ана-бақыт,ана-күн, Ана-нұры жерімнің,
Әркім сүйіп өзінің Ана-бағы баланың,
Мақтан етер анасын. Мақтанышы елімнің.
Кәусар: Бүгін наурыздың сегізі, Мадияр: Сіздерден өскен балалар,
Сұлулықтың негізі, Батырлар мен даналар,
Әдемі сөзі адамның Құттықтаймыз мейраммен,
Анаға айтар лебізі. Құрметті абзал аналар.
Рахман: Әр сөзіңді жаттаған, Қалнар: Бал бөбегін баптаған,
Жүрегімде сақтаған, Анам үшін мақтанам,
Анашым деп мақтанам, Аялайтын біздерді,
Айналайын ақ мамам. Көп жасасын жақсы адам.
Жүргізуші: Десекте уақытпен жарыспайды,
Қиялға қияменен ғарыштайды.
Бүлдіршіндер шын жүректен тебіреніп,
Билерін аналарға бағыштайды.
Келесі кезекте балаларымыздың орындауында «Орыс» биі.
Жүргізуші: Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем апамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем әжемді.
Деп,балаларымыздың әжелеріне арнаған тақпақтарына кезек береміз.(Бекарыс,Нұрасыл, Гүлжанат,Әулет,Д.Айару,Дінмұхамбед,Махамбед,Әділбек).
Ғалымжан: Әжемдей данадан, Д.Айару: Әр сөзіңді жаттаған,
Ертекке қанамын. Жүрегімде сақтаған.
Шақырса даладан, Анашым деп мақтанам,
Жүгіріп барамын. Айналайын ақ мамам.
Игілік: Мені жақсы көреді, Әулет: Менің әжем,ақ әжем,
Көп ертегі біледі. Айтқан сөзі дәл әжем,
Күндей күліп келеді, Аман болса көреді,
Маған айтып береді. Қызығымды әлі әжем.
Рахман: Ананы біз сүйеміз, Димош: Бәрімізге анасың,
Сөзін ойға түйеміз, Біз үшін күн боп жанасың,
Әжені де ардақтап, Құтты болсын мейрамың,
Әдеппен бас иеміз. Құттықтаймын анашым.
Махамбед: Анаң болса қасыңда, Әділбек: Анам менің аппақ,
Басқа бақыт не керек? Үйретеді тақпақ,
Аналардың жүрегі Алам оны жаттап,
Мейірімді ғой керемет. Айтып берем өзіңе,
Қуанады мақтап.
Жүргізуші: Көңілді өскен балалар,
Күлім қағып тұрады.
Тойымызға сән беріп,
Шырқатып әнге салады.
Ән: Ақ әжем
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп мені.
Құлыншағым, күнім дейтін.
Қ-сы.
Менің әжем, ақ әжем.
Алтын әжем, күн әжем.
Шаршамайтын, шаршамайтын дана әжем
Әлемдегі ақылды адам.
Бәрінен де, жақын маған.
Ол жанымда жүрсе егер
Батырларша, батылданам.
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді, мақтан қылып.
Мәпелеген ақ әжемді.
Жүрсем деймін, шаттандырып.
Жүргізуші: Мың бұрала арулар,
Шықты міне ортаға,
Желпуішін қолға алып,
Би-билейді шаттана.
Ендеше қыздарымыздың орындауында қытай халқының ұлттық биін тамашалаңыздар.
Би: Қытай биі.
Жүргізуші: Жыршы құстар көп келді,
Гүлдер жапты бөктерді,
Кел балалар бәріміз,
Қарсы алайық көктемді.
Көктем: Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін,
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал еккенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем,
Жаңбыр болып жауамда,
Нұр боп көктен төгілем,
Шуағын төгіп әлемге,
Қуатын күнге әкелем,
Табиғаттың төсіне,
Тіршілігін әкелем.
Балалар мен сендерге ойын алып келдім, ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Кім жылдам»
Жүргізуші: келесі кезегімізді тағы да тақпақтарымызға береміз.
(Игілік, Е.Ақниет, Данияр,Нұршат,Ғалымжан,Жаннұр,Т.Айару,Әли Бағлан)
Гүлжанат: Шомылып нұрға атырап, Е.Ақниет: Бала, бала, бала деп,
Ағаштар жайды жапырақ. Түнде шошып оянған
Далаға бірден таралды, Түн ұйқысын төрт бөліп,
Гүлдерден жұпар шашырап. Түнде бесік таянған.
Данияр:Анам менің ардақты, Нұршат: Шашымды өріп тараған
Әкем менің салмақты, Қабағыма қараған
Бұл екеуі өмірде, Үлкен кіші демейді
Бәрінен де қымбатты. Сыйлайды оны бар адам.
Бекарыс: Көктемде көңілді, Жаннұр: Баланың да тірегі
Құстар кеп жатқанда. Дананың да тірегі
Құлпыртып өңірді, Шаншымасын ешқашан
Гүл ектік бақтарға. Аналардың жүрегі
Нұрасыл: Біз доспыз гүлдермен, Әли Бағлан: Айналдым ана деген асқақ аттан
Текке оны жұлмаймыз. Ұлыңмын ақа мініп көкпар шапқан
Той күні бір-бірден, Бүгінгі бұл мереке сіздердікі
Анаға сыйлаймыз. Мейрамың құтты болсын болып жатқан.
Ислам: Анаң-гүлің жүрегің
Әкең-өмір тірегің
Сен бақытты ұлансын
Бәрі саған қуансын.
Ендеше,құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндеріміз Қалнар мен Әділбектің орындауында «Менің анам – алтын» әнімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Осы күнді бар бала,
Тағатсыз-ақ күтеді,
Өз қолымен жасаған,
Сыйлықтарын сіздерге,
Сыйлайтұғын сәт келді.
Балалардың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Құтты болсын осы шаттық күніміз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Осымен «Жұлдыз» тобы бүлдіршіндерінің дайындаған «Ана-өмір шырағы» атты ертеңгілігі аяқталды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген